Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз



Дата25.11.2023
өлшемі21,95 Kb.
#126377

  1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз

Ежелгі адам өз дамуында бірнеше кезеңдерден өтті. Оның негізінде тас өндеу техникасының жетілдірілу және онымен байланысты енбек ендірісінің материалдық және рухани мәдениеттің дамуы жатыр. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, кола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тұрады.
Палеолит кезеңі ежелгі және кейінгі палеолитті құрайды. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (2.6 млн жыл-700 мың жыл), ашель (700 мың-150-120 мың жыл) және мустье(150-120 мың – 35-30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т.б. бөлініп шыққан. Алғашқы қауым өнері – мамонт сүйегі мен тастардан мүсін жасау, сүйек бетіне, бетіне бедерлі ою-өрнек,үңгір қабырғаларына түрлі-түсті сурет салу ісі пайда болды. Осы кездерде рулық ұйым барлық жерлерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланды.
Б.э.д. 12 мың жылдықтан 5 мыңжылдың аралығын қамтыған орта тас дәуiрi болып саналатын мезолит кезеңiндегi жетiстiк садақ пен жебенiң кең қолданылуы болып табылады. Сондай-ақ еңбек құралдарын дайындауда техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттiң ең жалпы ерекше белгiлерi деп санауға болады.
Сондай-ақ неолит кезеңiнде басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуы атап айтқанда кен өндiру, қыш құмыра iсi, тоқыма iсi қоғамның дамуына өз ықпалын тигiзбей қоймады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнісдерін иемдену орнына , жиын – терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады.

2.Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауын сипаттаңыз


Орташа антропогеннін басталуымен жылыну жане климаттың ылгалдану фазасына байланысты, содан кейін тау сілемдеріндегі екі есе мұздану және жалпы салкындау. Бул кезен Хазар фауналык кешеніне сәйкес келеді. Орта антропогендік уакытта Казакстан тауларында барлык жерде каркынды тектоникалык козгалыстар орын алды. Тау курылысы процесі журіп жатты. Катарынан екі тау муздыгынын нәтижесінде озендер мен келдердін су режимі бузылып, гидрографиялык желі өзгерді. Казакстан аумагында улкен және кіші өзендердің заманауи арналарын калыптастыру басталды. Сырдария Буктырма өзені мен Ертіс анғары бойындағы сулардын ішінара тусуінен кейін Қызылқоғырлардың сортаңды ойпаттарымен жол салды, Зайсан көлі ағысқа айналды, ал Капшағай устіртінің тектоникалык көтерілуі нәтижесінде қазіргі Орта ағыс орнында көл пайда болды. Муздыктардың еруіне байланысты Солтүстік Каспийдің ойпатты жазыгы Каспий тенізінін суларымен жабылган, ал соңына карай орта антропогендік дәуірдін аягында теңіз өзінің көлемін қыскартты. Казакстаннын жазык кеністігі (Ертіс өңірі, Балқаш өңірі) негізінен орманды дала мен дала алып жатты, онтустігінде жусанды шөлдер басым болды. Тянь-Шаньда жане баска тау жоталарында карагай, шырша, кайын,Линден, муйіз, алдер өсті. Орта антропогендік дәуірде Хазар фауналык кешені деп аталатын Жануарлар кеңінен таралды. Трогонтериялык пілдер, ірі және сонымен бірге кыска аякты жануарлар, кішкентай шашты мамонттар буталы Дала мен шалғындарда жүрді. Мол тамак беретін шалғынды жерлерде және далада узын муйізді бизондар мен ірі муйізді бугылар жайылды. Жогаргы антропогенде салкындау сакталды, климат казіргі заманга караганда суык болды. Сол кезеннен бастап бізге мамонт немесе жоғарғы палеолит фаунасынын, калдыктары келді. Акырында, голоценде (казіргі антропоген) климат пен казіргі фауналык кешен калыптасты.
3.Қазақстан - жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы болғаны туралы баяндаңыз
Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді .. Ал ең алғашқы фактілер Солтүстік Қазақстан облысы Ботай ауылы маңындағы археологиялық ескерткіштер дәлелдеп берді. Оны тарихта Ботай мәдениеті атымен белгілі болды.
Бұл қазбаларда іші толған құмыралар, ыдыс-аяқтар табылып, оларға сараптама жүргізілді. Сараптамалық нәтижелер ыдыстардың түбінде қымыздың ДНК молекулалары анықталды.
Бұл дегеніміз сонау энеолит заманында Ботай мәдениеті, ал бұл андронов мәдениетінің алғашқы кезеңдері, ежелгі адамдар бұл территорияны мекендеген жылқыларды қолға үйретіп, мал шаруашылық өнімдерін тұрмыста пайдаланған Ботай мадениетіне дейін тарихшылар жылқы алғаш рет Еуропа жерінде қолға үйретілген деп санап келген. Тек Ботай мәдениеті ашылғаннан кейін жылқының алғаш рет Солтүстік Қазақстанның аумағында қолға үйретілгені ғылыми түрде дәлелденді. Ботайлықтар тек жылқыны қолға үйретіп қана қоймай, тұғыш болып қымыз ашытуды да ойлап тапқан. Олардың қымыз ашыта білгендігінің дәлелелі табылған қыш ыдыстың қабырғасындағы май қышқылдарының дағымен байланысты. Ал ыдыс қабырғасындағы дақтар бие сүтінің ізі екені анықталған. Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл жылкының ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.
4. Қазақстан территориясында табылған Андронов мәдениетінің ескерткіштерін сипаттаңыз
Қазақстан территориясындағы зерттелген қола дәуiрiнiң мәдени ескерткiштерi Андронов мәдениетi деген атаумен аталды. Бiрiншi ескерткiштiң табылған жерi Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда шартты түрде Андронов мәдениетi’’- деп аталды. Андрон мәдениетінің басқа мәдениеттерден айыратын негізгі этникалық белгісі - жерлеу ғұрпы ( қол-аяғын бүгіп жерлеу)

