ТӘРБИЕЛІК НЕГІЗГІ ӘДІСТЕР
Әлі өте қолапайсыз болса да балалардың өз бетінше тамақ жеуге,шешінуге,қолын жууға талпынуын құптаған жөн.Егер баланың өз бетінше талпынуы кешігетін болса,онда тәрбиешінің өзі оның шамасы келетін әрекеттерді жасауына ықпал етуі тиіс.Қасықты қалай қолайлы ұстау,стол басында қалай отыру,бетті сүлгімен қалай сүрту керектігін т.с.с. әрекеттерді әлі соңына дейін жеткізе алмайтын немесе шаршаған балаларға жәрдемдесе отырып балаларға бірнеше рет төзімділікпен көрсету қажет.
1 жыл 4-5 айдан соң кіші жастағы балаларды тәрбиеші негізінен өзі киіндіріп,шешіндіреді,жуындырады.Олар тек ара кідік (жасы өскен сайын көбірек) бұған қатысуға талаптанады.Тіпті 1 жас 6-7 айдан асқан балаларды да егер олар шаршаған болса,тамағын толық ішкізіп,ұйықтар алдында түгел шешіндіру қажет.
Өзінің де және балалардың да барлық әрекеттерін тәрбиеші міндетті түрде сөзбен жалғастыруға тиіс(түсіндіру,құптау,нұсқау қалай істеу керек,ескерту,бала нені істеуі қажет еді).Мысалы,(«Тоқта,мен әлі сенің қолыңды сүрткен жоқпын.Міне,енді осылай жақсы,Вова тамақты ұқыпты жеп отыр.Әлдиді орнына қой,тамақ жейік»1 ½ жастан асқан балаларды өз өтінішін сөзбен айтуға үйреткен жөн;«Ботқа бер,деп айт».
Өмірінің 2-жылында тәрбиенің қажетті және айтарлықтай елеулі бөлігі балалардың үлкендер мен және балалармен қарым-қатынасын қалыптастыру,мүмкін болған тәртіп ережелерін үйрену мен жаман әдеттердің пайда болуынан сақтандыру болып табылады.
Бұл міндеттерді шешу баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірінші сатысы болып табылады.Балалардың бір-бірімен оңды қатынасын жасау үшін олардың арасында дау-жанжал болмаудан сақтандыру қажет.Балалардың бір жерге жиналып қалмауын,олардың ойыншықтары жеткілікті болуын және олардың бірі-біріне кедергі келтірмеуін бақылау керек.Бұл жаста балалардан олардың бірге ойнауын талап етуге болмайды.Үлкен кісінің тікелей араласуынсыз бұл оларға бұдан да қиын.Балалардың назарын бір-біріне аудара отырып,достық қарым-қатынасқа(мысалы,тәрбиеші балаға қарап:«Раяна аяшы оның саусағы ауырып тұр»,(«Қоляның қандай үй салғанын қара») қолынан келетін тапсырма беріп(«Бар,Воваға доп бер») бірігіп ойналған ойынды бағыттай отырып тәрбиелеуге болады.Бала осы жаста «болмайды»,«болады» деген сөздердің мағынасын жақсы түсінуге тиіс(кейбір заттармен ойнауға ойыншықтарды сындыруға,басқа баланың қолындағыны тартып алуға,айқайлауға болмайды,т.б.).
Оңды қарым-қатынас пен тәртіп ережелеріне тәрбиелеу үшін баланың жақсы әрекеттерін (мақтап,оның өтінішін орындап,оған көмектесіп) бекіту қажет және керісінше әрекеттерін(мысалы,гер бала екінші біреуінің ойыншығын тартып алса,оны басқа біреуді ұрып жіберсе,оған анық реніш білдіру) қалыптастырмау қажет.
Балаларды үлкендердің талабын орындайтын қабілетке тәрбиелеу қажет,бірақ бұл талаптар олар атқара алатындай болуға тиіс:«Өз орныңа отыр»,«Күте тұр,алдымен Танечканы одан соң сені киіндірем».Баланы ешқандай әрекетсіз ұзақ отырғызып,не тұрғызып қоюға болмайды.
1 жас 4-5 айға дейін алаңдату әдісі кеңінен қолданылады,яғни оның талабы орындалмаған кезде,ол оның себебін әлі түсіне алмайтын уақытта баланың ынтасы мен назарын басқа нәрсеге аударған мақұл.
Өмірінің 2-жылында олардың жас ерекшелігіне қарай,тіпті қабілеттері әлі шектеулі болса да эстетикалық тәрбие беруге болады және ол қажетті де.Ол бұл жаста өте-мөте қолмен ұстап көзбен көріп сезінуді дамытумен ажырағысыз.Заттарды қарап көру,сету іскерліктерінсіз эстетикалық жағынан даму мүмкін емес.Тәрбиеші балалармен күнделікті қарым-қатынасында ретті жерінде олар көірп қабылдап отырған заттар мен құбылыстардың эстетикалық,сапалық жақтарын сөзбен баса көрсетіп отырады «Қандай әдемі қызыл доп!»,«Тыңда,қоңырау қандай әдемі сыңғырлайды».Тәрбиеші табиғаттың құбылыстарымен,дыбыспен,бояулармен,көркем өлеңмен балалрдың қуанышты сәттерін туғызып өзінің ішкі сезім қатынасымен олардың назарын аударады.
Балаларға қысқа өлеңдер мен халықтың күлдіргі әндерін айтып беру кезінде («Гуленькилер ұшып барады,ұшып барады»,«Ладушки,ладушки»,«Ала бауыр сауысқан») әнді айту барысында балалар дыбысты тыңдап үйренеді.Оларға қуанады,ритм сезімі мен есту сезімі дамиды,дауыстың ішкі сезімді ырғағы жетіледі.
Балалардың көркемдікті ұнатушылығын дамытуда ойыншықтардың,
құралдар мен жабдықтардың егер олар көркемдік талаптарға сәйкес келсе және тәрбиеші-сестра заттардың тиісті сапасына олардң назарын аударып,сөзбен бекітетін болса,олардың зор маңызы болады.Бұл жаста тікелей эстетикалық тәрбиенің бір қолайлы түрі-балалармен музыкалық сабақ өткізу.
САБАҚ
Балалардың өз беттерінше әрекет етуін ұйымдастырумен бірге оларды үйрету мақсатымен мынадай сабақтар жүргізіледі:1) сөз сөйлеуді,ойлауды және төңіректі болжай білуді дамыту жөнінде;2) заттар мен әрекет етуді және ұстап сезінуді дамыту жөнінде;3) гимнастика;4) музыкалық сабақ.
Өмірінің 2-жылының бірінші жарты жылдығындағы балалармен өткізілетін сабақтарың жоспарына,аталғандардан басқа көңіл көтеретін ойындар,ал екінші жарты жылдықта-ережесі бар қозғалатын ойындар енгізіледі.Бір немесе екінші басқа сабақтың маңызын ескере отырып,осы жастағы балалар үшін сабақты сан жағынан бөлу бірінші және екінші жарты жылдықта әр түрлі болады (сабақ кестесімен сабақты бөлудің шамамен алынған кестесі,115,116-сурет)(17-кесте).
Сөз сөйлеуді дамыту мен балалардың қоршаған ортаны бағдарлай білуін кеңейту үшін олармен мынадай сабақтар өткізіледі:1) заттардың атын атап көрсету;2) жануарларды,аквариумдегі балықтарды ұйымдасқан түрде бақылау;күнделікті жағдайдағы заттарды көру;3) ойыншықтармен белгілі бір әрекет жасап көрсету-күшік жүгіріп барады,тамақ жейді,қуыршақ кетіп барады,ұйықтайды,қашып кетеді және т.с.с.4) жекелеген заттар,одан кейін әрекеттер көрсетілген суреттерді көрсетіп,атын атау;5) тыңдауы үшін қысқа өлеңдер айтып,немесе олардың қосылуы үшін «Қаздар,қаздар!Га-га-га.Тамақ жейсіңдер ма?Иә-иә-иә» деген сияқтыны айтады;6) («Тыңда немесе айт,күшік қалай үреді,сағат қалай соғады,әлди қалай жылайды» деген ойындар өткізу;7) түсінуді дамыту мақсатымен сөзбен берілген тапсырманы («Алып кел»,(«Бірнәрсені тап»,(«Апарып,ана жерге қой») орындатқызу,еліктеу және белсенді сөз сөйлеу,(«Айтшы,мынау не?Ол не істеп
115-сурет.1-ден 1 жас 6 айға дейінгі балалардың аптаға арналған
сабақтарын шамамен бөлу
тұр?8) Ешнәрсе көрсетпестен тез ұғатын қысқа сюжет айтып беру;9) қорытындылау жөніндегі сабақ.
Сабақтың мазмұны мен методикасы балалардың жасына байланысты өзгеріп тұрады.Бұл өзгерістерді мынадай:көрсету,ұйымдасып бақылау және сурет бойынша өткізілетін сабақтың мысалдарынан байқауға болады.Алғашқы кезде осындай сабақтарда тәрбиеші заттың сөзбен белгіленетінін түсінуіне қол жеткізуі керек.Ең алдымен ол өзі көрсеткен нәрсеге (бұл бұралатын немесе әдеттегі ойыншық,тірі құс немесе сурет болуы ықтимал) балалардың зор ынтасын аудара білу қажет.Мұнда тәрбиеші-сестраның сезімді дауыс ырғағы мен сабақтың өн бойына балалармен оңды қарым-қатынас ұстауы үлкен роль атқарады.Ол балалардың қуанышына ортақтасып,оларға қарап күледі,оларды қоштап,аттарын атап,назар аударады.
Бала затпен байланыстыра білуге тиіст і атау-сөзді жәймен пауза жасап,көп рет қайталап жне тиісті қимылдармен келтіріп мәнді,ырғақты айтқан жөн.«Бізге қандай мысық кіс-кіс келді»-деп тәрбиеші ойын-
116-сурет.1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі балалардың аптаға
арналған сабағын шамалап бөлу
шық мысықты жан-жаққа бұрып және стол үстімен жүргізіп көрсетеді.(«Міне мысық,әдемі мысық»(оны сипалайды).«Мысыққа кіс-кіске қараңдар» (оны балаларға қарай итеріп жақындатады).«Таня,міне мысық кіс-кіс» (ойыншықты оған жақындатады).«Ал енді Вова көреді» (мысықты оған жақындатады).
Егер бала ойыншықты ұстап көргісі келсе,оның тілегін орындау керек және баланың қолымен мысықты сипалайды.
Балаларды заттардың қозғалысы,олар шығарған дыбыстар,оның жоқ болып кетуі және күтпеген жерден пайда болуы қатты қызықтырады.Тәрбиеші баланы ойыншыққа,суретке қызықтырып алып,оны кенеттен шүберектердің арасына тығып қояды,ал суретті теріс аударып қойып,алақанын жайып:«Мысық қайда?Мысық жоқ.Мысық тығылып қалды» дейді.Балаларды аң-таң қалдырып«Мысықты шақырыңдар,«кел,мысық,кел»деп шақыруды ұсынады.Көзімен іздеп,ке-
1-1 ½ жастағы балалар үшін сабақ кестесі
(Қ.Л.Печара жасаған)
1 ½ -2 жастағы балалар үшін сабақ кестесі
неттен қуанышты дауыспен:«А-а міне мысық,міне кіс-кіс» деп оны қайтадан көрсетеді.Осындай сөздермен қимылдар сабақта бірнеше рет қайталанады.Алғашқы сабақтарда балалар тәрбиеші-сестраның айтқандарын көбінде мүлде тыңдамайды,ол көрсетіп тұрған затты алуға талпынып,шыдамсыздықпен көрсетеді.Балалардың кейбіреуі алаңдап,ойыншыққа ұмтылатын болса,тәрбиеші-сестра ойыншықпен жасалатын әрекет арқылы жеке өзіне
Достарыңызбен бөлісу: |