Тәжірибе есебі бойынша баяндама мәтіні
Мен, ддлдл тобының студенті одододод осы жылдың 00 мамыр – 00 шілде аралығында ПППП қаласындағы «РРР group» заң кеңесшілер палатасында өндірістік іс-тәжірибеден өттім.
Өндірістік іс-тәжірибе құқықтану саласындағы мамандарды дайындау бойынша оқу бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады. Іс тәжірибенің міндеті студенттің оқу барысында алған теориялық білімін бекіту мен болашақ кәсіби қызмет жүргізу үшін тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру болып табылды.
Тәжірибеден өту барысында, мен заң кеңесшілер палатасының құрылысымен, бөлімдерінің атқаратын қызметтер түрлерімен, мекеменің ішкі тәртібімен, сот отырыстарына, видеоконеренцияларына қатыстым, төрелік сот және азаматтық процеспен таныстым, құқықтық сипатындағы құжаттар құрастыруды үйрендім, талап-арыз, өтінішхаттар, сұрау алулар және т.с.с., заңгерлік көмек беру қызметін жүзеге асыруға қажетті заңнамалар, нормативтік-құқықтық актілерімен және т.б. таныстым.
«РРР group» заң кеңесшілер палатасы жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтық мәселелерін шешуде заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ олардың іскерлік мақсаттарына қол жеткізуде және жаңа шындыққа байланысты қиындықтарды жеңуде құқықтық қолдау көрсету үшін құрылған. Палатада тәжірибелі медиторлар мен заң кеңесшілері, адвокаттар және осы саланың білімді де білікті мамандары жұмыс жасайды.
Іс-тәжірибеден өту барысында мен заң кеңешілер палатасының көпқырлы жұмыстарымен, ресми құжаттарымен таныстым:
- заң кеңесшісі жұмысының негізгі бағыттарын білдім;
- адвокаттық қызметті реттейтін заң, ҚР адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы, мемлекеттік заңдар, нормативтік-құқықтық актілерімен таныстым;
- палатаның басқару жүйесін көрдім;
- заң көмегін беру бойынша біршама құжаттарымен таныстым;
- заң кеңесі беруді, медиациялық қызмет көрсетуді үйрендім, сотқа және басқада мемлекеттік органдарына жолданатын ресми хаттарды құрастыруды үйрендім және т.б.
Заң кеңесшілер палатасындағы алғашқы аптасында адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы, адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау ережелері туралы ҚР заңнамасымен таныстым. Тәжірибе барысында жетекінің жеке тапсырмалары орындалды, іс-тәжірибе өту орнынан бекітілген жетекшінің тәжірибелік тапсырмалары бойынша жұмыс жасалды. Атап айтқанда жетекшінің тапсырмасы бойынша рефераттар жазылды, сот сөзі курсының аясында авокаттың некені бұзу туралы сот қарауына сөз дайындалды, қылмыстылықтың өсуі деңгейін анықтау, салыстырмалы динамикасын құрау үшін республикалық статистика департаментінің статистикалық материалдары зерттелді, түрлі процессуалдық құжаттар толтырылды. Заң кеңесшілер палатасында өткен іс-тәжірибе барысында бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу негіздерімен таныстым. Адвокаттың салық есебі, салықтар мен басқада міндетті төлемдері бойынша әдістемелік ұсыныстар зерттелді. Азаматтарға құқықтық кеңес беру бойынша қабылдауды жүргіздім. Кейінгі келіп түскен сұрақтардың көбі банк шоттарының арестке алынуы, несие төлеудегі банкпен клиент арасындағы келісеушіліктер, еңбек келісім-шарттарының бұзылуы, жер, үйді рәсімдеу, кәсіпкерлік объектіні сату. Сонымен қатар әдеттері некені бұзу, мүлікті бөлу, алимент өндіру, алаяқтық бойынша сұрақтарда көп болды. Сот мәжілістеріне қатыстым. Хаттамаға ескерпелер жаздым. Адвокаттың соттағы рөлімен таныс болдым. Істі сотта қарау ішін материалдарды зерттедім, реттедім. Іс бойынша құжаттарды қайта толтыру үшін қайтаруға дайындадым. Бітпеген ғимаратты сату үшін құжаттар тізімін дайындадым. Іс тәжірибе аяғында есептік құжаттарды дайындадым. Қорыта келе, іс тәжірибе мен үшін өте пайдалы болды. Тәжірибе барысында мен көптеген құқықтық актілерін, заңдарды іс жүзінде қолдануды үйрендім. Азаматтар шағымдарына жауап беруді, құқықтық кеңес берудің маңыздылығын түсіндім. Қандайда бір ағымдағы адвокаттың жұмысы бойынша келіп түскен сұраққа толыққанды, заң аясында жауап беру үшін түпкілікті дайындық керек екендігін көрдім. Алдағы уақытта осы саладағы білімімді терендетемін, тәжірибе жинақтаймын. Болашақта адвокатура саласында жұмыс жасауға тәжірибе он ықпалын берді деп санаймын.
Жалпы іс-тәжірибе өту барысында өзімнің кәсіби сауттылығымды, теориялық дайындығымды толығымен көрсетуге тырыстым. Өз міндеттеріме барынша жауаптылықпен қарадым.
Өндірістік іс-тәжірибе нәтижесінде өзіме заң кеңесшісі қызметі туралы, сот өнідісінің барысы туралы құнды мәліметтер жинадым, мен үшін ол баға жетпес тәжірибе болды. Жалпы әрмен қарай адвокаттық қызметпен айналысуды шештім.
Тыңдағандарыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |