Тәжірибелік сабақ №1-2 Карамель өнімдеріне сипаттама. Карамель өндіруге арналған ағынды механикаландырылған желі



Дата06.04.2023
өлшемі66,55 Kb.
#79880
түріСабақ

Тәжірибелік сабақ №1-2
Карамель өнімдеріне сипаттама. Карамель өндіруге арналған ағынды механикаландырылған желі

Карамель – қатты консистенциялы, толығымен карамель массасынан немесе карамель массасы мен салмадан жасалған кондитер өнімдері. Карамель массасының ылғалдылығы төмен (1-3%), толығымен дерлік көмірсудан тұрады, сондықтан энергетикалық құндылығы қантпен бірдей. 100г карамельдің калориялығы 370-440 ккал құрайды.


Карамель (фран. caramel) – хош иістендіргіштер, бояғыштар қосып қант пен сірнеден дайындалынған қатты конфет түрі; кондитер өнімдерін бояуға арналған күйдірілген қант. Кондитер фабрикаларында карамельдік конфеттер алу үшін құмшекер, сірне және суды араластыру арқылы карамель шарбатын алады да оны қайнату қазандарында қайнатып қою шырын етіп вакуумды орам түтікті қайнату аппараттарында өңдеп карамель массасын алады. Оның құрамындағы құрғақ заттардың мөлшері 90%-тен асады. Осы карамель массасы суытылып, хош иіс, бояу беретін заттармен араластырылып, пішінделініп, суытылады да қағаздарға оралады. Карамель конфеттерінің аттары оларға салынатын салмалардың түріне байланысты болады. Кондитер фабрикаларында карамель конфеттерін шығаруға арналған көптеген желілер бар.
Карамель өндірісінің шикізаты қант, сірне (немесе инвертті қант), жаңғақ, шоколад, сүт, майлар, бал, шарп, тағамдық қышқылдар эссенциялар, боғыштар және т.б. болып табылады. Салмасы бар карамель өндірісі келесі операциялардан тұрады:
карамель массасы мен салманы дайындау;
салманы карамель массасының ішіне енгізу;
карамельді қалыптау;
суыту;
бетін қорғаушы өңдеу;
дайын өнімдерді орау.


2. Оралған мұздақ карамель өндірісінің автоматтандырылған ағынды желісі

Қазіргі таңда карамель өндіру үшін отандық, сонымен қатар шетелдік өндіріс құралдарымен жабдықталған ағынды-механикаландырылған желілер қолданылады. Отандық карамель шәрбатын дайындайтын станциялар, мұздақ карамель шығаратын құралдар кешені, сұйық, қою, қабатталған салмасы бар карамель дайындайтын желілерде жасалады.


Параллелепипед пішінді, ирис қалыптайтын машиналарда оралатын, «Театральная» мұздақ карамелі тәрізді карамельдер өндірісіне арналған желінің машиналы-аппаратуралық схемасы 1-суретте көрсетілген.



1-сурет Оралған мұздақ карамель өндірісінің автоматтандырылған желісі


Сірне мен қант шәрбаты тиісті ыдыстардан (1) екі плунжерлі сорғыш (2) арқылы араластырғышқа (3) беріледі. Сонан соң шестеренкалы сорғыш (4) арқылы жұмсалушы бакқа (5), одан әрі плунжерлі сорғыш (6) арқылы булау аппаратына (7) жіберіледі.


Қайнатып қоюланған карамель массасы қайталама бумен бірге тік құбырға келіп түседі, ол жерде бу карамель массасынан ажыратылады және келте құбыр (11) арқылы желдеткішпен сорылады.
Карамель массасы құбыр арқылы үздіксіз төмен сырғиды, (10) және (13) мөлшерлегіштер арқылы оған қоспалар қосылады. Құбырдың 12 реверсті- бұрылмалы ұшында (9) карамель массасы қоспалармен араласады да, салқындатқыш машинаның (17) қабылдау воронкасына (8) біркелкі таралады. Қабылдау воронкасына мөлшерлегіштен (14) сонымен қатар, эссенция да беріліп тұрады.
Карамель массасының таспасы, барабанда (15) салқындатылғаннан кейін, еңкіш орналасқан салқындатқыш плитамен жылжиды және қозғалмалы тарамдардың көмегімен карамель білеміне оралады, оны карамель илейтін тісті екі барабан (16) іліп алады. Әрі қарай карамель білемі конвейердің (18) үлкен бұрыш жасап орналасқан жоғарғы бұтағына
көтеріледі. Конвейердің соңында гильотин типті пышақ (19) орналастырылған, ол карамель массасын ұзындығы 1200 мм жекелеген білемелерге бөледі.
Кесілген білемелер аралық конвейерге (20), одан үлестіргіш таспалы конвейерге (21) түседі. Бұл конвейердің үстіне, кезектесе жұмыс істеп, ылдилармен (22) білемдерді ИЗМ-2 агрегаттарының есу машиналарына құлатып тұратын бұрылмалы итергіштер орналасқан. Желіде конвейер осіне перпендикуляр осындай бес агрегат орналастырылған, оның біреуі
қорда тұрады.
Үлестіргіш конвейер (21) жылдамдығы конвейерге екінші білем келіп түскенше, бірінші білем желінің соңғы машинасына түсіп үлгеретіндей етіпттаңдалған. Аралық конвейердің (20) жылдамдығы айнымалы: білемдеутконвейерден (18) оған келіп түскен кезеңде оның жылдамдығы конвейер жылдамдығына тең (v 1=2,94 м/мин), ал білемді конвейермен (21) есу машинасына жіберу кезінде оның жылдамдығы жоғарылап (v2=29,4 м/мин), үлестіргіш конвейердің (21) жылдамдығына жақындайды (v3=32,4 м/мин).
Конвейер (20) жылдамдығы екі сатылы беріліс қорабы (26) арқылы
өзгереді.
Машиналарда (24) оралған карамель көлденең конвейерлер (25) арқылы бұрылып әкететін таспалы конвейерге (23) беріледі, ол жерде салқындатылып, бөлшектеп өлшеп орауға жіберіледі.
Бөлменің ені жеткіліксіз болған жағдайда ИЗМ-2 агрегаттарын үлестіру конвейерінің осіне параллель орналастыруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет