Тема: Государство как высшая форма политической организации общества



бет1/10
Дата05.04.2022
өлшемі10,49 Mb.
#29965
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№7 лекция. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫК ҚОҒАМ.

  • САЯСАТТАНУ ПӘНІ
  • Лектор: с.ғ.к., доцент
  • Тәжітаева Райя Сеиловна

Лекция жоспары:

  • Лекция жоспары:
  • 1. Мемлекет қоғамныи саяси жүйесінің негізгі институты. Мемлекеттік ұйымның шығу тегі, мемлекеттің пайда болуындағы теориялар мен концепцияларды салыстырмалы талдау.
  • 2. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.
  • 3. Құкықтық мемлекет: пайда болу тарихы мен қазіргі амалдары.
  • 4. Азаматтық коғам концепциялары. Азаматтық қоғам мәні және белгілері.

Теологиялық теория,. өкілдері: А.Августин, Ф.Аквинский.

  • Теологиялық теория,. өкілдері: А.Августин, Ф.Аквинский.
  • Негізгі мәні: мемлекет құдайдың құдіретінің негізінде пайда болған, ал бүкіл билік құдайдан деп қарастырады. Өмірде қалыптасқан адамдардың теңсіздігі құдай еркімен белгіленген, соған көну керек, қарсылық жасамау керек.
  • Антропологиялық теория, өкілі: Аристотель.
  • Негізгі мәні: мемлекеттің шығуын адамның табиғатымен түсіндіреді. Адам қоғамдық (саяси) және ұжымдық тіршілік иесі, ол қоғамда, ең жоғарғысы мемлекетте өмір сүреді.
  • Патриархалдық теория. өкілдері: Конфуций, Платон, Аристотель.
  • Негізгі мәні: мемлекет – жетілген отбасы, монарх билігін әкенің отбасы мүшелеріне билігімен байланыстырылады.
  • Қоғамдық келісім теориясы. Өкілдері: Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо.
  • Негізгі мәні: мемлекет адамдар арасында, билеуші мен бағынушылардың арасында саналы түрде және еркіндікпен келісімге келу, шартқа тұру негізінде пайда болды.
  • Саяси күштеу және жаулап алу теориясы. Өкілдері: К.Каутский, Е.Дюринг.
  • Негізгі мәні: мемлекеттің шығуын әскери-саяси факторлардан: күштеуден, жаулаушылықтан, бір тайпаның екіншісін езіп-жаншуынан іздестіреді. Соғыстар нәтижесінде тайпалар, касталар, сословиелер, таптар қайта өзгереді.
  • Материалистік теория. Өкілдері: К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И. Ленин.
  • Негізгі мәні: мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырды.
  • Географиялық теория. Өкілдері: А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин
  • Негізгі мәні: мемлекеттің пайда болуын географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) ерекшеліктерімен байланыстырды.
  • Жалпы мемлекеттің пайда болуының ортақ және міндетті түрдегі себептері жоқ. Бұл үрдіске ықпал еткен факторлар: қосымша өнімнің артуы, технологияны жетілдіру, географиялық жағдай, этникалық қатынастар, халық санының өсуі, экология, соғыстар мен басып алушылық, сыртқы ықпалдар мен сауда, идеологиялық фактор және т.б. ықпал еткен.
  • Мемлекет дегенiмiз белгiлi бiр аумақ шеңберiнде қайсыбір халықты ұйымдастыру мен оның өмірін басқару үшін құрылған қоғамның саяси жүйесiнiң негiзгi элементi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет