Тарих және педагогика факультеті



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі34,17 Kb.
#126435
  1   2   3

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Тарих және педагогика факультеті

Баяндама
Тақырыбы:Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Орындаған:Қалмаханова Ж.Е.


Қабылдаған:Шатаева.А.М

Шымкент,2021


Ринолалия (грекше «rhinos» - мұрын, «lalia» - сөйлеу) – бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылуы. Дыбыстың бұзылуы мен дауыс әуенінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалиядан дислалия мен ринофонияны ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады. Оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының қатынастарының бұзылуы.
Адамның фонациясы қалыпты жағдайда барлық дыбыстарды айтқан кезде мұрын - жұтқыншақ пен мұрын қуысы, жұтқыншақ және ауыз қуыстарынан ажырайды. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың жанындағы және артқы бойының бұлшық еттерінің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылы мен жұтқыншақтың артқы жағының (Пассаван валигі) қалыңдауы пайда болады. Ол жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың бір - бірімен қабысуына мүмкіндік туғызады. Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстың айтылуы мен сөздің шапшаңдылығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әр түрлі биіктікке жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылған дыбысқа байланысты және ол дауыссыз дыбыстарға қарағанда дауыстыларда аз қабысады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының арасындағы 6 мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарды мұрыннан естілетін үн пайда болады. Таңдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы дауыссыз «в» дыбысында, ал ең мықты қабысуы «с» дыбысын айтқан кезде болады. Бұл қабысуы дауысты «а» дыбысын айтқандағыға қарағанда алты-жеті мәрте күштірек десе болады. «М», «н», «ң» мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағыны мұрын резонатарының кеңістігіне емін еркін кіріп кетеді.
Таңдай мен жұтқыншақтың қабысу қызметтері бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады: ашық, жабық (бітеу), аралас. Ал этиологиясына байланысты органикалық және функционалды деп бөлінеді.
Ринолалияның барлық түрлерінің негізі сөйлеуаппаратының шеткібөлімініңтұтастығының бұзылуы.
Ашық ринолалиядабарлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде ауа жұмсақ және қатты таңдай жарықшағының салдарынан тек қана ауыз арқылы емес, сонымен қатар мұрын қуысы арқылы өтеді. Ауыз бен мұрын жолы аралығындағы қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де, сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады, егер ауыз бен мұрын жолдарының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір жері ашық қалса ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен мұрын жолы қақпа бұзылған жағдайда, әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде, үннің әуені өзгереді, дауысты дыбыстардың ішінде «и» мен «у» дыбыстарының әуендері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстардың артикуляциясында ауыз-жолы басқасына қарағанда көбірек тарылады. «Е» мен «о» дыбыстарын айтқанда үн әуезділігі білінер білінбес ғана естіледі. Ал «а» дыбысының мұрыннан естілуі білінбейді десе де болады, өйткені ол дауыстыны айтқанда ауыз жолы кең ашылады. Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуезділігінің бұзылуымен қатар, кейбір дауыссыз дыбыстардыңда үн әуезділігі бұзылады. Ызың және фрикатифті дыбыстарды айтқан кезде мұрын қуысында қырылдап естілетін дыбыс пайда болады. Шұғыл (п, б, д, т, к, қ, ғ, г) дыбыстарын айтқан кезде де үн әуезділігі ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды, сондықтан дыбыстар анық айтылмайды. «Р» және «Л» дыбыстардың да айтылуы бұзылады. Ашық ринолалияда «р» дыбысын шығару кезінде ауыздан шығатын ауа ағынының әлсіздігінен тілдің ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді. Ашық ринолалияны анықтау үшін әр түрлі әдістер қолдануға болады. Ең жеңілі – Гуцман сынағы (пробасы). Балаға мұрын жолдарын біресе ашып, біресе жауып отырып, кезекпен «а» және «и» дыбысын қайталатады. Ринолалияның ашық түрінде дауысты дыбыстардың айтылуы негұрлым бұзылады. Мұрын жабық кезінде дыбыстар, әсіресе «и» дыбысы, үнсіз айтылады. Сонымен қатар мұрын қанаттарында өз саусақтарымен қатты дірілді сезеді. Тексеру үшін фонендоскоп қолдануға болады. Тексеру жүргізіп жатқан адам «оливаны» өз құлағына, ал екіншісін баланың мұрнына тығады. Дауысты дыбыстарды, әсіресе, «у», «и» дыбыстарды айтқан кезде қатты гуіл естіледі. Ұзақ айтылатын «ф», «с», «ш» дыбыстарын айтқанда қырылдаған дыбыс шығады немесе леп сезыледы
РЕКЛАМ
Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет