Реферат
Тақырып: Өз мұратыңа жету
Орындаған: Қаирбекқызы Айым
Тексерген: Болат Г.Б.
Алматы 2020
Мақсат — белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады. Мақсат түрлері:
1) нақтылы мақсат — іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі;
2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету.
Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл-ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады. Сократ әрбір жеке қимылдың мақсаты осы жеке мақсаттарға ішкі түрткі болатын түпкілікті немесе жалпы мақсат дейді. Аристотель заттар мен құбылыстардың ішкі мәні, белгілі мақсатта өмір сүруі адамға ғана емес, бүкіл дүниеге тән қасиет деп түсіндіреді. Кант мақсатты адамдар әрекетінің нәтижесі ретінде қарады. Сондықтан, мақсаттың логикалық, танымдық мәселелерін адам өмірінің негізгі мәселесі ретінде, этикалық-гуманистік іліммен байланыста зерттеді. Гегель мақсатты “өзіндік” және “өзі үшін” деген принциппен екіге бөліп, біріне табиғаттың белгілі бір мақсатқа бағынып өмір сүруін жатқызса, екіншісіне саналы түрде іске асатын, адамдар әрекетіне тән құбылыстарды жатқызды.
Өмірлік мұратына,белгілі бір жетістікке жету үшін адамға ең қол жетімді мүмкіндік алдыңа мақсат қойып, соған жету үшін талаптану, себебі бұлар тегін,өз бойыңнан табылады. Әйтседе бұл аздық етеді, бұған қоса қаржы,білім, тұрмыстық жағдай сияқтылар болады. Міне осы мүмкіндіктерді саралай тура есеппен пайдалансаң алмас асу, жетпес арман болмайды. Біз көбіне осы мүмкіндіктерді тура есептей алмай шамамыздан тыс армандарға қол созамыз дағы күйзелістерге ұрынып жатамыз.Әрбір адамның өз орны болады.
Кез келген адамның мүмкіндіктері бар. Біз Аллаға шүкіршілік етуіміз керек. Алдыңғы ұрпаққа қарағанда біздің жолымыз болды. Тап осылай еркіндікке шомылуға бүгінгідей жайлы жағдай бұрын-соңды ешуақытта болмаған. Әлем қандай шексіз болса, Жаратушының да байлығы сондай шексіз. Ең бастысы – ала біл. Өзінің бастапқы арманын ұмытпай, барлық қиыншылықтар мен кедергілерден өзінің ісінің түпкі нәтижесін көре алатын адамдар қайтсе де жетістікке жетеді. Өмірді көрген адамдар былай дейді: «Егер де сен өзіңің мүмкіншілігіңе сенімді болсан, онда осыған лайық шешім қабылдап, ойлаған ойыңды іске асырып, алдыңа қойған мақсатыңа қайтсең де жетесің!». Ақылды адамдар жетерлік, бірақ жетістікке жетпеулерінің себебі мыналар: нақтылы мақсаты жоқ, шешім қабылдамайды, істі кейінге қалдыру, тәуекелге бармауы. Нақты шешім қабылдаған, өзіне сенімді адамды ешкімде тоқтата алмайды.
Адамдардың көбі еш мақсатсыз өмір сүреді, ал алдарына нақты мақсат қойғандардың көпшілігі соған жете алмай ойларына алғандарынан бас тартып жатады. Неге? Мұның себебін табандылықтың жоқтығымен түсіндіруге болады. Ерік-жігерге негізделген ойына алған мақсатынан қайтпайтын қайсарлық – табандылықтан туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |