Таусоғарова А



бет1/33
Дата14.03.2023
өлшемі0,57 Mb.
#74205
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33



АЛҒЫ СӨЗ
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің бакалавриат бөлімінде оқытылатын Когнитивтік лингвистика теориясы атты курстың оқу-әдістемелік құралы болып табылады. Оқу-әдістемелік құралдың теориялық және практикалық мақсаты – курс бойынша тақырыптық және мазмұндық құрылымға қатысты бағыт-бағдар беру.
Курс студенттердің когнитивтік лингвистика пәнінің зерттеу нысандары, қалыптасуы мен негізгі бағыты, адамның ойлау жүйесінің табиғаты, ішкі дамуы мәселелерін тіл арқылы зерттеу тұрғысында білім алуларына мүмкіндік береді.
«Когнитивтік лингвистика теориясы» курсының мақсаты когнитивтік лингвистика пәнінің зерттеу нысандарынан, қалыптасуы мен негізгі бағытынан толық мәлімет беріп, адамның ойлау жүйесінің табиғатын, ішкі даму механизмдерін тіл арқылы тану мәселелерін оқытуға бағытталады.
Курстың негізгі міндеттері:

    • Когнитивтік лингвистика пәнінің негізгі ұғымдарын жүйелі түрде меңгерту;

    • когнитивтік лингвистика шешіміндегі міндеттермен таныстыру;

    • антропоцентристік бағыттардың бірі ретінде когнитивтік лингвистиканың сипатын, маңызын түсіндіру;

    • адамның әлем туралы білімінің сақталу механизмі жөніндегі теориялық мәселелердің қарастырылу жайларынан студенттердің түсінігін қалыптастыру;

    • әлем жөніндегі адам білімінің қарым-қатынас үдерісінде тілде тармақталу сипатын көрсету;

    • концептіні лингвомәдени ортаның адам санасында орамдалған түйіні ретінде тани алу қабілетін қалыптастыру;

    • адамның әлем туралы ұлттық-мәдени танымын бейнелейтін концептінің менталды сипатына талдай жасау дағдыларын жетілдіру.

Аталған пәнді оқу нәтижесінде студенттер «Когнитивтік лингвистика» пәнінің негізгі ұғымдарын, пәнін, зерттеу нысандарын, мақсаттары мен міндеттерін; когнитивтік лингвистиканың антропоцентристік бағыт ретіндегі сипатын; адамның әлем туралы білімінің сақталу механизмі жөніндегі теориялық мәселелердің ғалымдар тарапынан қарастырылуын және сол тұрғыдағы теорияларды; әлем жөніндегі адам білімінің тілдегі тармақталуы, концептілерде жинақталу сипаты турлы білімді, сондай-ақ мәдениеттің тірек концептілерін – әлем бейнесінің басты бірліктері, мәдениет константтары жөнінде біліп, когнитивтік лингвистиканың базалық ұғымы ретінде танылатын концепті құрылымына талдау жасап, әлемнің тілдік бейнесінің элементі ретінде стереотиптерді танып, олардың танымдық сипатын айқындай алуы керек және концепті құрылымын сипаттау әдістемесін пайдалана алып, түрлі ұлттарға тән концеп жүйесін ажырата алуы тиіс.
ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет