Тексерілді
Балабақша әдіскері: С.Ш.Мукаева.
Уақыты: 17.04.2013
Тобы: «Нұрбөбек»
Тақырыбы: «Әдемі гүлдер»
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет : Мүсіндеу.
Мақсаты: Балаларға мүсіндеудің әдіс- тәсілдерін меңгерте отырып,шығармашылық қабілеттерін
жетілдіру.
Білімділік:Балаларға гүлдер туралы түсінік беру,дала гүлдері мен бөлме гүлдерін ажырата білуге
дағдыландыру.
Дамытушылық:Мүсінделген бейнеге сипаттама беріп,ой-қиялдарын дамыту. .
Тәрбиелік: Ұқыптылықпен жұмыстануға баулу .
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Гүлдер жайлы түсінік беру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: Гүлдер бейнеленген суреттер.
Билингвалдық компонент: Гүл-цветы.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Жарқырап күн де ашылды
Айналаға гүл шашылды
Біз-нәзік қыздармыз!
Біз- ержүрек ұлдармыз!
Қайырлы күн достарым!
-Жарайсындар,балалар бүгін сендер өте
мейірімді жүздеріңнен күн нұры
төгіліп
тұрғандай әсемсіңдер.
Олай болса мейірімді жүзімізбен бүгінгі
оқу іс әрекетімізді бастайық.
Шеңбер болып тұрып, жүздерін
шаттық шеңберінде қуанышқа
бөлеп,жарқын жүздерімен амандасу.
Бүгінгі күнді
балалар ерекше көңіл
күймен бастау.
Іздену –
ұйымдастырушы
Балалар назарын аударту.
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше
болмақ.Біз бүгін «Әдемі гүлдер» еліне
саяхатқа шығамыз.
Музыка әуенімен балалар көздерін
жұмып,саяхатқа аттану.
Мінекей балалар көзімізді ашайық,гүлдер
елінеде келіп қалдық, мына бір әдемі
гүлдер бейнеленген суретке назар
салайық.
Бейнеленген бейнеде гүлдер жайлы түсінік
-Таң қалуы.
- Қуана қабыл алуы.
-Келген қонақпен балалардың
амандасуы.
беру,әңгімелеу.
-Гүлдер балалар дала және бөлме гүлдері
болып екіге бөлінеді.Бейнеде дала гүлдері
бейнеленген.Дала гүлдері көктем
мезгілінде күн жылына бастаған кезде
жайқалып өсе бастайды. Дала гүлдері кең
далада,өзен жағасында,орман алқабында
өседі.Ал бөлме гүлдері адамның көмегі
арқылы үйде бөлмеде өседі,бөлмедегі
гүлдерге назар аударту.Гүлдерді біз
анамыздың мерекесіне, туған күнінде осы
гүл атауларын сыйға тартамыз.Ендеше
балалар мына бейнедегі қызғалдақ гүлін
мүсіндеу әрекетімен жасап көрейік,біз
гүлді қалай бейнелеп жасай алады екенбіз.
Сергіту сәті
Картотека№18
Мүсіндеу кезеңі:
-Гүлдің әр бөлшектеріне түсінік беру.
Сабағы,гүлі,жапырағы.
-Тақтайшаға илеу әрекеті арқылы әр
гүлдің бөлшектерін мүсіндеу,бейнені
орындау.
-Тәрбиеші көмегімен гүл бейнесін
мүсіндеу.
Дидактикалық ойын
«Ауладағы гүлдер»
Барысы: Топқа үш шеңбер гүл
атауларымен қойылады,Сары қызғалдақ
сары шеңбер,Қызыл қызғалдақ қызыл
шеңбер,Ақ қызғалдақ ақ шеңдер.Балалар
қолына үш гүлдін түрлері таратылады.
Балалар өз гүлдерінің орнын
тауып,шеңберге тұру.
-Мінекей балалар әдемі гүлдер елінде
гүлдердің түрін білдік және гүл бейнесін
жасадық,ойын ойнадық енді өз тобымызға
оралайық.
-Зейін салып тыңдау.
-Тыңдау
-Бой сергіту.
-Тәрбиеші көмегі арқылы бейнені
мүсіндеу.
Топ болып қатысуы.
Топқа оралу.
Рефлексивті
коррекциялаушы
Музыка әуенімен көздерін жұмып,өз
топтарына оралы.
-Оқу іс-әрекет бойынша балалар
жұмыстарын жеке- жеке мадақтау.
Жеке-жеке мадақталуы
Күтілетін нәтиже:
Білуі
Гүлдердің түрлерін білуі.
Меңгергені
Гүлдердің дала және бөлме гүлдері болып екі топқа бөлінуін меңгеруі.
Жасай алуы
Гүл бейнесін мүсіндеу әдістерімен, бейнені мүсіндей алуы.
Тәрбиеші: С.Қ.Макарова