Тексерген: Тілебалды Жұлдыз



Дата10.10.2022
өлшемі23,85 Kb.
#42181


БӨЖ
Орындаған:Жүнісбай Дана
Тексерген:Тілебалды Жұлдыз

Жоспар:


  • XVII ғ. Соңы мен XVIIIғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты



  • Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі.Қазақ хандығының бытыраңқылығы


Есім хан (1598—1628) билік кезіндегі қазақ хандығының тарихы өте күрделі жағдайда өтті.Шайбан әулетінің орнын басқан Бұқар хандығының жаңа әміршілері Ташкентті қайтарып алуға тырысты.Шығыста ойрат тайпалары бой көтере бастады.1603 жылы Бұқар хандығының әскерлері Ташкентті қайтарып алуға тырысты.
Бірақ олар қазақ жасақтарынан Айғыр-Жар деген жерде болған шайқаста ауыр жеңіліске ұшырап,Самарқанға шегінеді.Бұқар әскерлерін Самарқанға дейін өкшелей қуған қазақ әскерлері қаланы бірнеше күн қоршап кейін қайтады.
1607 жылы бұқарлықтар Ташкентті аз ғана уақытқа алады және көп ұзамай Есім хан Ташкентті өзіне қайтарады.Бірақ Бұқар хандығымен болған соғыс мұнымен тоқтамайды.1612 жылы Иманқұл хан Сырдария бойындағы бірнеше қалаларды тонап Қаратауға дейін жетеді.Және Ташкентке өзінің ұлын билеуші етіп қояды.Иманқұл хан Ташкенттен кетісімен қала халқы көтеріліс жасап,оның ұлы Ескендірді өлтіреді.Бұған жауап ретінде Иманқұл хан қанды қырғын жасайды.Бұл кезде қазақтың 2 ханы Есім мен Тұрсын хан арасындағы қатынастар бірті-бірте шиеленісіп,әскери қақтығыстарға дейін барады.Тұрсын хан Бұқар ханымен одақтасып,Ташкентке берік орнығады және Әндижан,Түркістан,Сауран қалаларын басып алады.
1627 жылы Есім хан ойраттарға қарсы жорыққа аттанғанда Тұрсын хан бар әскерімен Түркістанды жаулайды.Қарусыз халықты қырғынға ұшыратып,Есім ханның үй-ішін,әйелдерімен жас балаларын тұтқындап Ташкентке алып кетеді.Жорықтан қайтып келе жатқан Есім ханның алдын Сайран маңайында торуылдайды.Уақытылы хабар тиген Есім хан Тұрсын хан әскерлерін талқандайды.Қашып Ташкентті паналаған Тұрсын ханды өзінің жақтастары тұтқындап,Есім ханның қолына береді.1628 жылдың күзінде Есім хан да қайтыс болады,сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи ғимаратына қойылады.
Есім ханнан кейін хан тағына оның ұлы Жәңгір отырады.Бұл кезде қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы нашарлай түседі.Бұқар хандығы Ташкент пен Сыр бойындағы қалалар үшін күресін тоқтатпайды,шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар маза бермейді.Бар билігін ойраттармен күресте өткізген Жәңгір ханға ішкі жағдайды тұрақтандыру да оңай тимейді.Жәңгірдің жоңғарларға қарсы алғашқы шайқасы 1635 жылы болады,бірақ бұл шайқас қазақтар үшін сәтсіз аяқталып,жеңіліске ұшырайды,Жәңгір ханның өзі тұтқынға түсіп қалады.Жәңгір ханның тұтқыннан қалай босағандығы туралы деректер жок.
1643 жылы Жәңгірхан бастаган қазақтың 600 ержүрек сарбазы жонғарлардың елу мыңдық әскеріне тойтарыс береді. Алғаш рет отты қаруды пайдаланған қазақтар Орбулақ маңындағы тар шатқалда ойраттардың екпінді шабуылына төтеп беріп,мыңдаған жау сарбазын жер жастандырады. Осы кезде Самарқаннан шыққан Жалаңтөс батыр бастаган казак әскерлері де көмекке келіп жетеді.
Он мыңдай әскерінен айырылған Батыр қонтайшы ауыр жеңілістен есенгіреп кейін қайтады. Ресейден отты қару сатып алған жоңғарлар 1652 жылы Жетісу жеріне тагы да басып кіреді.Осы шайқастардың бірінде Жәңгір хан қаза табады.60-жылдары қазақ-жоңғар қақтығыстары біршама азайғанымен Ғалдан-Бошақты қонтайшы кезінде ол қайтадан күшейе түседі.1681, 1683—84 жылдары жоңғарлар Шу өзенінен бері өтіп,Сайрамды алады, Ферғана алқабын тонайды.
Тәуке хан (1680—1715) билік еткен алғашқы он жылдарда қазақ хандығы біршама нығайды.Қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын біршама бәсеңдетті.
Бірақ 1697 жылы билік басына Цеван Рабтан келгеннен кейін жоңғарлардың шапқыншылығы жойқын күшпен қайта басталды.Қоңтайшы Цеван Рабтан орыс елшісі И.Унковскийге «өз билігі басталғаннан бері қарақалпақтармен одақтасқан қазақ еліне толассыз соғыс жүргізіп жатырмын» деген мәлімет береді. Қазақстанға нақты қауіп-қатер қуатты көшпелі Жоңғар мемлекетінің тарапынан төнді. Жоңғар қонтайшылары Қазақстанның кең-байтақ аумағын басып алуға талай рет белсене әрекет жасады. Сөйтіп қазақтар мен жоңғарлар арасындағы билік жолындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды.Қазақтардың жоңғарларды «ата жауымыз» деп атауы сондықтан болатын. Екі мемлекеттің арасындағы бақталас жанжалдың негізіне шұрайлы мал жайылымдарына қызығушылық жатты.
1697 жылы жоңғар хандығының басына жас әрі қуатты билеуші Цеван-Рабтан (1663-1727) келді. Ол қысқа мерзімнің ішінде өз хандығының әскери күш-қуатын нығайтып алды. Цеван-Рабтан өзінің билікке кіріскен кезін Қазақстанның аумағына баса-көктеп кірген шапқыншылықтан бастады. Сөйтіп 1698 жылы 40 мың жауынгері бар жоңғар әскері Ұлы жүздің көшіп-қонып жүрген шұрайлы мал жайылымы аумағына ойран салған қырғын шапқыншылық жасады.
Жоңғар шапқыншылығының демографиялық жағдай мен көші-қон процестеріне әсері. Жоңғар шапқыншылығы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың түп-тамырымен өзгеруіне әсерін тигізді. Қазақтардың оңтүстікте өзбек хандықтарына, ал батыста Еділ қалмақтары иелігіне жақындауы көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты біршама күрделендірді. Жайық бойындағы іргелес казактар, оңтүстіктен қарақалпақтар мен өзбектер қазақ ауылдарына шабуылдап, жағдайды одан әрі ушықтырды.
Қалмақтардың шапқыншылығы кезінде қатты ойрандалғаны — Жетісу өңірі болды. Әрине, жаудың шабуылын бірінші болып қабылдаған шығыс өңірінің ахуалы да тым аянышты еді.
Тәуке-ханның билікке келуі Қазақ мемлекеттілігінің жаңа сатыға көтерілуіне себеп болды. XVII ғасырдың аяғында Тәуке-ханның тұсында қазақ мемлекеттілігін күшейту бағытында «Жеті Жарғы» – Қазақ хандығының жаңа заңы қабылданды. Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Сөйтіп ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға қол жеткізді. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатерді тоқтатудың сәті түсті.
Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және Қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.
Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді.
Қолданылған әдебиет:Б.Сырымбетұлы,М.Б.Мұхамедов Қазақстан тарихы
Қолданылған сайт:ei.ref

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет