Этикалық категогрия – педагогикалық такт



Дата21.02.2023
өлшемі22,97 Kb.
#69848

Этикалық категогрия – педагогикалық такт
Мұғалім мен оқушы арасында болатын қатынаста педагогикалық тактінің маңызы зор. “Такт” деген сөздің мағынасын дәлме-дәл беретін сөз қазақ тілінде жоқ. Педагогикалық такт деп біз мұғалімнің тәрбие беру процесінде балалардың көңіл күйін, жан дүниесін, мінез құбылыстары мен психо-физиологиялық ерекшеліктерін терең білудің негізінде нақтылы жағдайлардың талабына сәйкес қолданатын әдіс-тәсілдердің қосындысын айтамыз.
Педагог этикасында бұл ұғым тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арақатынастарын белгілейді. Педагогикалық такт болмайынша мұғалім өз пәнін қанша терең білгенімен, тіпті тәрбиелік жұмыста алуан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған – жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру мақсатына жете алмайды. Сондықтан педагогикалық тактінің психологиялық мәні бар екендігін атап кеткен жөн. Педагогикалық тактінің қалыптасуы жеке оқытушының психологиялық, эмоционалдық дүниесінің құрылымына байланысты. Осыған орай жеке тұлға басқа адамдармен, сондай-ақ жас ұрпақпен қарым-қатынас жасағанда, ол өзінің индивидаулдық өмір тәжірибесін, адамдар арасындағы қатынастардың қандай нормалар арқылы жүзеге асатындығын нақтылы көрсетуге тырысады. Өйткені педагогикалық такт, басқа этикалық ұғымдар сияқты, белгілі бір құрылымнан — өзіне тән ерекше құрамдас мүшелерден тұрады. Солардың ішіндегі ең негізгілері:

  • оқушыларға педагогикалық әсер етудегі мөлшерді сақтау мәселесі;

  • ұстаздық ықпалдың нәтижелілігі, жеке адамның, атап айтқанда, мұғалімнің баланың рухани дүниесін егжей –тегжейлі түсіне білуі;

  • жас буынның ұнамды қасиетін тани біліп, оны бүкіл адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға пайдалануға қабілеттілігі.

Педагогикалық такт – мұғалімнің ең басты моральдық қасиеттерінің бірі, онсыз ол ұстаздық ете алмайды.
Педагогикалық тактінің жалпы негізі жоғарыда айтылғандай болғанымен, ол әрбір оқытушының практикалық қызметінде көп түрлі де әр мазмұнды болып келеді. Өйткені әр мұғалімнің өзіне қайталанбайтын, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде қолданатын әдістері мен тәсілдері бар. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынастары әр түрлі жағдайларға сәйкес дұрыс шешім, онымен ортақ тіл табуы, дұрыс талап қоюы, бір сөзбен айтқанда, мұғалімнің оқушыға орынды да әділ әрекеттері – осының барлығы педагогтік тактінің құрамдас бөлшектері. Мұғалім мен оқушының арасындағы қатынастар алуан түрлі. Сондықтан да оқытушы оқушыға деген қатынасын әр уақытта да өзгертіп отырады. Бір жағдайда қатаң талап қоюы, екінші бір жағдайда өтінуі, ал үшінші бір жағдайда жазалауы немесе мақтауы, сендіруі, үгіттеуі, тағы да көп әдістердің іске қосылуы мүмкін. Осындай сан алуан түрлі қатынастарда әр уақытта да белгілі бір педагогикалық тактіні сақтамаса, ойдағыдай нәтижеге жетіп, оқушыға жағымды әсер етілмеген болар еді. Мұғалімнің белгілі бір шектен аспай оқушыға әсер етуі, оның педагогикалық тактісіне, сезіміне байланысты.

  1. Педагогикалық такт – бала тәрбиелеудегі маңызы.

Педагогикалық такт мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды да тәрбиелеуде маңызды қызмет атқарады. Әсіресе жасы 14-15-тегі жас өспірімдермен қарым-қатынас жасағанда педагог өз жұмысында мейлінше ұқыпты болуы, тәрбиелік әдістерді догма ретінде емес, нақтылы педагогикалық ситуацияларға қарай өзгеріп отыратын динамикалық табиғаты бар құралдар ретінде пайдалануы абзал. Жас өспірімдерді тәрбиелеу ісінде жіберілген болмашы қателіктің өзі күрделі сәтсіздіктерге әкеліп соғуы мүмкін. Төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеу үшін көбінесе жігерлілік, инициативтілік керек болса, жоғары сыныптардағы тәрбиелеу ісі мұғалімнің асқан шеберлігі мен ұстамдылығын, оның ұстаздық даналығын талап етеді.
Педагогикалық такт тек оқушымен дұрыс қатынас жасау ғана емес, сол қатынастың тиімді жақтарын табу, ал ол жолдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, бала мінезінің әр түрлілігіне қарай, тіпті бір сыныптағы оқушылардың әрқайсысының жалпы үлгерімі мен тәртібінің ерекшеліктеріне қарай, әр уақытта да өзгеріп отыруға тиіс. Осыған сәйкес мұғалім өзінің оқушылармен қарым-қатынасын сәйкестендіруі, нақтылы жағдайға байланысты қатынастардың жаңа түрін табуы – міне, осылардың барлығы мұғалімнің педагогикалық тактісінің көрсеткіші болып табылады.
Педагогикалық тактінің ең негізгі компонеттерінің бірі- оқушының ұжданы мен абыройын сақтай білу, оның психолгиялық көңіл күйін байқау, соған байланысты қатынас жасау, керек уақытында оқушыға сену және әрбір жағдайға байланысты талапты дұрыс қоя білу т.б.
Педагогикалық тактінің ішінде ең бір негізгі орын алатын мәселе – оқушының еріктілігіне шек қоймай, оған, өз мүмкіншілігінше, қабілетін дамытуға жағдай туғызып, көмектесу болып есептеледі. Педагогтің ең негізгі мақсатының бірі — әрбір баланың ерекшелігін, қайталанбайтын өзіндік жақтарын байқап, оның дамуына қазіргі педагогикалық ғылымның жетістіктерін қолданып жағдай жасау. Ал , бұл сияқты күрделі де құрметті жұмысты іске асыруда педагогикалық тактіні сақтай білудің ерекше маңызы бар.
Республикамыздағы педагогика мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер мен көптеген әдістемелік материалдарда, сондай-ақ мектептердің жұмыс тәжірибелеріне талдау жасағанда педагогикалық тактіні бұзушылық көбінесе мынадай түрде кездесетінін байқауға болады. Кейбір оқытушы балаға шектен тыс қатаңдық білдіреді, әрбір адамға өзінен-өзі белгілі ережелер мен нормаларды қайталап, өз беделін оқушылардың алдында тез түсіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет