Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде дидактикалық ойын



бет1/3
Дата09.05.2023
өлшемі41,1 Kb.
#91373
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3

Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде дидактикалық ойын
Бастауыш сыныпта 6 жас пен 10 жас аралығында танымдық қызығушылық пен іс – əрекетті белсенді дамытуға мүмкіндік бар. Танымдық қызығушылықты дамыту – қоғамның кезек күттірмейтін сұранысы болғандықтан, еліміз толығымен жағартылған білім беру бағдарламасына көшіп отыр. Жаңа білім жүйесіне көшудегі өзекті мəселенің бірі – оқыту технологиясын жетілдіру. Оны ізгілендіру жəне демократияландыру, педагогикалық – психологиялық тұрғыдан сауатты оқушы тəрбиелеу баршаның ортақ ісі. А.Х. Аренова: «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру бұл оқу əрекетінің субъектілері ұстаз бен оқушының бір – бірімен қарым – қатынасының бірлігін дəлелдейтін күрделі тұлғалық құрылым», - деп анықтама берген.
Жаңа оқу технологиясында танымдық қызығушылықты қалыптастыру басым. Əсіресе математика пəнінде оқушылар үнемі бірсарынды есептерге ұқсас типтес есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар орындау бір шешім іздеу оны өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Танымдық іс – əрекетті қалыптастыратын жаттығулар оқушының шығармашылық шыңына жетуге көмектеседі. Ол үшін төмендегі міндеттерге көңіл бөлу қажет.

  1. Оқушының танымдық белсенділігін дамытуды ерте бастан қолға алған жөн.

  2. Оқушыны жүйелі түрде ұйымдастырылған танымдық қызығушылығын дамытатын тапсырмалармен ойлау мүмкіндігін ең жоғарғы деңгейге жетілдіру керек. Ол күнделікті сабақта біртіндеп жоғарылайтындай болған жөн. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  3. Танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы ең негізгі шарт оқушының өзіндік ойлауына еркіндік беру. Ол оқушының тапсырманы орындауына қызығушылығын арттырады.

  4. Оқушының өз ойымен қиындықты жеңе білуіне, жаңалық ашуына жағдай жасаған жөн.

  5. Ең бастысы математика сабағында дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану.

Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде дидактикалық ойынның маңызына жеке тоқталайық:



  1. дидактикалық ойын балалардың ақыл –ойына күш түсіретін міндеттерді, қызықты тапсырмаларды қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді;

  2. дидактикалық ойын бүлдіршіндердің танымын қалыптастырады. Өйткені олар әр түрлі ойыншықтармен, заттармен, қосалқы суреттермен, кесінді үлгілермен ойнайды. Осындай ойын үстінде олар түстерді ажыратуға, заттардың пішінін, көлемін, ерекше белгісін, сипатын білуге және құрылымын жасауға дағдыланады;

  3. ойын балалардың зейінін тұрақтандырады, есте сақтауын, іс-әрекетке икемділігін, қабілетін дамытып, байқағыштығын арттырады;

Демек, дидактикалық ойындар оқушыны математика пəніне терең даярлауда оның жеке тұлға болып қалыптасуына ойлау əрекетін дамытып, белсенділігін жетілдіріп, пəнге деген икемділігін, қызығушылығын арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет