Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Шешендік сөздің мазмұндылығы, дәлдігі, ой айқындығы
Тексерген: Алиева Ж.А
Орындаған: Сеитова Н.А.
Шешендік сөздің мазмұндылығы, дәлдігі, ой айқындығы
Шешендік сөз ақыл парасатқа негізделсе, мазмұнды болады. «Ақыл»,
«парасат», «ес» сөздері белгілі дәрежеде «мән», «мағына» сөздерімен төріндес. Шешендік сөздің мазмұндылығы сөйлеуінің, ақыл-ой дәрежесіне, жан-жақты білімділігіне байланысты. Шешендік ғылымның теориясын жасағандардың бірі – Цицерон жақсы шешен болу үшін жан-жақты білім керектігін айтқан еді. Оның өзі де барлық ғылым салаларынан хабардар болған: Еркін меңгерген.
Мазмұнды сөз ол лекция болсын, мақала болсын, баяндама болсын тыңдаушылары мен оқырмандарын ләззатқа бөлейді, қуаныыш әкеледі, жаңа білімдермен толықтырады.
Қазіргі кезде – ғылым, техниканың қарыштап дамыған заманы. Бүгінгі әдебиет тіліміз ғылыми терминдерге өте бай.
Лебіз мазмұнды, әсерлі болу үшін шешен алдын-ала дайындықта мынаны ескеру керек:
кімдердің алдында сөйлейді,
қандай мәселені сол аудиторияны қызықтырады,
сөздің мазмұнында тың мәліметтер мен дәлелдемелер жеткіліктіме?
авторлық көзқарасы, қорытынды түйіні бар ма?
Ойдың ақылдылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты.Сөз қолданыстағы айқындылық сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергендімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, қазақ әдебиетінің байлығы мен нормасын жетік білумен өлшенеді.Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады.
Таза сөйлеу – ой ақындылығының белгісі.Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде, ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілін таза сөйлей алмаған адамдардың қайыртпақ тіліне қарап қынжылып айтса керек.
«Тіл тазалығы дейтініміз – дейді А.Байтұрсынов, ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарлама, ескірген сөздерге жоламау, жергілікті сөздерден қашу…»
«Таза сөйлеу дегеніміз — сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, бөгде сөздерді араластырмай сөйлеу »,- дейді ғалым М.Балақаев.
Тіл тазалағын сақтамау дегенде жеке адамдардың шетелдік сөздерді, әсіресе орыс сөздерін орынсыз қолдануын айтады.
Мысалы: понимаешь, капитально, звонить, прямо, так, ну, значит тәрізді сөздерді қосып айту тілдегі орашалақтың шалалық ой жүдеулігі болып табылады. Сөзі шала кісінің
Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергендігімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, қазақ әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам созді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін тура мағынасын кеп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірін, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені жөн.
Әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: бүкіл әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік; мал, мүлік; көңіл күй одағайы т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |