«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстан тарихы»



бет1/5
Дата21.04.2023
өлшемі112,41 Kb.
#85423
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстан тарихы Жанерке11кс (копия)


«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары

1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Пәннің мақсаты – білім алушыларды Қазақстан тарихы туралы объективті ұсыныммен қамтамасыз ету.


Пәннің міндеттері: 1) Ұлы дала аумағында көшпелі өркениет пен мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктерін ашу (б.з.д. III ғасыр – б. з. II ғасыр).
2) XIII-XV ғғ.Орталық Азиядағы түркітілдес халықтардың этномәдени интеграциясының кезеңдерін, Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарын талдау.
3) Қазақстанның жаңа дәуір кезеңдегі тарихи даму ерекшеліктерін ашу(XVIII - ХХ ғғ.басы).
4) Кеңестік әкімшілік-басшылық жүйе құрамындағы Қазақстанның рөліне объективті баға беру.
5) Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясына, қазақстандық қоғамды демократияландыру ерекшеліктеріне талдау жасау.
Қазақстан тарихы пәнінің тарихнамасы және дереккөздері: Қазақстан тарихы пәнінің ежелгі дәуірінде археологиялық деректер кең пайдаланылады, ортағасырлық Қазақстан тарихында кесенелер және жаза деректер негіз болады. Тарихнама – тарихтың тарихы.
Кезеңделуі:Көне заман бұл ұзақ мерзімді қамтитын Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардан б.з.д V аяғына дейін.
Әуелгі орта ғасыр VI-XII ғасырлар немесе түркілік.
Орта ғасыр XIII-XVII ғасырлар немесе монғолдық.
Жаңа заман XVIII-XIX ғасырлар Жоңғар шапқыншылығы,Отарлау,Ұлт азаттық қозғалыстар. Қазіргі заман XX ғ немесе революциялар қоғамдық қатынасарды қайта қуру. Тәуелсіз Қазақстан немесе 1990 ж 25 қазаннан бастап қазіргі күнге дейін.-


Казак халкынын калыптасу тарихы
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізді және бұл процесс бірнеше ғасырға созылды.
Қазақ халқының бастауы болып саналатын сақ тайпаларының тікелей жалғасы – үйсін, қаңлы тайпалары.
Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге бөлеміз. Біріншісі – үнді-еуропалық, екіншісі – түркілік.
Алғашқы кезеңде Қазақстан тұрғындары үнді-еуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. III-I мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезең Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың, соның ішінде ғұндардың батысқа қоныс аударуына байланысты қалыптасты.
Сақ және сармат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з. II ғасырының бірінші жартысында ғұндардың қоныс аударуының екінші толқыны кезінде ғұндар Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды.
Қазақстанның байырғы тұрғындары – үйсіндер мен қаңлылардың ғұндармен этникалық жақындасуы іске асып, үйсіндер мен қаңлылардың моңғолоидтік нәсілге өтуі басталды.
VI ғасырдың ортасында, 542 жылы Қазақстан жері түгелдей құдіретті, біртұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді.
Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуында, әсіресе, екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болды. Біріншісі – Қарахан мемлекеті, екіншісі – Қыпшақ хандығы.
XIII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы басталып, қазақтардың халық болып қалыптасу процесі үзіліп, XV ғасырға дейін, яғни 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді.
XV ғасырдың II жартысы мен XVI ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.
«Қазақ» атауының мағынасын ғалымдар б.з.д. VII-ІV ғасырлардағы сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады: «сақ», «каспи», «кас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ».
Академик Н.Я. Марра және Б. Грозный «қазақ» атауының төркіні «қасақ», «көсек» деп пайымдайды.
Академик А.Н. Бернштам «қазақ» сөзін «каспи» мен «сақ» тайпасының бірігуінен пайда болған дейді.
Көптеген ғалымдардың ойлары мен пікірлерін қорытындылай келгенде қазақ сөзінің шығу тегін екіге бөліп қарауға болады: «Қазақ» сөзі ең алғаш «қас»-пен «сақ» тайпаларының бірігуінен пайда болған. «Қазақ» сөзінің орта ғасырларда «еркін адамдар» деген мағынасы болған.
Тарихшы Б.Е. Көмековтың айтуы бойынша «қазақ» сөзі XIV ғасырдағы хорасан түркімендері арасында да кездеседі. «Қазақ» сөзі бұлардың арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді.
Рузбиханның Өзбек ұлысында үш халықтың болғаны, оның ішінде ең көбі және ержүректері қазақтар екені жайлы хабарынан бұл сөз XIV ғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастағанын байқауға болады.
XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.

Қазақ хандығының құрылуы «жаңа мемлекеттік жүйенің» бастауы болды.


1457жылы Әбілқайыр хан Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан Түркістан өңірінде жеңіліп қалып, өз ұлысында қатал тәртіп орнатуға кіріседі.
Оған қарсы күресті Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына 1457 жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап, Шығыс Дешті Қыпшақтан Батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462 жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілқайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді.
Алғашында Қазақ хандығының территориясы Батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді.
Әбілқайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, тұрмыстарын түзей бастады.
Жетісу рулар мен тайпалар және мемлекет бірлестігінің орталығына айналды.
Жетісуға қоныс аударушылардың саны 200 мың адамға жетті.
Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы еді.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.).
Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды: 1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру. 2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолдары өтетін Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды.
1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Ал Сырдария жағасындағы Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.
Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады.
Батыс Жетісудағы иеліктеріне, оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.
Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыды.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархия болды. Мемлекет басшысы – хандар саяси билік жүргізді. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланып отырды.
«Жүз» ұғымының мәні толық ашылған жоқ. Біраз зерттеуші қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз», яғни «бір нәрсенің басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен сәйкестендіреді.
XVIII ғ. дейін жүздердің қалыптасуы аяқталды.
Жүздерде адамдарды ру-тайпалық қауымдастыққа бөлу сақталды.
Ұлы жүз Қазақстанның қазіргі үш облысының – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын мекендеді.
Негізін қалаған рулар: үйсін, қаңғлы, дулат, жалайыр, албан, суан, шапырашты т.б.
Ұлы жүз Орталық және Солтүстік-шығыс Қазақстан жерін мекендеген.
Орта жүз – негізінен Орталық және Солтүстік-шығыс Қазақстан жерін қамтыған. Орта жүздің шегарасы Арал теңізі мен Торғай өзенінен бастап, шығыста Ертіске, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, оңтүстік шегарасы Сырдария, Шу өзендері, Балқаш көліне дейін, солтүстігі осы күнгі Омбы, Түмен облыстарына дейін барады.
Осы кең далада Орта жүздің негізгі тайпалары – қыпшақтар, арғындар, наймандар, керейлер, қоныраттар өмір сүрді.
Қазақ халқының пайда болуында басты рөлдің бірін қыпшақтар атқарды.
XVI ғ. қазақ қоғамының феодализмге қарай дамуы бай және беделді ру аристократтарын (билер, батырлар) өмірге әкелді, олар аға хан мен сұлтандардың күшеюіне жол бермеуге тырысты, саяси бытыраңқылық, ұсақтық саясатын жүргізді.
Жүздердің құрылуы осы рулық аристократияның саяси және экономикалық мақсаттарына сай келді.
Хандықтың әскери қуатының әлсіреуі, әскери-саяси одақтың (тайпалар тарапынан) о баста-ақ нашар болуы, қазақ хандығының бірнеше бөлікке бөлінуіне, яғни жүздердің құрылуына жағдай туғызды.
Бұл туралы елбасымыз: «Қазақ ұлысының құрылу үрдісі этникалық аумақтың қалыптасуымен және этносаяси, шаруашылық, табиғи, табиғи-географиялық жағдайларға орай үш этноаумақтық бірлестік – Ұлы, Орта, Кіші жүздердің құрылуымен қатар жүзеге асты» деп атап кеткен болатын.
Ш.Ш. Уәлиханов: «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін үлкен одақтар құрған».
Н.А. Аристов: «Жүздердің бірігуі жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан».
В.В. Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық факторлар әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды».
М.П. Вяткин В.В. Бартольдпен келісе отырып «жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың соңынды қалыптасты» дейді.
С. Аманжолов: «Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде – X-XII ғасырларда бөлінді» деп есептейді.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстарды аяқтап, тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт өмір орнады.


1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады.
Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты.
Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.
Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және Орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты.
Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті болды.
Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Еуропаға мәлім болды.
Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Мәслихат – сұлтандар мен ру басшыларының съезі болды.
Мәслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды – соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселелеін қарастырды.
Мәслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқығы болды. Мәслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды.
Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге оның заң қабылдау, жарлық беру құқығы болды.
Ханның жанына неғұрлым беделді билер мен қауым өкілдерінен тұратын кеңесші ұйым – Билер кеңесі болды.
Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқықтық нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы болған «Қасқа жолды» жарыққа шығарды.
Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды.
Халық Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы болған жарғыны қайтадан жаңғыртқанын ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбалары бойынша Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның қайтыс болған уақыты 1523-1524 жылдар деп көрсетеді.
Қадырғали Жалайыридың мәліметі бойынша Қасым хан Сарайшық қаласында дүние салған.
----------------------------------------------------------------------------------------------------

1523 жылы Тахир хан ноғайлардан біржолата жеңіліп, қазақ даласының батысын тастап, оңтүстік-шығысқа кеткен соң Қазақ хандығы үшке бөлініп, сыртқы жаулардан әркім өз білгенінше қорғана бастады.


Осы уақытта әкесі атақты Қасым ханның «қасқа жолын ұстанған» Хақназар хан тарих сахнасына шықты.
Ол Қасым ханның Ханық сұлтан-ханым атты әйелінен туған еді.
Хақназар қазаққа да, ноғайға да жақын хан тұқымына айналды. Ноғайлар оны Хақназар сұлтан десе, қазақтар Ақназар хан дейтін.
Ноғай мырзаларымен бірігіп Шейх Мамай Қазақ хандығын талқандаған соң оның тағына өздері тәрбиелеген Хақназар сұлтанды 1538 жылы ақ киізге отырғызып, хан көтерді.
Қазақ даласына хан болу үшін толық билікке Хақназардың қолы 1559-1560 жылдары ғана жетті.
Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді.
Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады.
Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
ХVІ ғасырдың 60 жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті.
Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті.
Қазақ хандығының иеліктері шығыста Ертіс бойынан батыстағы Ембіге дейін, ал оңтүстікте Сыр бойынан солтүстіктегі башқұрт еліне дейін созылып жатты.
Аса қиын уақытта Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті.
Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауренахрдағы шайбанилық Бұхара ханы Абдаллах және қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде одақтық келісімшарт жасасты.
Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жақсарды. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды.
Хақназар хан Бұхара ханы Абдаллахты ташкенттік Баба сұлтанға қарсы күресте қолдайды, бұрыннан өшіккен Баба сұлтан Хақназар ханның жасағына тұтқиылдан бас салып, ханның өзін өлтірді.
Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған еме

----------------------------------------------------------------------------------------------------


1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды.


Тәуекел хан Бұхара ханы Абдаллахпен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады.
1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады.
1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді.
1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келіп, орыс патшасының жауап грамотасын тапсырды.
Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан Орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ.
Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады.
1597 жылы Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханның әскерін талқандап, Мауренахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды.
Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп, қаза болды.
Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналады.
Есім хан (1598-1628 жж. билік құрған) Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі болды. Оны қазақ халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.
Қатаған руының билеушілері Есім ханға бағынудан бас тартады. Қазақ хандығы екіге бөлініп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан қос өкіметті билейді.
1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қатаған руын қатаң жазалайды. Бұл оқиға тарихта «қатаған қырғыны» деген атпен қалды.
Есім хан Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындаттырып, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.
Есім хан өз билігі тұсында (1598-1645 жж.) халық жадында «Есім салған ескі жол» аталған әдет-ғұрып нормаларының жинағын бекітті.
Есім хан тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға болғандықтан халық оны «Еңсегей бойлы ер Есім» атап кеткен. Есім хан дүние салған соң халық оған ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деген ат берген.
1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1629-1652 жж.) отырды.
Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды.
XVII ғасырда болған қазақ-жоңғар соғыстарында Жәңгір хан тамаша əскери қайраткерлігімен және соғыстың көптеген əдіс-айлаларын шебер қолданған ірі қолбасшы ретінде айқын танылды.
Салқам Жəңгірдің қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда айрықша еңбек сіңіргенін, ел тəуелсіздігін сақтау жəне бекіту жолында ұмытылмас ұлы қызметтер атқарғанын тарих ешқашан жоққа шығара алмайды.
Жəңгір заманындағы тарихта алтын əріппен жазылып қалған ұрыс 1643 жылғы «Орбұлақ шайқасы» болды. Осы шайқаста Жəңгір хан бастаған 600 қазақ жауынгері 50 мыңдық дұшпан қолын өз жеріне өткізбей қойды.
Бұл ұрыста 600 батыр ыңғайлы жер мен ұрыс әдісін ұтымды пайдаланудың арқасында 10 мың жоңғарды жайратты.
Қазақтың ұлы хандарының бірі Жəңгір хан 1652 жылы жоңғарлармен шайқаста қан майданда қаза тауып, Түркістанда жерленген.
Жәңгірдің қазақ хандығы үшін жасаған еңбегі өте зор. Біріншіден, Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнады. Екіншіден, мемлекеттің сыртқы саясатын бірнеше бағытта жүргізіп, көршілес мұсылман елдермен жақсы қарым-қатынас орната білді. Үшіншіден, Жәңгір хан қазақ елінің азаттығы жолындағы шайқастардың бірінде нағыз ерлерше қан майданда қаза табады.
Оның сүйегі қазақ елінің сол кезеңдегі астанасы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі жанына жерленген. Жәңгірдің үш ұлының бірі Тәуке әкесінен соң тақ мұрагері ретінде қазақ ханы болып сайланды.

---------------------------------------------------------------------------------------------


1725 жылы жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды.
Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді басып алған жоңғарлар енді Ұлытауға қарай бет бұрды.
Рулардың басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда, әсіресе, Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті.
1726 жылы (кейбір деректерде 1728 жылы) Торғай даласындағы Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата соққы берді.
Қара сиыр деген жерде болған қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ жасағы тас-талқан болған сол жер кейіннен «Қалмақ қырылған» деп аталып кетті.
Бұл жеңістің қазақ халкының рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Жеңіске жігерленген қазақ руларының үш жүз біріккенде ғана жоңғар қаупінен құтылуға болатынына сенімі күшейді. Ендігі мақсат қазақ жерін түгел жаудан тазартып, елдің тәуелсіздігін толық қалпына келтіру еді.
«Қалмақ қырылған» шайқасы Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде Жетісу өңірінде әлі де жоңғарлар үстем болатын.
Қазақ билеушілерінің шешімімен жоңғарларға қарсы шайқасқа қолбасшылык жасау Әбілқайырға жүктелді. Көрнекті ұйымдастырушы хан халыққа бас болып, белді батырларды өз туының астына шоғырландыра білді.
Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегіне барлық қазақ жасағы жиналды. Осы жер жау қолындағы Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді.
1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде (қалмақтардың аңырауы, боздауы) Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді.
Тарихта «Аңырақай шайқасы» деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға қазақ халқының шеттен келген басқыншыларға қарсы күресінде ерекше орын алды.
Қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінеді.
Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары арасында туған алауыздық жоңғарларды толығымен талқандауға кері әсерін тигізді.
Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейін Әбілқайыр мен Сәмеке аға хан деген атаққа таласып, жаңа ғана түбірлі жеңіске жеткен халық жасағының ішінде іріткі туғызды.
Әбілқайыр Кіші жүздің әскерін бастап Қазақстанның солтүстік-батысына қайтып оралса, Сәмеке Орта жүздің жасағын бөліп әкетті.
Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүздің әскері қайтып оралған жоңғардың жаңа қолына қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды.
Осылайша ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін орындалмады.
Әйтсе де қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы шиелінісе түсті.

Сыртқы дұшпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, жекелікке бой ұрды.


Тəуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша ерекшеленеді. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тəртіпті орнатуы.


Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды.


Ол хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодал билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды.


Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.


Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды.


Қазақтар Сырдария өзенінің өңірінде 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды.


Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыры» деп бекер атамаған.


Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол тайпаларды өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».


Тәуке хан (1680-1715 жж.) билік еткен жылдары Қазақ хандығы орталықтандырылған мелмекет болып қала берді.


Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпалар арасындағы алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды.


Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.


XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды.


Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз.


«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.


Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және Қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.


Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін бір жарым ғасырға созылған күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды.


Тәуке хан қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деген атпен қалды.


---------------------------------------------------------------------------------------------------


XVII ғасырдың соңындағы Қазақ хандығында дербес мемлекетке тән нышандардың барлығы дерлік болды.
Қазақ хандығы бұл кезде шығысында – Алтай тауларын, батысында – Жайық өзенін, солтүстігінде – Орал тауларын, оңтүстігінде – Алатаудың батыс етегі аралығындағы алып еуразиялық кеңістікті өзінің атамекені деп білген, қазақ елінің басын біріктірген тұтас мемлекеттік құрылым болатын.
Ортағасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында жоғарғы билік иесі болып тек хандар ғана сайланды. Бұл салт қазақтарға да тән еді, ал хандық билік Шыңғыс хан ұрпағы саналатын төре (сұлтан) тұқымына ғана тиесілі болды.
Хандық билік әкеден балаға мұраға өтіп отырған.
Иерархиялық билікте ханнан төменгі сатыда тұрған белсенді және ықпалды жеке сұлтандар бүтін бір тайпа елді билеген.
Күнделікті өмірде жергілікті ру-тайпа билігінің тізгіні беделді ақсақалдар мен билердің қолында болды.
Ең жоғарғы сот билігін хан иемденген. Ал одан төменгі сот билігі билерге тән еді.
Әрбір бидің билік ауқымы өз ру-тайпасымен шектелді.
Әрбір Жүздіңерекшелігін ескере отырып басқару және бақылау үшін ханға бағынышты үш би сайланды: Ұлы жүзде Төле, Орта жүзде Қазыбек, Кіші жүзде Әйтеке би сайланды.
Хан сарайы жанында сенімді адамдардан құралған қарулы топ – төлеңгіттер болды. Төлеңгіттер жекелеген ірі сұлтандар жанында да болды. Төлеңгіттер түрлі міндеттер атқарды, солардың ішіндегі ең маңыздысы, әрине, халықтан алым-салық жинау.
Аса маңызды жалпыұлттық мәселелер, соның ішінде басқа елдермен қатынас сипаты, әскери істер жылда күзде шақырылатын жалпыхалықтық құрылтайда талқыға түсті.
Құрылтайдың шешімін тек Құрылтай ғана өзгерте алатын еді.
Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістердің заңды ережелер жинағы болған «Жеті Жарғы» өмірге келді. «Жеті Жарғы» қоғамдық қатынастарды реттеп отыруда жетекші міндет атқарды.
Хандықтың астанасы және елдің рухани орталығы Түркістан қаласы болды.
XVI-XVII ғасырларда Қазақ мемлекетінде меншік қатынастары болды.
Хараж – жер өңдеуші егіншілерден алынатын салық.
Баж – саудагерлерден алынатын жол салығы.
Жасақ – көшпелі малшылардан алынатын салық.
Зекет – мұсылмандардан сауда мен жылжымайтын мүлік үшін алынатын заттай алым.
XVI-XVIII ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеген тұрғындар төмендегідей міндеттер атқарды: Мардикар – суландыру арықтарын қазу, тазарту, көпірлер, жолдар салу, жөндеу жұмыстары, парсыша «мард» – адам, «кар» – іс, жұмыс. Құналғы – әскер бөлімдерін лайықты қабылдау. Жамылғы – әкімшілік адамдарын қабылдау (үй-жаймен, құралмен, тамақпен қамтамасыз ету).
Салықтар, алымдар және халыққа жүктелген міндеттер қарапайым халық үшін ауыр салмақ болып саналды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------

Жалпы мәдениетті шартты түрде екіге бөлеміз: материалдық (заттай) және рухани мәдениет.


Материалдық мәдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ, рухани мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз.
Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі және үлкен бір жетістігі – киіз үй.
Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.
Орхон-Енисей көне сына жазбаларында киіз үй ұғымын білдіретін «керагу» деген сөз кездеседі. Көне түркілердегі киіз үйдің «керегу» атауы кейінгі қазақтарда да сақталған.
Қазақ халқының негізгі баспанасы – киіз үй. Ол ағаш пен киізден жасалып, шаңырақ, уық, керегеден тұрады.
Киіз үй көлемі кереге қанаттарының санына байланысты болды. Алты, сегіз, он, тіпті отыз қанатты киіз үйлер болған.
Киіз үйлер бірнеше түрге бөлінді: салтанатты киіз үйлер, қарапайым баспана түріндегі киіз үйлер, шаруашылық мақсатта пайдаланылған киіз үйлер және жорық киіз үйлері.
Моңғолдар керегесі бар киіз үйді түркілерден шамамен XIII ғасырда қабылдаған.
XVIII-XIХ ғасырларда қазақтың сұлтандары, атақты билері екі үйді қатар тігіп, арасынан керегеден дәліз жасап екі бөлме етіп те пайдаланған.
Кереге желкөз және торкөз болып екі түрге бөлінеді. Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады.
Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Кереге киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын бірнеше жиналмалы бөліктен тұрады. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.
Уық – шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.
Шаңырақ – киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады. Шаңырақ иіннің бүйірінің астына қарай уықтың ұшы кіріп тұратын көздері болады.
Шаңырақтың дөңгелек иінінің ортасынан жартылай томпайып келген кергіш ағаштар салынады. Бұл ағаштарды күлдіреуіш дейді. Олардың екі қызметі бар. Бірі – шаңырақты керіп тұру, екіншісі – шаңырақтың үстінен жабылатын түндік (түңлік) киіздің астына дәнекер болу.
Сықырлауық – киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады.
Киіз үйдің киіз жамылғысы үш бөліктен тұрады: туырлық, үзік, түндік. Туырлық – үйдің кереге бөлігін айнала жауып тұратын төртбұрышты ұзын киіз. Туырлық үйдің көлеміне қарай үшеу, төртеу болады.
Уықтардың үстін жауып тұратын трапеция тәрізді киіз жамылғыны үзік деп атайды. Ол екеу болады.
Шаңырақты жауып тұратын төртбұрыш шағын киізді түндік (түңлік) дейді.
Сонымен қатар көбінесе киіз үйдің ағаш есігінің сыртынан киіз есік тұрады.
Қазақ дәстүрі бойынша киіз үйдің есігін шығысқа қаратып тіккен.
Үйдің қақ ортасында ошақ болады.
Қазақстанның көпшілік өңірінде өте ертеден келе жатқан там үйдің бір түрі – жартылай жеркепе қолданыста болған. Мұндай үйлерді қазба үй, жертөле немесе жер үй деп те атаған.
Қам кірпіш пен күйдірілген кірпіштен құрылыс салу Оңтүстік Қазақстан өңірінде біздің заманымыздың бірінші ғасырларынан бастап XVIII ғасырға дейін жалғасқан.
Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында ағаш, тас кірпіштен тұрақты баспана салынған.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------


----------


2ресеи
----------
XVIII ғасырдың 50-60 жылдары патшалық Ресей үкіметі Қазақстанды тәуелді ете түсу үшін әртүрлі шараларды іске асыруға тырысты.
Ертіс, Есіл және Жайық бойындағы ғасырлар бойы көшпенді малшаруашылығының өрісі болған өңірлерге казактардың көз алартуы орыс-қазақ байланыстарын шиеленістіре түсті.
Ресейдің билеуші топтарының көздеген мақсаты шұрайлы, суы мол жерлерден қазақтарды ығыстыру, біртіндеп казактарды осы аудандарға орналастыру еді.
Петербург билеуші топтарының арнайы нұсқауларында патша үкіметінің отарлау саясаты ашық жарияланды. 1756 жылы қыргүйек айында қабылданған шешімде Жайық жағасына жақын жерде қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды.
Ал 1757 жылы желтоқсан айының аяғында Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкіметінің шешімімен қазақтарға Жайық өзенінен мал айдап өтуге тыйым салынды.
Қазақ феодалдары ғасырлар бойғы жайылымдарын пайдалану құқығынан айырылды.
Осындай ауыр жағдайға жол ашқан тағы бір себеп ресейлік отаршыл әкімшіліктің жекелеген қазақ ақсүйектерінің арасындағы алауыздықты пайдаланып, керек болған жағдайда ахуалды өршітіп отыруы болды.
Ең құнарлы жерлер орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың қолында қалды.
Жайық казактары Еділ мен Жайық аралығындағы жерге қазақтардың бұрынғыдай көшіп-қонуына мейлінше қарсылық білдірді.
Алайда 1757-1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған П.И. Рычков пен А.И. Тевкелев Жайық бойында қазақтарға мал жаюға шек қойған үкімет талабын іске асырудың орынсыз екенін түсінді және аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуге рұқсат берді.
Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы қазақтардың жағдайы да ауырлады.
Ресей бекіністерінен алғашында 10 шақырым кейіннен 50 шақырым жерге дейін қазақтарға мал жаюға тыйым салған патша үкіметі жергілікті халықтың иелігін өз қалауынша пайдалануға тырысты.
Патша үкіметі орыс казактарының санын көбейту үшін осы өңірге Ресейдің әр түкпірінен қылмыскерлерді, жерсіз шаруаларды, тіпті алыстағы Доннан, Башқұрт жерінен 1760 жылы казактарды әкеліп қоныстандырды.
Тек 1799 жылы қараша айында император I Павелдің жарлығына сай Орта жүз қазақтарына, 45 000 отбасыға өз иеліктеріне, яғни Ертістің оң жағасына қайтадан қоныстануға және мал жаюға рұқсат етілді.
Сонымен XVIII ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси-экономикалық дамуында бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты.
Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан қазақ-орыс сауда байланыстары дамыды. Қазақстанның шетелдермен қатынастары өзара тиімді жағдайда өркендеді.
Ресей үкіметі ХVІІІ-ХХ ғасырларда Қазақстанда классикалық үлгідегі отарлау саясатын жүргізді.
Патша үкіметінің отарлауда қолданған әдістері – әскери, экономикалық, саяси, демографиялық, мәдени бағыттарда болды. Осыған сәйкес отарлау саясатының зардаптары барлық салаға әсерін тигізді.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------


Көтерілістің алғышарттары мен себептері: Хандық биліктің әлсіреуі; Қазақ ақсүйектерінің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы; Ресей үкіметінің Кіші жүздің әкімшілік басқаруына өзгерістер енгізуі; Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы; Орыс помещиктерінің, Жайықтағы казак әскерінің қазақтарға зорлық-зомбылығының күшеюі; Ішкі өзара тартыс.
Шегаралық істер комиссиясы да патша үкіметінің нұсқауларының жүзеге асырылуын қатаң бақылап отырды.
Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы, алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді.
Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының зардабы үлкен болды.
Тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты.
Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды.
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс.
Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды.
Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б.
Кейбір мәліметтерде көтерілісшілер саны 3500 адам деп айтылады.
С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды.
Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз ханы Нұралы мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.
Ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық таныған басшысы – батыр Сырым Датұлы.
Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды.
Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды.
Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты.
Барақ, Тіленші, Оразбай старшындар және Жантөре сұлтан бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының маңайына шоғырланды.
1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті.
1785 жылы көктемде көтеріліс кең ауқымға жайылды.
1787 жылдың наурызында көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруі және табиғаттың қолайсыздығынан олар мақсаттарына жете алмады.
Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды.
1785 жылы старшындар съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады. Патша әміршісімен арасы суыған, беделінен де айырылған Нұралы елден қашып, кейін Уфаға жер аударылып, 1790 жылы қайтыс болады.
Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың пайдасына шешпекші болып, О.А. Игельстромның реформасы бойынша хандық билікті жойғысы келеді.
Сырымның екі жақты – Орал казактары және өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді.
Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан, Айшуақ сұлтан төрағалық еткен Хан кеңесі құрылады. Осылай патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысады.
1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы Сырым Хиуа хандығында дүние салды.

--------------------------------------------------------------------------------------------------


Малшаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдын бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының Жарғысы елеулі рөл атқарды.
Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін әлсірей бастағанын көрсетті.
Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанскийдің басшылығымен жасалған «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді.
Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, кейін 1839 жылы Омбы болды.
Жарғы бойынша батыс шегарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді.
Бұлар – Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40 пен 50 жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді.
Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді.
Патша үкіметі хан тұқымынан шыққан сұлтандардан және халық арасында ықпалды билерден қолдау табу үшін сұлтандардың әкімшілік қызметке сайлануын қолдап отырды.
Бірақ мұндайда сұлтанның хан тұқымынан шығуы міндетті болған жоқ, ең бастысы патша үкіметіне адал қызмет ету болды. Осылайша қазақтың хан тұқымынан шыққан сұлтандары енді патша үкіметінің шенеуніктеріне айналды.
Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді
Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс болу мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы басатын.
Болыстық сұлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге тең болды.
Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланып отырды. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталарға тең болды.
«Жарғы» бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту.
Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтік приказда каралды.
Кейін Сібір қазақтарын билеу Шегаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылып отырды. Шегаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағынды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды.
Жалпы алғанда 1822 жылғы «Жарғы» патша үкіметі үшін Қазақстанның бай өлкесін шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашты.
Енді қазақ даласындағы хандық басқару жүйесі біржолата күйреп, оның орнына Ресейдің отаршылдық үкімет органдары берік орнықты.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------


1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже», 1868 жылы 21-қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.


«Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды: Батыс Сібір (орталығы – Омбы қаласы), Түркістан (орталығы – Ташкент қаласы) Орынбор (орталығы – Орынбор қаласы) генерал-губернаторлықтары.
1870 ж. Маңғыстау приставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына қарады.
1867-1868 жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар (аумақтық, басқару, сот, салық) қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды.
Патша үкіметі қазақтарды метрополиядан бөлек арнайы даярланған заңдар бойынша (1867-1868 жж.) басқарды.
Заңдар қазақтарды ең негізгі құқықтарынан айырды, біртіндеп орыс тіліне, христиан дініне, салт-дәстүріне көшуге мәжбүрледі.
Қазақ қоғамындағы барлық сословиелер (сұлтан, қожа, би т.б.) село тұрғындарына теңестірілді.
Қазақ ауылында мешіт салу үшін генерал-губернатордың рұқсаты керек болса, шіркеулер тұрғызуға мемлекеттің өзі қолдау көрсетіп отырды.
Патша үкіметі қазақтардың дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездерді құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді.
Қазақ даласын билеуге жіберілген генерал-губернаторларды патшаның өзі бекітті және ол шексіз билікті иеленді. Қазақтар оларды «жарым патша» деп атады.
Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғарғы буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды.
Қазақтарға болыс, ауыл старшыны сияқты ең төменгі қызметтер тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды.
Төменгі биліктегі болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді.
Сайлауда дауысты сатып алу кең тарады және болашақ болыстар орыс үкіметіне жалтақтап, олардың қолшоқпарына айналды.
Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылып, тек төменгі буындағы жүйелерде қызмет етті, оның өзінде шектеулі түрде.
Патша үкіметі 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды.
Патша үкіметі қазақ жерлерін тартып алып, құнарлы жерлер қоныс аударушыларға берілді.
Қазақстан Ресей экономикасының қосалқы, арзан шикізат көзіне айналды.
Жаңа міндеттер мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жіберді.
Түтін салығы бұрынғы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға көтерілді. Әртүрлі қажеттіліктерге жұмсау үшін «қара шығын» деп аталатын қосымша салық салынды.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.
Бұл жаңа заңға сай Қазақстанды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.
Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарқан және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана 5 уезден, Самарқан 4 уезден тұрды.
1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының қарауына берілді.
Ақмола, Семей және Жетісу облыстары Дала генерал-губернаторлығы құрамына кірді. Үш облыстың негізгі әкімшілік орталығы (облыстардың жеке орталықтарын есептемегенде) Омбы қаласы болды.
Бұл өзгерістер патша үкіметінің отаршылдық басқармасының рөлін мейлінше күшейтті, генерал-губернаторларға шексіз билік берілді.
Өлке шеңберінде генерал-губернаторға шексіз билік берілді.
1891 жылғы «Ереже» бойынша ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды.
Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери губернатор құзырында болды.
Қазақ жері патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жарияланды.
Түркістан және Далалық өлкелерде жалпы империялық соттар жүйесі – әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты.
Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқық берілген орыс шенеунігінің қатысумен өткізілді.
Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын, тәуелді буын болды.
1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Ресейдегі үлгімен құрылды.
Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтын, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.
Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
----------------------------------------------------------------------------------------------------

1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлының Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындалуы көтеріліске түрткі болды.


Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді «жалға беру» дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды.
Осындай жер қатынасындағы әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырып,1836-1838 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты.
Көтерілістің негізгі себептері: Ақшалай салықтың өсуі; әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттелінуі; халықтың көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі; Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты.
Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы болды.
Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында беріш руының Жайық бөлімінің старшыны етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шегаралық комиссиясы старшындыққа бекітті.
Исатайдың ең жақын серігі – ақын, беріш руының старшыны Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.) болды.
Махамбет жасынан ақын ретінде қалыптасып, татар және орыс тілдерін үйренеді.
Махамбет орыс жазушысы әрі этнографы Р.И. Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тығыз қарым-қатынаста болды.
Көтерілістің басты мақсаты: 1. Хан озбырлығына шек қою. 2. Шаруалар жағдайын жақсарту. 3. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту .4. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтеріліс үш кезеңнен тұрды.
1838 жылы 12 шілдеде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңілді.
1838 жылы 23 шілдеде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады.
Кейін Орынбор әкімшілігі Махамбетті қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 жылы қыргүйекте Махамбетті үйінде өлтіріп кетеді.
1836-1838 жылдардағы көтерілістің негізгі мақсаттары орындалмады.
Көтерілістің жеңілу себептері: 1. Үстем тап өкілдерінің опасыздығы. 2. Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы. 3. Қару-жарақтың теңсіздігі. 4.Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі. 5.Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күшінің басым болуы. 6.Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.7 . Көтерілістің жергілікті сипатта болуы.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс – қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------


Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шегаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі оған үш жүздің түгелге дерлік қатысуында болды. Көтеріліс кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алды.
Көтерілістің мақсаты: 1. Ресейдің отарлау саясатына шек қою. 2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау. 3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын тоқтату. 4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.
1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары сұлтан (1802-1847 жж.) басшылық жасайды.
1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі казак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды.
1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады.
1842 жылы патша тарапынан Кенесары қолына бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді.
Кенесарының басын кескенге 3 мың сом сыйақы белгіленді.
1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты жеңіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді.
1844 жылы Кенесарының патша үкіметіне қойған талаптары: 1. Қазақ жеріндегі округтік бұйрықтарды жою. 2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру. 3. Салық жинауды тоқтату.
Кенесарының қойған екінші талабы: әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл және Нұра мен Жайық өзендеріне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату.
Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады.
Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары ханды патшадан сыйлықтар алған қырғыз манаптары өлтіреді.
Жеңілу себептері: 1. Қазақ феодалдарының біразы Кенесарыны қолдамады. 2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар мен руға бөліну болды. 3. Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігі орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмады. 4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды. 5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады. 6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Ресейге қарсы тұра алмады.
1841 жылдың қыргүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды.
Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды.
Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган – өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды.
Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары – жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты.
Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын, жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды.
Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жүзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды.
Кенесары Қасымұлы үш жүздің басын қосып, Ресей империясына қарсы тұрды. Ол қазақ жерінің біртұтастығын сақтап қалуға тырысқан қазақтың соңғы ханы болды.
----------------------------------------------------------------------------------------------------
XVIII ғасырдағы қазақ билеушілерінің бірі Абылай өзін аса көрнекті мемлекет қайраткеріне тән қасиеттерімен көрсете білді. Абылай хан өзінің бүкіл ғұмырын қазақ мемлекеттілігін нығайту мен халықтың бірлігін қамтамасыз ету ісіне арнады.
Ол 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойылған аты Әбілмансұр болатын.
Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды.
Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, ол іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.
1771 жылы Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды.
Өзінің қол астындағы халықты неғұрлым жақсы басқару үшін Абылай үш жүздің әрқайсысына әйгілі тұлғаларды билеуші етіп тағайындады.
Ол сот билігін күшейте түсті.
Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.
Ол қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналасуына қолдау көрсетті.
Хан қазақ даласында ұстаханалар салудың бастамашысы болды.
Абылай хан ақын-жырау, әнші-күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.
Абылайдың сыртқы саяси қызметі Қазақстан аумағының ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталды.
Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.
Қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекеттерінен батыл қорғай білді.
Абылай күш-жігерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады.
Абылай жоңғарлардың тақтан үміткер мұрагерлеріне қолдау көрсету арқылы олардан қазақ жерлерін қайтарып алды.
Абылай хан Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін сыртқы саясатты асқан көрегендікпен жүргізді.
1756 жылы Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады.
Абылай хан 1781 жылы дүние салып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленді.
Абылайдың күш-жігері ең алдымен мықты және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды. Орыс ғалымы И. Крафттың сөзімен айтқанда «Ол қалыптасқан жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға, енді бірде Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ал шын мәнінде ешкімге де бас иген жоқ».
Абылай хан қазақтардың басын қосып біріктіру процесіне басшылық етті және ұланбайтақ далада бір орталыққа бағынатын мемлекет құруға зор ықпал жасады.
Жоңғар және Еділ қалмақтарын тас-талқан етіп, жеңіп шығуда ол аса маңызды рөл атқарды.
Қытай әскерінің Қазақстан аумағымен ілгері қарай ішкі аймақтарға жылжуын тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың Тарбағатайдағы және Іле өзені өңіріндегі байырғы дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алуға қол жеткізді.
---------------------------------------------------------------------------------------------------
XIX ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі – Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра және т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер.
XIX-XX ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері.
XIX ғасырдың екінші жартысында өшпейтін классикалық туындыларды шығарған көрнекті қазақ сазгерлері өмір сүрді. XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды.
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862 жж.) – көрнекті күйші-композитор, XIX ғасырдың домбыра өнерінің негізін қалаушы, шертпе стиліндегі күйлердің қайталанбас авторы мен орындаушысы.
Тәттімбет Қазанғапұлының 40-тан астам күйі белгілі.
Ол халық арасына кеңінен тараған «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар» сияқты әсерлі көркем лирикалық күйлер шығарды.
1855 жылы Тәттімбет өмірінде елеулі оқиға болды. Ол II Александр патшаны ұлықтау рәсіміне қатысып, күй тартып өнер көрсеткені үшін күміс медальмен марапатталды.
Қазақтың аса ұлы күйшісі, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1879 жж.) Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген.
Біздің заманымызға дейін оның сазгерлік туындылары – 60-қа жуық ғажайып, көркем де асқақ сезімге толы күйі жетті. Оның «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Қайран шешем» сияқты басқа да күйлері – халық сүйіп тыңдайтын тамаша туындылар.
«Кішкентай» атты күйі Бөкей хандығы қазақтары көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлына арналған. Құрманғазының күйлері халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес болып қосылды.
Талантты және халық арасына кеңінен белгілі, аса көрнекті сазгерлердің бірі – Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887 жж.).
Халық арасында оның «Жігер», «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс», «Желдірме» сияқты күйлері кеңінен тараған. Күйші-сазгердің біздің заманымызға дейін 40-қа жуық күйі жетті.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі аса көрнекті ақын, сазгер Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929 жж.) болды.
Ол «Сүйіндік», «Толғау», «Бозторғай», «Жанбота», «Ғашығым», «Хаулау» сияқты 70-тен астам ән шығарды. Әндерінің сөзін де өзі жазды.
Қазақ халқының атақты ақыны, сазгер-әнші Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913 жж.) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында дүниеге келді.
Оның бізге 40-тан астам әні жетті. Ақан серінің «Алтыбасар», «Сырымбет», «Мақпал», «Ақтоқты» әндері жан тебірентерлік әсерлі, сазды келеді. Оның «Еркем», «Аужар», «Айгөлек», «Ғашық жарға» атты тамаша әндері сүйіспеншілік тақырыбына арналған.
Қазақтың күй өнерін қобызда құйқылжыта шебер орындайтын күйші Ықылас Дүкенұлы (1843-1916 жж.) Қарағанды облысының аумағында қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген.
Ықылас патша шенеуніктері мен байларды әжуалаған «Жарыс патша», «Бес төре» күйлерін шығарды. Оның «Жезкиік», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғыз аяқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан» және тағы басқа да ғажайып күйлері бар.
Оның 30-дан астам күйі сақталған. Ол Қорқыттан келе жатқан қобыз өнерін жаңғыртты.
Балуан Шолақ (1864-1916 жж.) қазіргі Ақмола облысында дүниеге келген. Халық арасында атақты сазгер, әнші, ақын әрі балуан ретінде кеңінен танылды.
Оның сазгер әрі әнші ретіндегі даңқын шығарған әні «Ғалия» болды. Балуан Шолақтың «Желдірме», «Қос перне», «Көкшетау» атты ғажайып әндері оптимизмге, адамға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке толы.
Қазақтың музыка өнерін нотаға түсіру XIX ғасырдың аяқ кезінде ғана басталды.
-------------------------------------------------------------------------

Шоқан Уәлиханұлы – қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші.


Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған.
Шоқан Уәлиханұлы 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. 2-3 жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды.
Ш. Уәлиханұлының ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында 22 жасында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады.
Потанин Шоқанды «Шығыстың құйрықты жұлдызы» деген.
1856 жылы Ш. Уәлиханұлы екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар болды.
1857 жылы Уәлиханұлы Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» көшіріп алады.
Шоқан Қашғарияға Ресей империясы тарапынан жіберіліп, аса қиын жағдайда өз өмірін қатерге тіге жүріп Қашғарияны жан-жақты зерттеп зерттеп қайтты.
Шоқанның бұл еңбегі көп кешікпей Германияда және Англияда неміс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.
Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты – Ибраһим, 1841-1889 жж.) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы.
1850 ж. Орынбор шегара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі.
Ол 1857-1859 жж. Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді.
Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.
Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья (1868-1874 жж.) және Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879 жж.) қызметтерін атқарады.
Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екікластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларға қажетті кітаптар алады.
1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебін ашады.
Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи маңызы зор болды.
1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» еңбегі жарық көреді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды.
Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 23 тамызда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Абай ауданының Шыңғыстау баурайында дүниеге келді.
Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақты адамдардың бірі болған.
«Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған.
Әкесі оны 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Абай медреседе төрт жыл оқығаннан кейін оны әкесі оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды.
Жетпісінші жылдардың бас кезінде Абай Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болып тағайындалады.
Абай бір жағынан шығыс классиктері – Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан орыс классиктері – А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, орыс әдебиетімен де терең таныс болған. Батыс әдебиетінен – Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
Абайдың «Ескендір» мен «Масғұт» дастан-поэмалары дәуір шындығын дәл бейнелеуге талпынған шығармалар болды. Абайдың қара сөздерінде адамгершілік мәселелері көтеріледі.
Абай 1904 жылы туған жерінде қайтыс болып, сүйегі Жидебай деген жерге қойылды.
-----------------------------------------------------------------------------------------------
Қазақстан мен Орта Азиядағы он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліс патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс болды.
1914 жылы басталған І дүниежүзілік соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпы дағдарысты шырқау шегіне жеткізді.
Көтерілістің басты себептері: отаршылдық езгінің күшеюінен, Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халқының жерін тартып алудың жалғасуынан, салықтар мен басқа да алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюынан, патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясатының кең өріс алуы мен қалың бұқараның әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуінен көрініс тапты.
Көтерілістің басталуына ІІ Николай патшаның 1916 жылы 25 маусымдағы «Реквизициялау туралы» жарлығы тікелей себеп болды.
Жарлық бойынша Қазақстан, Орта Азия мен ішінара Сібірдің «бұратана халқының» ер-азаматтарынан (19 бен 43 жастың аралығында) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстары мен жолдар салу, окоп қазу, т.б.) 400 мың адам (оның ішінде қазақтан 240 мыңға жуық) алу белгіленді.
Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылы шілде айының бас кезінде пайда болды.
Халықтың ашу-ызасына жұмысқа алынатындардың тізімдерін жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және жергілікті әкімшіліктердің басқа да қызметкерлері ұшырады.
Көтерілісшілер болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының үйлерін, жасалған тізімдерді өртеді, жекелеген болыс бастықтарын өлтірді.
Стихиялы қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласты.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күштері отарлық езгіден күрт кедейленген шаруалардың қалың тобы мен сол кезде қалыптаса бастаған жергілікті жұмысшылар болды.
Көтеріліске сондай-ақ қазақ халқының басқа әлеуметтік топтарының (байлар, болыстар мен билер, интеллигенция) өкілдері де қатысты. Соңғылары кейбір аймақтарда жетекші рөл атқарды.
Қазақ зиялыларының кейбір өкілдері (Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ә. Жүнісов, Т. Рысқұлов, С. Меңдешев, Б. Алманов, Ә. Жангелдин, т.б.) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды.
Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, т.б.) патша әкімшілігінен тыл жұмысына адам алуда асықпауды өтініп, керісінше дайындық шараларын жүргізу жөнінде ұсыныстар жасады, көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көпшілікті жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды.
Жетісу облысындағы ірі көтерілістің бірі Қарқара жайлауында болды.
1916 жылы шілдеде Қарқаралы (Семей облысы) мен Өскемен уезінің, Көкпекті мен Зайсанның көтерілісшілері майданға жіберілетін адамдардың тізімін тартып алып, болыстарға күш қолданды.
Әбдіғапар Жанбосынұлы пен Амангелді Иманов басқарған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды және ұзаққа созылған азаттық үшін күрес аймағына айналды.
Он алтыншы жылғы көтеріліс Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып-жанышталды.
Бұл көтеріліс Ресейдегі әскери-әкімшіл және отаршыл басқару жүйесінің іргесін шайқалтты және шығыстағы отар елдердің ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарының құрамдас бір бөлігі болды.

----------------------------------------------------------------------------------------------------


Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды.
1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция жүріп, монархия құлатылды.
Қазақтар патша билігінің құлауын құптап, оны өздерінің ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыста алға тартқан мақсаттарының орындалуы деп таныды.
1917 жылғы Ақпан революциясы шет аймақтардың халқына ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.
Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5 қазанда «Алаш» деп аталды.
Алаш партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партия бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді.
Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).
Партия жетекшісі Ә. Бөкейханов болды, партияны құруға А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, М. Шоқай, Ж. Ақбаев, Ш. Құдайбердиев, Х. Ғаббасов, М. Тынышбаев т.б. алаш зиялылары атсалысты.
Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.
Үш жүз партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, орталық комитет құрамына Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.
Үш жүздің бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді.
Үш жүз заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды.
Үш жүз партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К. Тоғысов басқарды. К. Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Кеңес өкіметіне сенім білдірді.
Алаш пен Үш жүз партияларының бағдарламаларында айырмашылықтар болды.
«Алаш» партиясының сипаты ұлттық партия болды, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін ойлады.
«Үш жүз» партиясының сипаты социалистік партия болды, олар еңбекші халықтың мүддесін қолдап, Кеңес өкіметін қолдады.
«Алаш» партиясының мақсаты тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды.
«Үш жүз» партиясы Алаш автономиясын «контрревоюциялық автономия» деп сынады.
«Алаш» партиясының баспасөз органы «Қазақ» газеті болды
«Үш жүз» партиясының баспасөз органы «Үш жүз» газеті, 1917 ж. желтоқсаннан бастап Петропавл қаласында шыға бастады.
1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған Үш жүз Алашқа қарсы белсенді күрес жүргізді.
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында ІІ Жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметі жарияланды.
Оған Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты.
Съездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы және оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мүфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік және т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.
Съезд Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х. Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды.
Съезд «Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені Алаштың мүлкі болсын» делінді.
Алаш облыстарын бүліктен қорғау мақсатында Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. Он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халық өкілдеріне қалдырылды.
Алашорданың уақытша тұратын орны болып Семей қаласы белгіленді.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------


Бұрынғы Ресей империясының шеткі аудандарында, соның ішінде Қазақстанда алдымен уақытша өкімет, кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұлттық мемлекет құру жайлы мәселе қарала бастады.
Елдің шығысындағы алғашқы Кеңестік республика 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Түркістан АКСР-і) болды.
Қазақстанның оңтүстік облыстары (бұрынғы Сырдария, Жетісу) Түркістан АКСР-інің құрамына енді. Түркістанда құрылған алғашқы ұлттық мемлекет көп өмір сүрген жоқ.
1919 ж. 10 шілдеде В.И. Ленин «Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декретке қол қойды.
Қазақ ревкомының басшысы болып ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды.
Қазревком атынан «Ұшқын» газеті шығарылды.
1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты.
1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.А. Радус-Зенькович тағайындалды.
Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды.
Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924 жж.) болып белгіленді.
Патша әкімшілігі енгізген «киргиз» деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атауын қайтарып алды.
1924 жылы ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті.
Жаңа әкімшілік бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей облысы уезд дәрежесінде кірді) облыстарынан және үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ Қарақалпақ автономиясы облысқа кірді.
1924 ж. 5-10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңесінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды.
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының жариялануы ел тарихындағы зор тарихи маңызы бар оқиға болды.

---------------------------------------------------------------------------------------------------


1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді.
Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту мақсаты қойылды.
1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды.
Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай шикізат көзі ретінде қарады.
Кеңес үкіметінің индустрияландыру барысындағы орашолақ, біржақты саясаты сол кездің өзінде Троцкий, Бухарин, Зиновьев сияқты саясаткерлердің қарсылығын тудырды.
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді.
Бірінші бағытты Голощекин мен оның төңірегіндегілер ұстанды. Олар Сталин мен орталықтағы кейбір үкімет мүшелерінен қолдау тапты. Сондықтан бұлар өктемдеу болды. Қазақстанда «Кіші Қазан» науқанын жүргізуге ұмтылған Голощекин мен оның төңірегіндегілер қазақ жерінде ірі өнеркәсіп орындарын салуды қоштамады.
Индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың біржақты отаршыл бағытын айқын көре білгендердің алдыңғы қатарында тағы да С. Сәдуақасов тұрды.
1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді.
Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс Түрксіб темір жолын салуды аяқтау болды.
Бұл жолды салу 1927 ж. қайта қолға алынды. Орталық үкімет оған үлкен мән беріп отырды.
Түрксіб құрылысының бастығы болып В.С. Шатов тағайындалды.
РСФСР үкіметі жанынан Түрксіб құрылысына көмектесетін арнайы комитет құрылды. Оны РСФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов басқарды.
Құрылыс жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен құралған 100 мыңдай адам тартылды.
Соның нәтижесінде патша заманында тәулігіне орта есеппен 150 метр ғана салынатын Жетісу темір жолын салу Кеңес заманында 1500 метрге дейін жетті.
Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдан екі жыл бұрын, яғни үш жылда салынып бітті.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстан КСРО-дағы республикалар арасында металлургия бойынша екінші орынға шықты.
Қазақстан мұнай өндіру бойынша да Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орында тұрды.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------


Компартияның 1927 жылы өткен XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.


Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды.
Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында кооперативтендірудің жоғары формаларына кезең-кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. Оны бір жағынан мемлекеттің қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді.
Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі форммасы – ауылшаруашылық артелі, ал малшаруашылығы аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік болуға тиіс еді.
1928 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды.
Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауылшаруашылығы коммунасы, 1215-і ауылшаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестігі еді.
1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық І съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытын қолдап, ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды.
Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді.
Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 80 пайызға жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ шаруашылық) Қазақстанда болатын.
1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтың 2%-ы ұжымдастырылған болатын. Ал 1930 жылдың 1 сәуіріне қараған тұста ұжымдастыру көрсеткіші 50%-ға, қазанда 65%-ға жетті.
1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті.
Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі малшаруашылығына, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды.
Қазақстан Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 жылы «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды.
Ресми мәліметтер бойынша 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтеруі болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басты.
1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 пайызы, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 пайызы ұжымдастырылды.
Ұжымдастыру қарсаңында республикада 40,5 млн. мал басы болса, 1933 жылғы 1 қаңтарда небәрі 4,5, млн. ғана мал қалған еді.
1929-1933 жылдары миллионға жуық адам Қазақстаннан ауып, Қытайға, Ауғанстанға, Иранға және т.б. елдерге көшіп кетті. Олардың 600 мыңы тарихи отанына оралмады.
Аштық құрбандары болғандардың саны 1798,4 мың адам болып, сол кездегі қазақтың 46,8 пайызын құрады.
1932 жылғы шілдеде республика қайраткерлерінің бір тобы – Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев аштық және оның себептері туралы БК(б)П өлкелік комитетіне, тікелей Ф. Голощекинге ашық хат жазды. Бұл хат тарихта «Бесеудің хаты» деп аталды.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік тоталитарлық жүйе толық орнықты.
1928 жылы Кеңес үкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады.
БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін қатаң қуғындау басталды.
1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунисі республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.
Қазақстанда республика жұртшылығына қысым жасау саясаты, әсіресе, 1925 жылы қыргүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен қатаң сипат ала бастады.
1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды.
Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады.
Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыргүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Ресейге жер аударылды.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т.б. айыптар тағылды.
Көбіне «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты.
1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О. Жандосов, Т. Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.
1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің бір көрінісі – мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды.
Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды.
Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық және ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқаны үшін айыптау да кең қолданылды.
БК(б)П-ның Алматы обкомы мен Халық комиссариатының бұрынғы хатшысы Ж. Садуақасовқа, жазушы С. Сейфуллинге, ағарту халық комиссары Т. Жүргеновке 1937 жылы көп айыптың бірі ретінде «Ырғызда, Қарақұмда, Сарысуда және басқа да аймақтарда болған көтерілістерді ұйымдастырған» деген айып тағылды.
Жазушы С. Сейфуллинге «Жапонияның протектораттығындағы Қазақ буржуазиялық мемлекетін құрмақ болған» деген ақылға сыймайтын айып тағылды.
С. Сейфуллиннің әйелі, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтің әйелі, С. Қожановтың әйелі және т.б. көптеген қазақ, орыс және өзге ұлт қайраткерлерінің әйелдері, балалары жазықсыз азап шекті.
«Әлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдарын қарқынды жұмыс істеуге мәжбүр етті. Жұмыстың көлемі ұлғайып, «тасқынды» сипатқа ие болды.
Большевиктік режим осылайша қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басында тұрған зиялылар тобын, олар қалыптастырған азаттық идеологиясын жойып тынды.

----------------------------------------------------------------------------------------------------


Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам майданға шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздағы қайтпай қалды.
Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 14 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 6 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полк және батальондар құрылып, майданға аттанады.
Жауынгерлері жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық бес әскери құрамға «гвардиялық» деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше орден тағылды. Олардың қатарында жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналған атақты 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар.
Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандық партизан отрядтарының құрамында болып, жеңісті жақындатуға үлестерін қосты.
Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркін орден және медальдармен марапатталды.
497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.
Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көгөніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155,3 мың тонна мақта тапсырды.
Қазақстан майдан үшін қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын және көмір мен мұнай өндірді.
Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың мініс жылқысын берді. Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді.
Қазақстан жерінде жасақталған И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия Мәскеуді қорғауда тарихта болып көрмеген ерліктің үлгісін көрсетті.
Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты, оның шаңырағына жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев тікті.
Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигелдиновтың және көптеген жерлесіміздің аттары алтын әріптермен жазылды.
Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетов Берлин үшін болған ұрыстарға қазақ жауынгерлерін бастап кірді.
Николай Гастеллоның ерлігін қайталаған Нүркен Әбдіров, Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағамбетовтың, жау танкісіне қас қақпай қарсы шауып, гранатамен қоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есімдері мәңгі халық есінде.
Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған, даңқты ұшқыштарымыз Талғат Бигелдиновтың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың және Иван Павловтың ерліктері де халқымыздың мәңгі есінде.
Әди Шәріповтың басқаруындағы партизан отрядтары белорус ормандарында шайқасты. Украин жерінде Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры С. Ковпактың партизандық бірлестігінде Қасым Қайсеновтың отряды болды.
900 күн қоршауда қалған ленинградтықтарға қазақтың халық ақыны Жамбыл «Ленинградтық өренім» атты жалынды жырын арнады.
Қазақстандықтар Варшаваны, Софияны, Белградты, Праганы азатетушілердің қатарында болды.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.
Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет.
Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облысы, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды.
Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазакстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды.
1938 жылдың көктемінде 70 корей ұжымшары республиканың 8 облысына – Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанға көшірілді.
Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан-қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді.
1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды.
1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, жалпы саны 45,5 мың адам Қазакстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасылар Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды.
Жалпы саны 40 мыңдай балқардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарға қоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді.
1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті.
1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына орналастырылды.
1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері Берияның бұйрығымен түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді. Жалпы, 1943-1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.
Жергілікті қазақ халықының үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.

--------------------------------------------------------------------------------------------------


Соғыстан кейінгі кезеңде Коммунистік партия идеологиялық жұмысты күшейтуге кірісті. БК(б)П ОК-нің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы, «Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы», «Большая жизнь» кинофильмі туралы қаулылары жарық көрді.


Қазақстанда аталған қаулыларды негізге алған саяси науқан 1946 жылы 26 қыргүйекте Алматыда өткен әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысынан бастау алды.
Жазушы Ә. Тәжібаевты «Біз де қазақпыз» кітабында патшалар мен хандарды мадақтағаны үшін сынға алды. Журналдар идеологиялық зиянды еңбектерді басқаны үшін кінәлі деп табылды.
Қазақстан БК(б)П Орталық Комитетінің 1947 жылы шыққан «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателер туралы» қаулысымен қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі, әсіресе, ХХ ғасыр басындағы рухани мұрасын ғылыми зерттеуге шек қойылды.
М. Әуезовтің шығармашылық және ғылыми қызметі сынға алынды. Ол орысқа қарсы, реакцияшыл, кертартпа көзқарасты насихаттаушы ретінде айыпталды.
1948 жылы қыргүйекте ҚК(б)П ОК-нің «Қазақ кеңес әдебиетінің жағдайы және оны одан әрі дамыту туралы» қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес ҚК(б)П ОК-і Жазушылар Одағын нақты тақырыбы, жанры және орындалу мерзімі көрсетілген шығармалар жоспарын бекітуге міндеттеді.
1948 жылы 23 ақпанда Қазақстан композиторлар Одағының жалпы жиналысы өтті. Е. Брусиловский, В. Великанов сияқты сазгерлер «Орыс музыкасы классиктерінің тәжірибесін мансұқ еткені үшін» сынға алынды.
1949 жылы ҚК(б)П ОК-і Қазақстан Суретшілер Одағының қызметін тексеру үшін комиссия құрды. Комиссия ұсынысымен ҚКСО (Қазақстан кеңестік Суретшілер Одағы) басқармасы қайта сайланды.
Мәскеуде «Дәрігерлер ісі», Лениградта «Ленинград ісі» деп аталған саяси күйрету шаралары жүріп жатқан кезде Қазақстанда «Бекмаханов ісі» қолға алынды.
1951 жылы 10 сәуірде ҚК(б)П ОК-нің «Правда» газетінде жарияланған «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан сөз ету туралы» мақала жөнінде қаулысы шықты. Тарихшы Е. Бекмаханов қуғынға ұшырады. Ол партия қатарынан шығарылды, «Кеңеске қарсы әрекеті үшін» қызметінен босатылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сынаушылар Е. Бекмахановтың еңбектерін орысқа қарсы жазылған және онда Ресейге қарсы ұлттық көтерілістер дәріптелген деп автордың «буржуазияшыл-ұлтшыл көзқарастарын» айыптады.
Ірі ғалым Ә. Марғұланның көзқарасы ғылымға жат деп танылды.
Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қ. Сәтбаев, дарынды жазушы Ю. Домбровский Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды.
Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезовке де Отанынан тыс жерден баспана іздеуге тура келді.
Биология, медицина және геология ғылымдары салаларында жемісті еңбек етіп жүрген көптеген ғалымға «космополит» деген айдар тағылды.
----------------------------------------------------------------------------------------------------

Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды.


Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.
Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 миллион гектар тың және тыңайған жер жыртылды. Оның 6,5 миллион гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда болды.
Тың жерлерді игеру Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді.
1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді.
1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын.
Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды.
1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 миллион гектар тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 миллион гектар, яғни 66,6% жер жыртылды.
1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20 мыңға жуық адам келді.
Тың игеруге келген әр адамға 150 мен 1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылығы салығынан босатылды.
1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.
1956 жылы тың игерушілер 16 миллион тонна астық жинады.
Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты.
Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалды елге айналды. Қазақстан жерінде тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер көптеп салына бастады. Он мыңдаған шақырым жол төселді.
Тың игерудің рухани, демографиялық және экологиялық зардаптары да зор болды.
1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 миллион гектар жер жел эрозиясына ұшырады.
1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 миллион адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың жойылып кету қаупі туды.
Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
Малшаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жер жыртылғандықтан малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Малшаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық руханияты ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды.
1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29%-н ғана құрады.
Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды.
Енді қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді.
Қазақ елінің елдімекендері мен жер-су атаулары орысша атала бастады.
1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты.
Тың игерудің қорытындысы бойынша Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------


Экономикалық мәселелерді шешуде субъективизмді, валюнтаризмді және өктемдікке әуестікті жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.


Елде қалыптасқан жағдайды түзеу және бұрын жіберілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шаралар 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылданды.
Пленум Н.С. Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты, оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И. Брежневті сайлады, ал КСРО Жоғарғы Кеңесі Кеңес үкіметінің басшысы етіп А.Н. Косыгинді тағайындады.
КОКП-ның 1965 жылғы қыргүйек пленумында өнеркәсіпті салалық ұстаным бойынша басқару және өнеркәсіптің салалары бойынша республикалық және одақтық министрліктер құру қажет деп ұйғарылды.
Сонымен қоса кәсіпорындарға көбірек дербестік беру, шаруашылық есепті дамыту, жұмысшылар мен қызметкерлерді экономикалық ынталандыру, материалдық көтермелеу ұсынылды.
Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халықшаруашылығы кеңесі таратылды.
Салалық одақтық-республикалық министрліктер құрылды.
Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су-электр станциясы техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді.
1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.
1966 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты және Шымкент цемент зауыты жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті.
Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.
1960 жылдар ішінде Қазақстанда жеңіл және тамақ өнеркәсібі тез дамыды.
Бұл кезеңде салынған кәсіпорындардың ішіндегі аса ірілері – Алматы мақта-мата комбинаты, Жамбыл былғары аяқкиім фабрикасы, Қостанай костюмдік штапель маталар комбинаты, Қарағанды аяқкиім және шұлық фабрикалары, Жезқазған, Семей, Ақтөбе тоқыма фабрикалары болды.
Бұл жылдары Ақтөбеде, Шымкентте, Жамбылда, Теміртауда жаңа ет комбинаттары өнім бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада 14 жеңіл өнеркәсіп орны салынды.
Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------

Теміртауда бүкілодақтық комсомол-жастар құрылысы мәртебесіне ие болған қазақстандық «Магнитка» металлургиялық зауытының құрылысы іске қосылды.


Теміртау халқының күрт өсуіне байланысты жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алда тұрды.
Алайда өндіріс аясындағы дағдарыс одан әрі тереңдей берді.
1959 жыл 1 тамызда, сенбі күні кешке жұмысшылардың бір тобы ауысымнан кейін бірде-бір ашық асхана таппады. Асханалар мен дүкендерде ойран салу әрекеттері басталды, көшелерде ереуілдер мен бүліктер ұйымдастырылды, қалыпты өмір-салты бұзылды.
Бүлікті басу үшін милиция мен Қарлаг әскерлері жұмылдырылды. Қару қолдану жағдайлары да болды.
Болған оқиғалар жайында БАҚ ешқандай хабар бермеді.
1959 жылдың казан айында Мәскеуде болған КОКП ОК-і Президиумының мәжілісінде Теміртаудағы оқиғаларға байланысты «Қарағанды металлургия зауытын салу мәселелері туралы» қаулы қабылданды.
Теміртаудағы бүліктің негізгі себебі жұмысшылар арасында тәрбие және саяси үгіт-насихат жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі деп есептелді.
Бірақ бұл оқиғалардың басты себебі елдегі басқару ісінің негізгі принциптеріне байланысты еді. Басты назар адам мен оның жеке мәселелерінде емес, өндірістік салада ғана болды.
1979 жылы КОКП Қазақстан жерінде Неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады.
Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды.
Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды.
1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады.
Шеруге қатысушылардың кейбіреулері әкімшілік жолмен жазаланды.
Целиноградтағы оқиға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің алғышарты болды.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына ондаған жыл бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер – қоғамдық-әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі, орталықтың өктемдік әрекеттері себеп болды.
Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды.
Пленумда Г.П. Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д. Қонаев орнынан босатылып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин тағайындалды.
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады.
Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады.
Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.
Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жас оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.
Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды.
Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.
1987 жылы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.
Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті.

---------------------------------------------------------------------------------------------------


1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды.


Семей облысында орналасқан ең ірі атом полигонында 450-ден астам жерүсті және жерасты ядролық сынақтарының нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды.
Кеңес еліндегі ядролық қару сынақтарының 70%-ға жуығы Семей полигонында өткізілді.
Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен 1989 жылы құрылған Невада-Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салуды талап етті.
Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады.
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор.
Оның солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай өндірудің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты.
Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суы теңізге жеткізілмей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді.
Ғалымдардың есептеуі бойынша теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады.
Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды.
Аралды сақтап қалуға арналған халықаралық қор құрылды.
Арал апатына себеп болған факторларға мыналар жатады:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын көп егу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі.
Балқаш көлі алабында да күрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр.
1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле өзенінің гидрологиялық режимін өзгертіп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдайды өзгерте бастады.
Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануарлар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауылшаруашылығына көп зиян келді.
Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іледе қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті болды.
Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық.
Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады.

----------------------------------------------------------------------------------------------------


КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті.
Арнайы 18 млн гектар жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.
Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы 29 тамызда таңғы сағат 7-де естілді.
Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жерүсті және жерасты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға жәнелитосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды.
Халыққа сынақ туралы ескертілмеді.
Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.
Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады.
1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде қуаты әртүрлі 113 ашық жарылыс жасалып, ол сынақтардың зардабы зор болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады.
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаетың 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Семей сынақ алаңы жабылды.
Біздің елдегі әскери техника қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.
Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.
1989 жылдың ақпанында «Невада-Семей» қозғалысын басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының 3 млн гектар аумағын Капустин Яр сынақ алаңдары алып жатты. Бұл жерлерде 55 жыл бойы күрделі әскери сынақтар жүргізіліп келді, ал Азғыр атом сынақ алаңында 13 жыл бойы (1966-1979 жж.) ядролық жарылыстар жүргізілді.
Азғыр сынақ алаңында 17 рет жерасты жарылысы болды. Азғыр атом сынақ алаңында 1979 жылы жарылыс тоқтатылды. Бірақ ондағы экологиялық жағдай қалыпқа келген жоқ.
Байқоңыр ғарыш айлағы – жер бетіндегі 19 айлақтың бірі. Ол Қызылорда және бұрынғы Жезқазған облыстарының аумағында, Төретам темір жол стансасының маңыңда орналасқан.
1955 жылы 12 ақпанда КСРО үкіметінің Төретам стансаның маңынан сынақ алаңын құру туралы жабық шешімі шықты. Орын таңдауда бірнеше фактор ескерілді. 1. Жылдың көп мезгілі бұлтсыз, ашық. 2. Халықтың аз қоныстануы 3.Жердің айналуының ең жоғары жылдамдығы осы жерге келеді.
1957 жылдан жұмыс істей бастаған космодром төңіректегі 180 мың гектар аймақты шаруашылық жағынан іске жарамсыз етті. Ауаға гептил тарай бастады.
1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан орбитаға дүниежүзіндегі тұңғыш жасанды жер серігі шығарылды.

---------------------------------------------------------------------------------------------------


КСРО құрамындағы одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі кезең басталды.
1985 жылдың көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді.
1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды.
М.С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз «командасын» жинады.
1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды.
Онда қоғамды түбегейлі өзгерту жөне әлеуметтік экономиканы дамытуды тездету тапсырылды.
М.С. Горбачев саясатының ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құру.
Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді.
М. Горбачев командасы экономика мәселелерін әлі бұрынғыша әмір беру әдістерімен шешуге болады деген сенімнен арылмады.
Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады.
1987 жылғы Маусым пленумы әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды.
Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды.
1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі жөніндегі декларация қабылданды.
Қазақстанда одақтық заңдардан республикалық заңдардың басымдығы туралы ұстаным жария бола бастады.
1990 жылы желтоқсанда Қазақстан президенті болып Н.Ә. Назарбаев бекітілді.
Қазақстанда «Қазақ КСР-індегі меншік туралы заңның» қабылдануы экономикада түбірлі бетбұрыс жасап, нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болды.
Алайда республика бұрынғыша шикізат көзі болып қала берді. Рухани идеологиялық өмір отарлау жүйесінің толық ықпалында болды.
Ғылым мен ағарту саласында қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды.
Аса маңызды мәселелердің барлығы Мәскеуде шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------

Елде іске асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың кеңінен дамып, өрістеуіне жағдай жасады.


1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына Н.Ә. Назарбаев келді.
Ең алдымен халықты «қазақ ұлтшылдығы» деген айыптаудан арашалауға күш салынды.
Билік жүйесіне реформатор бірқатар жас келді.
1987 жылы Қазақстан КП Орталық комитеті мен Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қазақ және орыс тілдері туралы қаулылары шықты.
Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға бағытталды.
1989 жылдың қыргүйегінде республиканың Жоғарғы кеңесінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-дегі тілдер туралы» заңын қабылдауы үлкен оқиға болды.
Бұл құжатта Қазақ КСР-інің мемлекеттік тілі қазақ тілі деп көрсетілді. Орыс тілі республикадағы ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды.
1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейінгі бір жылдың ішінде республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін 482 балабақша, қазақ тілінде білім беретін 155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық училище, жоғары оқу орындарында факультеттер, бөлімдер ашылып, қазақ тілін үйрететін топтар құрылды.
Көпұлтты Қазақстанда тіл саясатының салауатты жүргізілуі қоғамның саяси орнықтылығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі еді.
Қазақстан КП Орталық комитетінің идеология және ғылым мәселелері жөніндегі әр жылдары қабылданған қаулыларының күші жойылды.
Қазақ фольклорының, әдебиеті мен өнерінің бұған дейін тыйым салынып келген көркем шығармаларын тереңірек зерттеу мүмкіндігі туды.
1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің қаулысымен 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялылары: ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.), жазушы әрі ғалым Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931 жж.), жазушы, педагог Міржақып Дулатұлы (1885-1935 жж.), тіл, әдебиет, саясат, ғылым, журналистика саласында мол мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937 жж.), атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог Мағжан Жұмабаев (1893-1936 жж.) ақталды.
Осы кезден бастап баспасөз бетінде аса көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Құдайберген Жұбановтардың өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты шындықтар айтылған материалдар көптеп жариялана бастады.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын талап етті.


1991 жылы 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдары, 2002 жылы «Саяси партиялар туралы» заңы қабылданды.
Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», «Қазақстанның социал-демократиялық партиясы», «Қазақстанның социалистік партиясы», «Қазақстанның республикалық партиясы» және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды.
Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени саланың біреуіне байланысты көзқарастарын білдіретін бірлестіктер.
1980 жылдардың аяғына қарай Қазақ КСР-де демократиялық процестің жандауына байланысты қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.
1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О. Сүлейменов болды.
Қозғалыс төрағасы О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды.
Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.
1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды.
Қазақстанда бұдан басқа «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.
1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді.
1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді.
1990 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды.
1998 жылғы қарашада «Ақ жол» қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты – президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру.
2001 жылы қарашада «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды.
Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып құрылды.
Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйым, 68 әртүрлі қор тіркеуге алынды.
1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастар мен демократияландыруды дамытуға үлес қосады, халықтың саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
-----------------------------------------------------------------------------------------------

1989 жылы Ресейдегі Кузбасс, Украинадағы Донбасс кеншілерінің ереуілін қолдай отырып, Қарағанды көмір бассейнінде істейтін жұмысшылар 20 шілдеде жұмысты тоқтатып, еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеуді жетілдіру, тұрмыс пен демалыс жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар талап қойды


Ереуілдің негізгі себептері КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігі, «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігі тарапынан қалалар мен жұмысшы поселкелері еңбекшілерінің әлеуметтік мұқтаждықтарын елемеуі, Қарағанды бассейнін дамыту жөніндегі партия мен үкімет шешімдерінің үнемі орындалмауы, шаруашылық реформасының баяу жүзеге асырылуы болды.
Ереуіл кезінде қалалық, облыстық ереуіл комитеттері (кейін жұмысшы комитеттері) құрылып, олар кеншілердің негізгі талаптарын ұсынды.
КСРО Министрлер кеңесінің 1989 жылғы 3 тамыздағы №608 қаулысымен, т.б. шешімдермен 1989 жылы қазан айына дейін талаптардың жұмыс ерекшелігіне байланысты қосымша ақы төлеу, басқару аппаратын қысқарту, жоспардан тыс пайданың 70%-ын кәсіпорын қарамағына калдыру, медициналық қызметті жақсарту т.б. туралы шахтерлердің 25 талабы орындалды. Көптеген талап КСРО-ның «Зейнетақымен қамтамасыз ету» және «Демалыс туралы» зандарының жобасына енгізілді.
1989 жылы маусым айының 16-19 күндері Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жергілікті халықтың бас көтеруі болды.
Жетібай, Құрық, Шетпе, Бейнеу кенттерінде, Қаламқас, Қаражанбас кен орындарында, Форт-Шевченко, Ақтау қалаларында жаңаөзендіктерді қолдаған халық толқуы болып өтті.
Бұл толқуға облыс көлемінде 80 мыңға жуық адам қатысты.
Бұл әлеуметтік қақтығыстың шығуына басқа республикалардан келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың мүддесімен санаспауы себеп болды.
Дүмпу жергілікті тұрғындар мен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнен басталып, арты қақтығысқа ұласты.
Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. Сырттан келгендердің көпшілігі қаладан кетуге мәжбүр болды.
Бұл оқиғаның астарында жылдар бойы қордаланып, дұрыс шешімін таппаған тұрғын үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезек, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ мұнай мен газ өндірісін Мәскеудегі орталықтан басқаратын одақтық министрліктердің, әміршіл-әкімшіл жүйенің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар даярламай, жұмыс күштерін республикадан тыс жерлерден әкеліп, жергілікті халықтың мүддесін ескермей жүргізген сыңаржақ саясаты жатты.
1990 жылы құрылған Орал казактарының ұйымы алғашында мәдени шаралармен шектелгенмен, бірте-бірте бұл қозғалыс саяси мәселелерге араласа бастады.
Олар Орал казактарының Ресей патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын кең ауқымда атап өтуге дайындала бастады. Орал облысынан территория бөліп, автономия жарияламақшы болған казактардың бұл арандату әрекеті жергілікті халықтың ашу-ызасын тудырды.
Шіркеу басшылары ұлтаралық ахуалды ушықтыруда ерекше рөл атқарды. 15 қыргүйекте казактар тұрғылықты халықтың наразылығын ескермей қаладағы шіркеуде құдайға құлшылық етумен қатар, казак мерекесіннің тұсауын кескен ресми шараларын өткізді.
Шіркеуден соң әскери жасақ қала көшелерінде әскери шеру жасап, «Зенит» мәдениет үйіне қарай жүрді. Еш кедергісіз мәдениет үйіне өткен олар мерекелік шара деген желеумен «Орал казак әскери одағының құрылтайын» (съезін) бастады.
Жергілікті биліктің «әрекетсіздігіне» ашуланып, наразылық акциясына жиналған халық мәдениет үйін күшпен босатпақшы болып лап қойды. Ашулы халық мәдениет үйіне тас лақтырып, бірнеше қайтара милиция мен ЕММЖ (ерекше мақсаттағы милиция жасағы) жасақтарын бұзатындай әрекетке барды.
Жағдайдың ушығып кетуінен қорыққан құқық қорғау органдары казак жасақтарын мәдениет үйінен шығаруға мәжбүр болды. Казактар құрылтайы тоқтатылып, олар клубты тастап шықты.
Оқиға ешқандай жанжалсыз шешілді. Дегенмен бұл республика басшылығы мен жергілікті билік үшін үлкен сабақ болды.

----------------------------------------------------------------------------------------------


Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең – 1991-1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар аралығы, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы кеңестің сессиясында мақұлданып, президенттің жарлығымен бекітілді. Ал үшінші кезең 1996-1998 жылдарды қамтуы тиіс болды.
Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б.
Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жекеменшік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.
1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыру, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіру басталды.
Ең басты жұмыс – бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді.
Бағаны ырықтандырудан кейінгі, екінші атқарылған іс – жекешелендіру.
Мемлекет меншігінен алу процесі 1992 жылы басталды.
Ол алғашында сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және басқа қызмет көрсету салаларын сату түрінде өтті.
Алғашқы жылы 6200-дей ұсақ мекеме жекешелендірілді.
Ірі кәсіпорындар, әсіресе, өнеркәсіп орындары сол кездегі қолданыстағы заңға орай еңбек ұжымдарына берілді. Бұлар негізінен жеңіл өнеркәсіп мекемелері еді.
Жекешелендірудің басты үш кезеңі белгіленді.
Жалпылай жекешелендіру азаматтардың 97%-на тегін купондарды беріп қана қоймай, купондарды өз қалауынша инвестициялық-жекешелендіру қорларында сақтауға мүмкіндік берді. Инвестициялық-жекешелендіру қорларында емін-еркін ақша айналымы болмағандықтан, олар купондарды дер кезінде ақшалай түрде азаматтарға қайтара алмады.
Шағын жекешелендіру шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал жасады. Оның объектілеріне көтерме және бөлшек сауда нүктелері, қоғамдық тамақтандыру орындары, өндірістік мекемелер және басқа да қызмет түрлері жатты.
Жеке жобаларға байланысты жекешелендіру аса ірі (5000-нан аса жұмысшысы бар) мекемелерді қамтыды. 1994 жылдан бастап мұндай мекемелер шетелдік басқаруға беріле бастады. Олардың қатарында Павлодар алюминий зауыты «Уайтсвен ЛТД», Соколов-Сарыбай тау-кен өндірісі «Айведон», Ақтөбе ферроқорытпа зауыты «Джапан Хром Корпорейшн» және т.б. болды.
1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы – теңге айналымға түсті. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Қазақстан осы күннен бастап экономикалық дербестік жолына түсті.
Алайда нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді.
Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық валюта қоры ұсынған «есеңгіретіп емдеу» деп аталатын жолға түсті.
Қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмаған еді.
Мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады.

------------------------------------------------------------------------------------------------


1980 жылдардың аяғына таман Кеңес мемлекеті ыдырай бастады.


КСРО халық депутаттары бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық, дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады.
Қоғамды жаңғыртуға бағытталған қозғалысты Н.Ә. Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысты.
1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.
1991 жылғы тамыз оқиғасы КСРО-ның күйреуін жылдамдатты.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кездесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер 1922 жылғы КСРО құру туралы келісімшартты жою және Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру болды.
Одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімін) шешімін қолдайтындарын білдірді.
1991 жылы желтоқсанның 16-сында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
Тәуелсіздік қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі бұған дейін тоталитарлық әкімшілік жүргізіп келген қазақ халқын ассимиляциялау, қазақ жерін Ресей империясының бөлігіне айналдыру саясатының күлін көкке ұшырды.
Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жағдай жасалды.
Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашылды. Бұқаралық ақпарат идеологиялық бақылаудан құтылды. Пікірдің алуантүрлілігіне жол берілді. Тарихтағы ақтаңдақтар сырлары ашылды. Жазықсыз жазаланғандар ақталды.
Дүниежүзі мемлекеттерімен экономикалық байланыстар артты.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

------------------------------------------------------------------------------------------------


1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан демократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың жолында тұрды.
Нарықтық экономика құрылымына негізделген демократиялық қоғам Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының таңдап алған жолы болды.
Конституция – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Ата Заңы.
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Ата Заңы – конституция қабылданды.
Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды.
«Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік қоғам құруға ұмтылып отырған мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінді.
Қазақстан Республикасы – президент басқаратын унитарлы мемлекет.
Мемлекеттік үкіметтің бірден-бір қайнар көзі – халық. Халық өз билігін республикалық референдум мен еркін сайлау арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік үкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну қағидасына сәйкес және олардың өзара қатынастары негізінде Қазақстан Республикасының конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.
Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмірге өзгерістер енді. Бұрынғы уақытта үкімет-қоғам формуласы іс жүзіне асырылса, ендігіде керісінше қоғам-үкімет негізге алынды.
Мазмұндық және құрылымдық жағынан мемлекеттік басқару органдары бірқатар өзгерісті басынан кешірді.
Конституция берген өкілдік шеңберінде мемлекет атынан президент сөйлейді. Қазақстан Республикасы президенті – мемлекет басшысы және ең жоғарғы лауазым иесі.
Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісімді қызметін және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының парламенті – республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган.
1995 жылғы конституция бойынша елімізде заң шығарушы орган – екі палаталы парламент жұмыс істейді. Жоғарғы палата – сенат, төменгі палата – мәжіліс.
Үкімет – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдарға басшылық етеді және олардың қызметін бақылайды.
Үкіметті президент құрады, ол президент алдында жауапты және оған есеп береді. Премьер-министрді парламентпен келісе отырып президент тағайындайды.
Премьер-министрдің ұсынысын ескере отырып президент үкіметтің құрылымын анықтайды, оның мүшелерін тағайындайды және босатады. Республиканың үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, жояды немесе қайта құрады.
Қазақстан Республикасында әділеттікті тек сот жүзеге асырады.
Сот билігі азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғайды.
Сот билігі органдары: Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, сондай-ақ төмен тұрған соттар.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жағдайға жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады
Жергілікті өкілетті орган – мәслихат тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындар еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, оны жүзеге асыру шараларын анықтайды.
------------------------------------------------------------------------------------------------
Тәуелсіздік алған жылдары елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді.
Партия – саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекер буын қызметін атқара алады. Партия халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.
1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан ең көп саяси күш болды.
«ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы) Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырауы нәтижесінде құрылды. ҚХКП-ға ҚКП-дан 15 мың адам мүшелікке өтті. Партия 2004 жылы сәуірде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.
Партияның мақсаты – қоғамда шынайы халық билігін, терең адамгершілік, еркіндік және ғылыми-техникалық жаңғыру негізінде дамыған экономика, әлеуметтік әділеттік орнату.
«ҚХКП» сипаты – халықтық-коммунистік, мақсаты – коммунизм идеясын сақтай отырып, нақты жағдайда әлеуметтік әділетті қоғам құруға қол жеткізу.
1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды және «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.
Осы кезде «Желтоқсан» партиясы да құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. Ал жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, Қазақстанның халық конгресі және Коммунистік партия.
1994 жылы желтоқсанда «Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы», 1995 жылы қаңтарда «Қазақстанның өрлеу партиясы», 1995 жылдың басында «Қазақстанның аграрлық партиясы», 1995 жылы жазда «Қазақстанның демократиялық партиясы» құрылды.
1999 жылы қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.
Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін «Отан» партиясы өзімен мақсат-мүддесі бір «Асар», «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялармен бірігуі нәтижесінде қайта құрылды.
Сипаты халықтық-демократиялық болды, мақсаты – халықты өзін-өзі басқаруға қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекет арасында үйлесімді қатынасқа қол жеткізу.
ҚР парламентінің 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы конституциясына партиялық тізім бойынша сайлауды елдің сайлау жүйесіне енгізуі партиялық құрылыс процестерін тездетті.
Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партия мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыс, бірлестік құрылды.
2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті.
2002 жылы шілде айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңы және 2009 жыл 6 ақпандағы осы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдің партиялық жүйесін одан әрі құрылымдық жағынан сапалы түрде өзгертті.
2006 жылы желтоқсан айында «Отан» партиясының10-съ езінде партияның аты «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық Партиясы болып өзгертілді. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында партия айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
2013 жылы қазан айында «Нұр Отан» партиясының ХV съезі болып өтті. Онда «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы «Нұрлы болашақ жолында» қабылданды.
Мәжілісте «Нұр Отан» көпшілік орынды иеленді.
2011 жылы республикада Қазақстан азаматтарының әртүрлі көзқарастарының кең шоғырын көрсететін 10 саяси партия тіркелді.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы партиялық жүйе қоғам мен мемлекет байланысының тиімді механизмі болып саналады және қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту процестерінде маңызды рөл атқарады.
------------------------------------------------------------------------------------------------

Бұл процесс айтарлықтай көп уақытты – XVII-XVIII ғасырлардан XX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтыды. Осы кезең оқиғалары қазақ диаспорасын қалыптастыруға негіз болды.


«Диаспора» деген сөздің өзі грек тілінде «шашырау», «шашырай орналасу» дегенді білдіреді, яғни «ұлт шашырандысы» деп қолдануға болады.
Диаспоралогия – диаспора мәселелерін зерттейтін ғылым.
Диаспора миграция нәтижесінде пайда болса, ирреденттер соғыс, аннекция, даулы шегара сызықтары немесе отарлау саясаты нәтижесінде қайта бірікпей өз елінің шегінен тыс, тарихи автохтонды ұлттың шегаралас өлкелерде қалып қойған бөлшектері болып есептеледі.
«Ирредент» сөзі грекше «қайта бірікпеген» деген мағына береді.
Қазақ диаспорасы – атақонысынан түрлі саяси науқандар мен нәубеттердің, түрлі соғыстардың нәтижесінде алыс-жақын шетелдерге кеткен қазақтар.
Басқа мемлекеттің құрамында тұрып жатқан қазақтар өздерін атам заманнан бері сол жердің автохтонды тұрғынымыз деп есептейді.
Ал диаспоралар – халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап, Қытайға көшіп кетті.
1932 жылы Қазақстан байырғы халқының 64 пайызынан айрылды. Қазақстан халқының саны 1930 жылы 5,9 миллион адамнан 1933 жылы 2,5 миллион адамға дейін азайды.
Алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шегарасынан шығып, босқын болған шаруалар саны 1 миллионнан асты.
Қазақ диаспорасын құраушы келесі бір топ – ІІ дүниежүзілік соғыста неміс тұтқынына түсіп, Сталиннің атақты бұйрығынан соң Еуропада қалып қойған, одан әрі әлемге тараған қазақтар.
Қазақ диаспорасының келесі бір шоғыры – Шыңжаң қазақтарынан шыққан қазақ диаспорасы.
ХХ ғасырдың «Елім-айы», туған жерден еріксіз ажыраудан туған зарлы шер – «Ағажай, Алтай» әні сол қасіретті жылдардағы халық туындысы.
Қазіргі күні қазақ диаспоралары мен ирреденттері және атажұрт Қазақстан арасында тығыз қарым-қатынас орнаған.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы аясындағы іс-шаралар олардың өзге елде этникалық топ ретінде сақталып қалуына ықпалын тигізіп отыр.
Қазақ елінің өзін-өзі ұлт ретінде сақтап қалуға мүмкіндік беретін жері Қазақстан Республикасы болғандықтан, этнодиаспоралық кеңістіктерден атамекенге қоныс аудармақшы болған ұлт өкілдеріне мемлекет тұрғысынан заңды түрде көмек көрсетіліп отыр.

-------------------------------------------------------------------------------------------------


Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мақсаты – елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, субрегиональдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталуымен ерекшеленеді.
Ресей, Қытай, Батыс пен Түрік-ислам әлемі арасындағы күштерді дұрыс теңестіру Қазақстанның бүкіл сыртқы геосаясатының негізі болып саналады.
1992 жылы наурыз айында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымыына мүше болып қабылданды.
Жалпы алғанда, Қазақстан әлемдік қауымдастықтың 138 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты және ТМД елдері арасында дипломатиялық өкілдіктің ең тармақты желісін иеленіп отыр.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 56 елде 75 шетелдік өкілдік, 45 елшілік, 6 дипломатиялық уәкілдік, 8 бас консулдық пен 6 консулдық ашты.
Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруға бағытталып отыр.
Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдынғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.


3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын әрі ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.


1992 жылы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды.


1992 жылы тамызда Қазақстан президентінің Қытай Халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде сауда байланыс жолдары ашылды.
1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шегара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды.
1996 жылы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізіліп, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрылды.
1991 жылы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды.
Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетіп отыр.
1993 жылы президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды.
1996 жылы 31 қыргүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
1992-1994 жылдары ырықтандыру (либерализация) жүргізілді, нарықтық катынастың заңдылық негізі жасалды.
1995-1999 жылдары өндірістік секторды жетілдіру (өнеркәcіптерді тәртіпке келтіру, банкроттық, жекешелендіру, демонополизация), экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бюджеттік жүйедегі заң, ұлттық банк, салық пен міндетті төлем, құнды қағаздар нарығы және т.б. туралы заңдар қабылданды; зейнетақы жүйесіндегі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен білім беру саласындағы реформалар, ел дамуының алғышарты болатын «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды.
2000-2006 жылдары Қазақстан экономикасында сатылы даму байқалып, қаржылы сектор одан әрі нығая түсті.
Осы уақытқа дейін елдің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне қатысты стратегиялар қабылданып, Ұлттық қор мен Даму банкі құрылды.
Ипотекалық несиелеу туралы, сақтандыру қызметі, салық кодексі, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде заңдар қабылданды.
Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тiкелей шетел инвестициясы тартылды.
Қазақстан ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып, тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және сыртқы қолайсыз факторларға тәуелдi болмау үшiн Ұлттық қор құрды.
Дүниежүзiлiк банктiң есебі бойынша қазiргi уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегi елдердiң тобына кiредi.
Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен көш бастады.
1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміздің экономикасына әлемнің 60 елінен 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды.
Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестицияның 80 пайызы Қазақстан еншісінде болып тұр. Ал экономикаға қосылған ішкі инвестициясының көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр.
Сонымен қатар Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін ел экономикасын көтеру ісіне тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке айналды.
«Қазақстан-2030» бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты жетістігі мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды.
Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақстандықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты.
Қазақстан байлығының 80 пайыздан астамы жекешелендірілген, қазірдің өзінде республикамызда 500 мыңға жуық кәсіпкерлік субъекті құрылған. Онда 2 миллионнан астам адам жұмыс істейді.
Елімізде ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасы құрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет