Тәрбие формасы тәрбие процесінін сырттай көрінісі; тәрбиелік жұмыстардын сырттай көрінуін камтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы



Дата02.12.2023
өлшемі469,9 Kb.
#131652
Байланысты:
Тәрбиенің формалары мен құралдары

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Орындаған: Таңатұлы Нұрқанат Қабылдаған: Қапанова Жанар

Тәрбие формасы тәрбие процесінін сырттай көрінісі; тәрбиелік жұмыстардын сырттай көрінуін камтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; тәрбиеленушілердің ұжымдык және жеке, дара іс-әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі.

Жеке-даралыкты тәрбие формалары: әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте іздестіру. Тәрбиешінің міндеттері окушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша кұндылыкты бітістер мен дамуына кедергі касиеттерді байкау. Ұжымдык шығармашыл жұмыстар формалары: дәстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып беру, сюжетті рөлдік ойындар, ұжымдык жоспарлау, бірлікті талдау

Ұжымдық тәрбие формалары: байқаулар, сахналық қойылымдар, ән-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат шерулер, спорт жарыстары және т.б. Тәрбие жұмысының формасы ұжымдық шығармашылық түрінде болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер барысында тәрбиеленушілер ересектермен бірлікте және олардың басшылығында жана тәжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жана ғылыми ақпараттарды топтайды.

Тәрбие құралдары: табиғат, қарым-қатынас, материалдык және рухани құндылыктар, жарыс, ұжым, іс-әрекет т.б. Тәрбие құралдары бұл әлеуметтік тәжірибенін педагогикалык тәуелсіз көздері. Пиеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тәрбиелік ыкпал жасаушы заттың бәрі тәрбие кұралы болып есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, кұбылыстар, оқиғалар, өмірлік сәт көріністері және т.б. тәрбиелік ықпалға ие. Тәрбие құралдары тәрбиеленушіге өздігінен әсер етеді, сонымен бірге оларды тәрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.

Тәрбие құралдары қандай да тәрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндайда таңдау тәрбие әдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тәрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалдық-техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-әрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рәмізін айқындай түседі, т.с.с.

Бұдан шығатын тұжырым тәрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін нұскауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ сырттай біреулердің дайын сценарийлерін ойсыз пайдаланып, іс жүргізуге болмайды. Жұмыстар жалықтыратындай біртекті де болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тәжірибеде сыналып, тиімділігі сенімді тәрбиелік жұмыс формаларының кейбір элементтерін заман ыңғайы мен тәрбиеленушілер ерекшеліктеріне сәйкестендіре пайдаланған ойға қонымды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет