Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары. Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе



Дата27.11.2023
өлшемі491,03 Kb.
#130182

Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары. Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе.

I Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары

Диффузия және броундық қозғалыс, сұйықтың жұғуы және капилляр бойынша көтерілуі, кебу мен қайнау, балқу мен кристалдану сияқты құбылыстарды МКТ – молекулалық-кинетикалық теория және оның үш қағидасы негізінде оңай түсіндіруге болады:

1. Барлық заттар бөлшектерден – араларында бос аралықтары бар молекулалар мен атомдардан тұрады.

2. Заттың бөлшектері үздіксіз және бейберекет қозғалыста болады.

3. Зат бөлшектері бір-бірімен өзара әрекеттеседі

МКТ І қағидасының сенімді дәлелі – ағылшын физигі Дж. Рэлейдің молекулалардың массалары мен өлшемдерін анықтауы болып табылады.

МКТ І қағидасының сенімді дәлелі – ағылшын физигі Дж. Рэлейдің молекулалардың массалары мен өлшемдерін анықтауы болып табылады.

d − молекула диаметрі

V – тамшы көлемі, жайылған тамшының көлемі

S − тамшы ауданы

  •  

Заттың барлық көлеміндегі молекулалар саны:

Заттың барлық көлеміндегі молекулалар саны:

Бір молекуланың массасы:

  •  

Зат мөл­ше­рі – берілген денедегі молекулалар санының 0,012 кг көміртектегі атомдар санына қатынасына тең шама.

Зат мөл­ше­рі – берілген денедегі молекулалар санының 0,012 кг көміртектегі атомдар санына қатынасына тең шама.

(моль)

Кез келген заттың бір моліндегі молекула мөлшері бірдей болады, бұл сан италиялық ғалым, физик және химик А.Авогадроның құрметіне Авогадро саны деп аталған.

Моль – 12 г көміртекте қанша атом болса, сонша молекуладан тұратын зат мөлшері.

Моль­дік мас­са – бір моль мөлшерінде алынған заттың массасы.

  •  

I Термодинамикалық жүйелер мен термодинамикалық параметрлер

Өзара және қоршаған ортамен жылулық әрекеттесу жүріп тұратын денелердің жиынтығын тер­моди­на­ми­ка­лық жүйе деп атайды.

Қарастырылып отырған жүйенің шекарасынан тыс орналасқан барлық денелерді қор­ша­ған ор­та деп атайды.


Дененің күйін сипаттайтын шамалар
Микроскопиялық шамалар
(молекулалар жылдамдығы, массасы, энергиясы)
Макроскопиялық шамалар
(V көлем, p қысым, T температура )

Егер температуралары әртүрлі екі немесе бірнеше денелерді байланыстырсақ, біршама уақыттан соң тер­мо­ди­на­ми­ка­лық те­пе-тең­дік орындалады: денелердің температуралары бірдей болады.

Егер температуралары әртүрлі екі немесе бірнеше денелерді байланыстырсақ, біршама уақыттан соң тер­мо­ди­на­ми­ка­лық те­пе-тең­дік орындалады: денелердің температуралары бірдей болады.

Денелер арасында байланыс орнағанда энергия алмасу жүреді: ішкі энергиясы жоғары денелер оны энергиясы аз денелерге береді.

Дене температурасы молекулалардың жылулық қозғалысының энергиясымен анықталады, ол мо­ле­кула­лар­дың ор­та­ша ки­не­ти­ка­лық энер­гия­сы­ның өл­ше­мі бо­лып та­бы­ла­ды: мо­ле­ку­ла­лар­дың ки­не­тика­лық энер­гия­сы көп бол­ған сай­ын, де­не­нің тем­пе­ра­ту­ра­сы да жо­ға­ры бо­ла­ды. Демек, энер­гия қат­ты қыз­ды­рыл­ған де­не­лер­ден аз қыз­ды­рыл­ған де­не­лер­ге бе­рі­ле­ді.

Термодинамикалық тепе-теңдік – тұйық денелер жүйесінің барлық макроскопиялық параметрлері ұзақ уақыт бойы өзгермей тұратын кездегі күйі.

Термодинамикалық тепе-теңдік – тұйық денелер жүйесінің барлық макроскопиялық параметрлері ұзақ уақыт бойы өзгермей тұратын кездегі күйі.

Температура – макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.

Бақылау сұрақтары

  • Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын тұжырымдаңдар.
  • Қандай массаны салыстырмалы молекулалық деп атайды? Қандай массаны мольдік деп атайды?
  • Молекула саны деп қандай шаманы айтады, оны немен өлшейді?
  • Молекулалық өзара әрекеттесу күштерінің қандай қасиеттері бар?
  • Қандай параметрлерді микроскопиялық деп атайды? Макроскопиялық ше?
  • Қандай параметрлерді термодинамикалық деп атайды?

Өз бетімен шығаруға арналған есептер.

  • Инертті газдың 14,92·1025 молекуласының массасы 5 кг. Бұл қандай газ?
  • Амазонка сағасында массасы 62,3 кг ірі таза алтын табылған. Оның зат мөлшерін анықтаңдар.
  • Су бетіне тамызылған тығыздығы ρ=920 кг/м3, массасы 0,023 мг минералды май тамшысы құраған ауданы 60 см2 болатын қабықшадағы молекулалар бір қатарда орналасқан деп, олардың диаметрлерін анықтаңдар.
  • Алюминийдің тығыздығы 2,7*103кг/м3. 1 м3 алюминийде қанша зат мөлшері бар?
  • Ыдыста 5,4*1026 оттек молекулалары бар. Ыдыста мольмен алғанда қанша зат мөлшері бар?
  • Массасы 135 г алюминийдегі атомдар санын анықтаңдар.
  • Азоттың 200 молінің массасы қандай болады?
  • 1 кг суда қанша зат мөлшері бар?
  • Массасы 2кг мыс кесекте қанша зат мөлшері бар?
  • Азоттың 200 молінің массасы қандай болады?
  • 100 г суда сутегiнiң қанша атомы бар?
  • Егер оттегiнiң мольдік массасы 3,2 103кг/моль болса, онда оның молекуласының массасын есептеңiздер.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет