Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Атадан өсиет, анадан қасиет» Өткізген: Есимов А. О 2015-2016 оқу жылы «Атадан –өсиет, анадан қасиет»



бет1/4
Дата04.11.2023
өлшемі66 Kb.
#122142
  1   2   3   4

Үлгілі орта мектебі


Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Атадан - өсиет, анадан - қасиет»
Өткізген: Есимов А.О

2015-2016 оқу жылы


«Атадан –өсиет, анадан қасиет»


Мақсаты: Қыз балалар бойына нәзіктік, ілтипаттылық пен инабаттылық ұялату, ер балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор, еліне қорған болар азамат болуға тәрбиелеу. Оқушылардың бүгінгі күнгі ұл мен қыз балалардың тәрбиесі жайлы өзіндік пікірлерін, көзқарастарын білу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар. Бүгін сіздердің аталы сөздеріңізді естіп, ертеңгі күнімізге сабақ алып, көп жылғы бала тәрбиелеудегі тәжірибелеріңізді, асыл сөздеріңізді көкейімізге ұялату мақсатында «Атадан - өсиет, анадан - қасиет» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Олай болса, тәрбие сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


1-жүргізуші:
Есенсің бе? Қазыналы қарттарым,
Бабалардың бойға жиған салттарын.
Өздеріндей ұлағатты болуға,
Өсиетіңді жүрегіме сақтармын.


2-жүргізуші:
Қарттық деген қасиетті ұғым бір,
Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр.
Балалардың болашағын аңсаған,
Бойларыңда бір керемет жылу жүр.


1-жүргізуші: Дана халқымыз қыз баланы тәрбиелеуге ерте заманнан ерекше мән берген. Себебі, қыз - өмірдің қызғалдығы, елінің көркі.


2-жүргізуші: Сондай-ақ, «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз — өрісің» деп, қыз баланы конақ ретінде сыйлаған. Қызына тәрбиені бесіктен бастап беріп, қызды ертеңгі ана, асыл әже және аяулы қарындас ретінде қараған.


1-жүргізуші: Ал ұл баланы шаңырақ иесі, ата- ананың отын тұтатушы, еліне қорған болар азамат деп санаған.


2-жүргізуші: Сондай-ақ, «Сен өзің жігіт болсаң да, ақыльщ қария болсын, салмақты, сабырлы бола біл» деп ұлдарына өсиет айтып отырған.


1-жүргізуші: Сондай-ақ, «Ер елді корғайды, ел жерді қорғайды» дей отырып, ер адамның бір сөзді, ер мінезді қайсар, ақ көңілді еңбекқор, батыр да батыл болуын қалаған.


2-жүргізуші: Ал нәзік жанды әйел ер адамның жолын кесіп өтпеген, аяғын аттамаған, бас киімін таптамаған. Себебі, әйел адамның әр жағымсыз іс - әрекеті ер адамның жолына қырсық, беделіне нұсқан келтіреді деген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет