Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақ еліне мың – алғыс!



бет1/2
Дата13.03.2023
өлшемі18,23 Kb.
#73587
  1   2

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақ еліне мың – алғыс!


Жалпы мақсаты: 1) 1 — наурыз — алғыс айту күні еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатын көздеді. Оқушылар ата — анаға мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім — тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, жалпы кез — келген жақсылықпен көмекке алғыс айтылатыны туралы ойларын ортаға салды. туралы ой — өрісін кеңейтіп білімін тереңдету;
2) Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын зерделеу және қазақ халқының алатын орнын сол идеяны жүзеге асырудағы рөлі арқылы оқушылардың бойында Отанына деген патриотизмін тәрбиелеу, рухани — адамгершілігін қалыптастыру;
3) Білім алушылардың этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым — қатынас жасау біліктілігін дамыту
Күтілетін нәтиже: Өз Отанының патриоты, білімге құштар және рухани — адамгершілік қасиеттері бар еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақты өткізу әдістері: Миға шабуыл, топтық жұмыс, оқушылар жобасының презентациясы
Ұсынылған ресурстар: Үлестірмелі материал, плакаттар, сызбалар, маркерлер, кеспе қағаздар.
Кіріспе
Сәлемдесу:
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Шаттық шеңберінде: Ризашылық
— Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
Ризамын бүгінгі күнге,
Ризамын ата — анама,
Ризамын қасымда бірге жүрген сыныптастарыма,
Ризамын саған!
Ризамын, ризамын!,

Бүгін – Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл - күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман - есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен. Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялайды.
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық - түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.
Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.

Негізгі бөлім 1) Миға шабуыл • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?


Топқа бөлу.
• Нұсқау: 3 түсті стикерлер бойынша топқа бөлу.
• 1) Алғыс пен ризашылық дегенді қалай түсінесіңдер?
• 2) Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
3) Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Алғысқа, рахметке тағы да кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың?

1 - жүргізуші: Тізімді бірге құрайық!


2 - жүргізуші: Бастысы – алғыс айта білу...

1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,


2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..

2) Топтық жұмыс


Топтық жұмыстың ережесімен таныстырады.
1 — ші топ: Мәтінмен жұмыс; (ресми деректер, тарихи деректер)
2 — ші топ: Алғыс сөздері мен мақал — мәтелдерді жазу;
3 — ші топ:: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.
Бүгінгі күн — нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге.
Ескеретін күн бүгін -
Ризашылық қой әр елде - дей келе, енді 5 - сынып оқушыларының алғыс өлеңдеріне кезек берелік.

1



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет