Қиын балалармен жұмыс жүргізу 1 Диагностикалау Қиын мінез құлықтық пайда болу себептерін анықтау ; қайдан пайда болды , қандай жағдай әсер етуі мүмкін
Бала жайлы толық мәлімет анықтау
1) Ата-анамен сұхбат жүргізу
2) Баланың сынып жетекшісімен сұхбат жүргізу
3) Пән мұғалімдерімен сұхбат жүргізу
4) Сыныптастарымен және жолдастарымен сұхбат жүргізу
2 Кеңес беру 1)Баланы қалай түзетуге болатындығы жайлы кеңес беру
Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3)Оқушының арына тигізбей айыптаса яғни істеген ісінің дұоыс еместігін түсіндірсе, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру.
4) Сонымен қатар Бұл кезеңде де бала үшін жан жылуы көбірек қажет. Балаға дауыс көтеру арқылы емес жәй сөзбен түсіндіріп үйретен жөн.
3 Түзету жұмысын жүргізу 1) Мұғалімдермен психологтар және ата-аналар жұмыс жасау.
2)Тәрбие отбасынан басталады сондықтан қиындықты шешудің негізгі жолы отбасында қарым-қатынастарды орнату.
3)Баланың жас ерекешелігіне қарай 5-7 жас аралығында балаларға әр-түрлі тренингтер өкізу арқылы. «Ертегі еліне саяхат», «Мен өскенде кім болам», «Анама үйде қандай көмек беремін» т.б сол сияқты ойындар арқылы
4) педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу
Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
5) Жақсы ортаға бейімдеу және ұжымға біріктіру