Тұжырымдамасы Заң жобасының атауы



бет1/30
Дата31.12.2021
өлшемі307,5 Kb.
#21120
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының

тұжырымдамасы
1. Заң жобасының атауы.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасы (әрі қарай – заң жобасы).




2. Заң жобасының қажеттіліқ негіздемесі

Елбасы бес институционалдық реформалардың бiрi деп мемлекеттiк аппаратты қалыптастыруды белгiледi.

Тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, транспаренттік, меритократия қағидаттарына негiзделген мемлекеттiк қызмет жүйесі кәсібилендіру, мемлекеттiк басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуде және халыққа сапалы мемлекеттiк қызметтер көрсетуде ең маңызды фактор болып саланады.

Қазақстандық мемлекеттік қызметтің моделі адами факторлардың және кадрлық жұмыстың маңыздылығын мойындатуға бағытталған, бұл өз кезегінде оны кәсібилендірудің негізгі факторы болып табылады және келесідей тиімді кадрлық үрдістерді құруға бағытталған: мемлекеттік қызметке түсу тәртібінің тиімділігі мен айқындылығы, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз кәсіби дамуы, жұмыс нәтижелері мен көтермелеу жүйесінің өзара байланыстылығы, бірдей жұмысқа бірдей еңбекақы, кәсіби өсуге ынталандыру, әдеп нормаларын сақтау.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылы қабылданған Заңмен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен дербестілігіне бағытталған негізгі шаралар іске асырылған. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіру, мансаптық ілгерілеу жөніндегі қолданыстағы ережелер кеңейтіліп, жаңалары енгізілді.

Бұл ретте, құқық қолданушылық тәжірибе, жоғары тұрған органдардың және лауазымды тұлғалардың тапсырмалары, мемлекеттік органдардың ұсыныстары және құқықтық мониторингтің нәтижелері мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру үшін жаңа тетіктерді енгізудің қажеттілігі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың жекелеген нормаларын жетілдіру мақсаттылығы туралы айтады.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы өзінің 2017 жылғы жолдауында ЭЫДҰ-ның өзық тәжірибесі мен ұсынымдарын имплементациялау бойынша жұмысты қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен.

Жемқорлыққа қарсы заңнама мен шараларды жетілдіру мақсатында еліміз 2004 жылдан бері ЭЫДҰ-ның субөңірлік – Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Ыстамбулдық жоспар (бұдан әрі – Ыстамбулдық жоспар) бағдарламасына қатысады.

Осы кезең аралығында Қазақстанға қатысты оның ұсынымдарын орындау бойынша 4 мониторингтік раунд өткізілді.

ЭЫДҰ хатшысымен мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берілді.

Төртінші мониторингтік раундтың әдістемесіне сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданған және оларды тәжірибеде тиімді қолдану нәтижелері болған жағдайда ұсынымдар толық орындалды деп танылады.

Осыған байланысты Ұлттық заңнаманың ЭЫДҰ стандарттарымен үйлесуі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 мамырдағы Заңымен ратификацияланған БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының нормаларын имплементациялау мәселелері бойынша кешенді заңнамалық шаралар қабылдау қажет.

2017 жылғы 13 қыркүйекте Париж қаласында ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе отырысында бекітілген бойынша Ыстамбұл жоспарын мониторингтеудің төртінші раунд есебінің ұсынымдарына сәйкес Қазақстанға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ұсынымы берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет