Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға
назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа
ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет,
адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды
жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы
керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды
зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі
пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған
тікелей байланысты. Сондықтан
зетртеудің негізгі мақсаты
– нарықтағы тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны
ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның
техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға
саясаты.
Тауар және оның жіктелуі.
ТАУАРЛЫҚ
АССОРТИМЕНТ
дегеніміз
функционалды жэне тұтынушылық
сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары
бойынша ұқсас тауарлардың тобы.
ТАУАР НОМЕНКЛАТУРАСЫ
- нақты
сатушылардың сатып алушыларға
ұсынатын тауарлар мен тауар
бірліктерінің барлық ассортименттік
топтарының жиынтығы.
ТАУАР
САЯСАТЫ
ТАУАР САЯСАТЫ
ДЕГЕНІМІЗ
- тауар
ассортимент
қалыптастыру бойынша
олардың жаңа түрлерін жасау, сапа және
бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өмірлік
циклін талдау, тауарлық белгілерді
пайдалану, буып-түю, орау, таңбалау жэне
сервистік қызмет көрсету бойынша шешім
қабылдауды қажет ететін фирманың көп
факторлы қызмет көрсету аумағы