Алғашқы рет Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново ауылында 1913 жылы Б.Г. Андрианов тапқан. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андроново ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. Андроново ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андроново мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Қазіргі Қостанай облысында Садчиков қонысы, Ақмола облысындағы, Зеренді ауданындағы Павловка (Шағалалы) қоныстары - Андроново тарихи-мәдени қауымдастығының айшықты ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы ескерткіштері — Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан - Тегіскен кесенесі ашылды.

5. Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі ескерткіштер туралы баяндаңыз


Энеолит (латынша мыс және грекше тас) тас ғасыры мен қола дәүірінің аралығындағы археологиялық өтпелі кезең, яғни тас-мыс кезеңі. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Халықтың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Қоғамдық қатынас – рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштер әзірге көп емес. Оларға Иманбұрлық, Сексеуілді –1, -2, қоныстарының қабаттарын Павлодарға жақын жерде Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болады.
Кейбір ескерткіштер көрнекілігімен, құрылыстарының күрделілігімен ерекшелінеді. Мыстытас, Беғазы ескерткішін тұрғызу үшін салмағы 3 тоннаға жететін алып мәрмәр тастар қолданылған. Батыс Қазақстандағы Тастыбұтақ 1 (Федоров кезеңі) қорымында мәйіттер қабірге немесе жалпақ тастан жасалған жәшіктерге салынып жерленген. Кей жағдайларда мәйітті өртеу рәсімі де кездеседі. Орталық Қазақстанның Нұра кезеңіне жататын жерлеу рәсімі, негізінен, мүрдені өртеп тас жәшіктерге немесе табытқа салу болды. 
6. Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде баяндаңыз
7. Атасу кезеңіндегі андронов тұрғындарының мәдениеті туралы баяндаңыз
8. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін сипаттаңыз
9. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағын атаңыз
10. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті туралы сипаттап жазыңыз
11. Ерте темір дәуіріндегі сақ тайпаларының қоғамдық құрылысы және мәдениеті туралы баяндаңыз
12. Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары туралы баяндаңыз
13. Сақтардың мәдениеті: тұрғын үй және киімі туралы жазыңыз
14. Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптарын сипаттаңыз
15. Ерте темір дәуіріндегі сақтардың бейнелеу өнері туралы жазыңыз
16. Ғұн және үйсін мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық қатынастарын жазыңыз
17. Үйсіндердің тұрғын үй, тұрмыс және үйдегі өндірісін сипаттаңыз
18. Жетісу жәнеТянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері туралы баяндаңыз
19. Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы, шаруашылығы және діни нанымдары туралы жазыңыз
20. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы туралы баяндаңыз
21. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
22. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері туралы жазыңыз
23. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы туралы жазыңыз
24. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы маңызын атап өтіңіз

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет