Тест сұрақтар
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі төмендегі қызметтерді қамтиды:
А) жедел медициналық жәрдем, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем,
амбулаториялық жағдайдағы мамандандырылған медициналық жәрдем,
стационарды алмастыратын жағдайдағы мамандандырылған медициналық жәрдем дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, оның ішінде медициналық бұйымдар, жедел және мамандандырылған жәрдем беру кезінде қолданылатын иммунобиологиялық дәрілік заттар, амбулаториялық жағдайда қарсы профилактикалық екпелер жасалып, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетілетін аурулар тізіміне сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек.
В) оның ішінде өзге адамдарға қауіп төндіретін жұқпалы және паразитарлық ауруларды емдеу және жұқпалы немесе паразитарлық дертке шалдықты деген күдікпен жатқан науқастарды емдеу;
С) учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
Д) Дұрыс жауап жок
Е) Барлыгы дұрыс
МӘМС –жүйесі бойынша қандай тегін медициналық көмек алуға болады:
А) профилактикалық медициналық тексерулер;
В) учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
С) созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
Д) Барлыгы дұрыс
Е) Дұрыс жауап жок
МӘМС қандай медициналық қызметтерді қамтиды:
А) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
В) халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
С) диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
Д) Дұрыс жауап жок
Е) Барлыгы дұрыс
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру келесі медициналық қызметтерді қамтиды:
А) мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
В) медициналық оңалту;
С) стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.