1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт, анықтамасы, маңызы, құрылымы



бет1/13
Дата13.04.2023
өлшемі48,61 Kb.
#82390
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт, анықтамасы, маңызы, құрылымы.
Жалпы,ең бірінші дәрілік препарат ұғымына келер болсақ,ол-белгілі бір дәрілік түрдегі дәрілік зат болып табылады. Дәрілік препараттар өндірісінің мемлекеттік нормалауы - дәрілік заттар және қосымша заттар мен материалдар сапасын тексеріп, технологиялық процесс пен дәрілік препаратқа қойылатын талаптар.
Дәрілік препарат өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары:
1) Дәрі препараттарын әзірлеуге рұқсат беретін тұлғалар топтарын шектеу,яғни фармацевтикалық жұмыстарға арнайы құқығы болу керек;
2) Дәрілік препараттар жазылымы құрамдарын нормалау;
3) Дәрілік препараттарды әзірлеуге қолданатын дәрілік немес қосымша заттардың сапасын нормалық белгілеу;
4) Дәрілік препараттар өндіру жағдайларын және технологиялық өндіріс процестерінің нормалануы.
Рецепт - дәрігердің фармацевтке дәрі-дәрмектерді дайындау және беру туралы жазбаша өтініші, сонымен қатар оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық бар. Рецепт белгілі бір форма мен ережелерге сәйкес жасалады.
Рецепт маңызы - ол заңды құжат болып табылады, өйткені дәрі-дәрмектердің жасалуының дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.
Дәрігерлер, онымен қоса, фельдшерлер, тіс дәрігерлері, акушерлер бұрыс жазылған рецепттерге жауапты болады. Рецепттер дұрыс жазылмаса дәріхананың қызметкерлері рецептті жазып берген дәрігерлермен байланысып, дәрілік зат атауын, дозасын, фармакологиялық сыйымдылығын анықтап, содан соң науқасқа препаратты босатуына болады.
Рецепттің құрылымына келер болсақ:
1. Іnscrіptіo -Емдеу орнының мөрімен коды.
2. Datum -Рецепттің жазылуының күні,айы,жылы.
3. Nomen aegrotі -Науқас аты-жөні.
5. Nomen medіcі -Дәрігер аты-жөні.
6. Іnvocatіo -Дәрілік заттар белгілері мен дәрілік заттардың саны.
7. Adjuvans -Дәрілік пішіндер аталуы(май,ұнтақ және т.б.)және фармацевтке басқа да тапсырма.
8. Sіgnatura -Дәрі-дәрмекті қолдану әдістері.
9. Subscrіptіo medіcі -Дәрігердің тек өзінің қолы мен мөрі.
Қорыта кетсек, бұл рецепттердің құрылымы, жазу ережелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары» бұйрығымен реттеледі.Осы бұйрық арқылы,рецепт жайлы барлық талаптармен танысы,осы бойынша жұмыс жасау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет