Оқушылар өлең шумақтарын оқиды, Хор айтады Жүргізушілер шығып: 1-жүгізуші



Дата25.09.2024
өлшемі43,5 Kb.
#145747
Байланысты:
зейнеткер ұстаздар күні.docx сценарий 2023


Оқушылар өлең шумақтарын оқиды, Хор айтады

Жүргізушілер шығып:


1-жүгізуші: Армысыздар, қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңнің белесінде жүрген, қымбатты да аяулы ардагер ұстаздар!


2-жүгізуші: Қайырлы күн, баршамыздың сауатымызды ашып білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған – ұлағатты ұстаздар!.Қатар келген қос мерекелеріңіз құтты болсын!


1-жүргізуші: Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек еткен, зейнеткер ұстаздарымызды құттықтауға арналған «Қарттарым асыл қазынам » атты мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі- ұстаз. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ендеше сөз кезегі ардагер ұстаздарымызды құттықтау үшін мектеп директоры Айзакова Алима Жолмуратовнаға беріледі.


1-жүргізуші:Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен,
Оқитын келешекте бір -бір дастан.
2-жүргізуші: Таң атып күнде шыққын өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып,
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен ,-деп арқа сүйер тірегіміз болған сіздерге арнап 10 А класс оқушысы Алпамысова Жұлдызайдың _ орындауында "Ұстазым" әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізіші: Сіздер барда артады берекеміз,
Жақсылықпен қашанда тез өсеміз.
Керегеңіз кеңінен қанат жайып,
Тарқамасын әрдайым мерекеңіз.
Мерекеңіз құтты болсын асыл жандар,
Келеріне білген әрқашан биік заңғар.
Күш - қуат, асыл - сана тірек болып,
Сіз үшін ата берсін бақытты талай таңдар! Дей отырып, келесі құттықтау сөз кезегін мектебіміздің бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Сәрсенғалиева Сәуле Сәдуақасқызына береміз,.


1-жүргізіші: Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.
Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.


2-Жүгізуші: 
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
«Шашу»биі, ортада мектебіміздің «Сырғалым» ансамбілі


1-Жүгізуші: Мұғалімнен өнеге – білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілей отырып мектебіміздің түлегі, сіздердің шәкірттеріңіз, кәзіргі таңда бастауыш класс мұғалімі Бақыт Қызғалдақ Ұббынғаббасқызын «Мың алғыс саған ұстазым» әнін қошеметпен қабыл алыңыздар


2-Жүгізуші:
Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап балдай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де дей отырып, ортаға 4 а класс оқушысы Маратова Аишаны «Ата-әже» әнімен шақырамыз.


1-Жүгізуші: 
«Өзбек биі» ортада «Сырғалым» би ансамбілі


2-Жүгізуші:
Жақсылық берер бізге көзі деп,
Қазыналы қарияның өзі деп.
Пір тұтамыз ерекше жан сіздерді
Себетұғын бойымызға нұры кеп дей келе сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен ортаға Тарих пәнінің мұғалімі Еркін Ақерке Ғазизқызы «Қазағым»әні
1-жүргізуші:Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас.
Батаменен ел көгереді
Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқы
Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ақ тілек, әрі өмірлік жолдама. Ендеше сіздерден қолымызды жайып бата сұраймыз.


2-жүргізуші: Осымен,Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздарымызға арналған "Қарттарым-асыл қазынам" атты кешіміз де өз мәресіне жетті. Сіздерге ең біріншіден денсаулық,бала шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында ұзақ ғұмыр кешулеріңізге тілектеспіз!

Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар!





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет