Сөйлеу кезінде сөздер кейде жеке тұрып‚ көбіне екіден‚ тіпті үш-төрттен топ құрап айтылады. Мысалы‚ Үш күндік жолдың бүгінгі‚ соңғы күніне‚ шәкірт бала барын салды. (М. Әуезов). Осында: үш күндік жол‚ соңғы күн‚ шәкірт бала‚ барын салды



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата19.01.2023
өлшемі123,38 Kb.
#61976
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6


10-лекция 

БУНАҚ 
 
Сөйлеу кезінде сөздер кейде жеке тұрып‚ көбіне екіден‚ тіпті үш-төрттен топ құрап айтылады. 
Мысалы‚ Үш күндік жолдың бүгінгі‚ соңғы күніне‚ шәкірт бала барын салды. (М. Әуезов). 
Осында: үш күндік жол‚ соңғы күн‚ шәкірт бала‚ барын салды дегендер өзара тіркесіп‚ топ 
құрап тұр. Сөйлеу кезінде де бұлар жұбын жазбай‚ әрқайсысы өзіндік ырғаққа ие болады. Тек 
бастауыш болып тұрған бала сөзі өзінің алды-артына тұрған анықтауыш‚ баяндауышты бауырына 
тартып шәкірт‚ бала барын салды түрде тұтаса айтылуға тиіс. Бұдан сөйлемдегі сөздердің сөйлеу 
кезінде тұтасып немесе жеке-жеке тұрмай‚ топ құрап‚ әрқайсысы өзіндік екпін‚ ырғақпен 
айтылатынын аңғаруға болады. Осындай топтар ритмикалық топтар‚ ырғақтық топ делініп 
жүр. Мұны синтаксистік тіркес‚ синтагма (гр. syntagma – тұтасқан бірдеме)‚ фраза (гр. phrasіs – 
сөз‚ сөйлеу орамы) деп те атайды. 
Ырғақ – кейбір белгілері жағынан өзара бірдей‚ немесе біршама жуық элементтердің 
қайталануы. Бұл әсіресе өлең жолдарынан жақсы аңғарылады. Өлеңге тән буын‚ бунақ‚ ырғақ 
сияқты негізгі элементтердің әр тармақ‚ шумақта қайталануында белгілі бір тәртіп‚ жүйе болады. 
Бұл жөнінде алғаш А. Байтұрсынов жақсы айтқан: “Сондай-ақ сөздің өлең болып‚ көңілге 
ұнап‚ реттілігінен туатын қасиет сөзді айтқан кезде сағаттың шық-шық еткенінің‚ тамыр бүлк-
бүлк соққанының арасы қандай бірдей болса‚ сөз сөйлегендегі дауыс ырғағының арасы да сондай 
бірдей болады. Сөйтіп дауыс ырғақ-ырғағы сөзді бірдей-бірдей буынға бөледі. Сондықтан сөз 
табиғи негізде қамыс сияқты бунақ-бунақ буыны бар нәрсе болып шығады. Өлең ырғағы жорға 
жүрісінің айналуы‚ теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады. Бұл ырғақ сөйлемдердің ішіндегі 
буын санының бірдейлігімен‚ кестелерінің реттілігімен‚ сөздердің әуездес ұқсастығымен келетін 
ырғақ”
1

Олай болса‚ ырғақтық топ деп отырғанымыз – бунақ. Сонда сөйлем бунақтарға‚ бунақ 
сөздерге‚ сөздер буындарға‚ буын дыбыстарға ажырайды. Әрине‚ қара сөздегі бунақ пен өлеңдегі 
бунақтың ұқсастығымен қатар өзіндік ерекшелігі бар. 
“Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады. Әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ 
дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді 
айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы”... Бір бунақтағы буынның азы 
екеу‚ көбі төртеу болады”
1

Қазақтың қара өлеңінің әр тармағы (жолы) үнемі үш бунақты болып‚ он бір буыннан құралады 
және әр бунақтағы буындардың қайталануында да заңдылық бар. Олар көбіне 4-4-3‚ 3-4-4 және 4-
3-4 буынды болып келеді де‚ өзара ритм (ырғақ)‚ ағымы (әуені) жағынан ерекшеленеді. Енді бір 
шумақ өлең қарастырайық: 
/Ай қабақ/‚ алтын кірпік‚/қызыл ерін ‚ 
/Кел десең‚/неге аяйын/аттың терін// 
/Сары ағаш/сазға біткен/секілденіп‚/ 
/Қай жерде/отыр екен/бұраң белім/ 
(Халық өлеңі) 
 
Бұл шумақтың әр тармағында үш бунақ бар (олар таяқшалармен ажыратылған). Бунақтардағы 
буындардың саны – 3-4-4. Әр бунақ өзіндік‚ екпін ырғағымен ерекшеленеді. Яғни әр бунақта (ол 
бір сөз де‚ бірнеше сөз де болуы мүмкін) бір-ақ екпін болады. Ол бунақ екпіні деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет