Тәрбиенiң мақсаты және міндеттері. Жетілген адамды тәрбиелеу



Дата18.04.2022
өлшемі46,42 Kb.
#31349

Тәрбиенiң мақсаты және міндеттері. Жетілген адамды тәрбиелеу

Қазақ халқы табиғатты қорғауға ерекше мән берген. Біздің халықтың алғашқы өмірі көшіп-қонудан басталғаны белгілі. Қазақтың жағрапиясы – кең дала, өзен, көл, бетпақ дала, бұлғыр тау, адыр мен өзендер, сай-сала, сулы көл, қамысты көл, шөл дала, қарағай өскен кеңістік т.б.

Жерге табыну мекенге, қонысқа, жайлауға байланысты болды. Ата-бабалар қонысы – ұрпақ үшін тек ардақты ғана болмай, қасиетті де болды. Оның айналасын таза ұстап, малын маңына жаймады. Мекенге ат қою, елдің, ел ақсақалдарының есімін мәңгі қалдыру ниетінде болды. Ата-баба жерленген мекендерді қорым дейді. Ал аса шүйгін шөбі, шабындығы бар жерлерді қорық дейді. Дала кейде шексіз, шнетсіз деген ұғым береді. Сол даланы мекендеген қазақтың көптеген қасиеттері де далаға ұқсас. Олар: ақкөңілділік, мырзалық, қонақжайлылық, қайырымдылық.

Шаман дінінде табиғатқа және жануарларға табыну үкен орын алды. Әсіресе, ата-баба рухына табыну күшті көрінді. Қазақтардың ең биік құдайы – Тәңір болып есептелді. Барлық қайғы-қасірет, жұт, бақытсыздық қазақтар санасында Құдайдың бұйрығымен байланыстырылды. Табиғаттың басқа күштеріне күн, ай, жұлдыз енгізілді. Одан қуаты аздауға тау, көл, қырқаларды жатқызды. Ата-баба аруағына табыну ұзақ уақыт сақталды.

Қазақ халқының арғы атаоһлары табиғи климат, ауау райы жадайларына назар аударды. Қазақтардың осы қабілеті туралы М. Дулатұлы: «Қырғыз табиғи, әлеуметтік ортада бірде бір тіршілік көзі мал үшін өмір сүреді... мал бағу – ең басты, бірден-бір мақсаты... Осыған орай қазақ халқында әр түрлі ауа райының сәл өзгерісін тез байқап қалу қабілеті дамыды... Қазақтар 12 жылды есептеп, қоян жылы құрғақшылық, боран, көктайғақ болатынын білген», - деп жазды.

Адамдардың шаруашылық өмірі табиғатпен тығыз байланыста болып, әлеуметтік сыйлауды, өз руластарына көмектсесуді талап етті. Этнолог, жазушы А. Сейдімбек: «Көшпелі өмір дәулет әкелу үшін ең алдымен, уақыт және кеңістік ұғымын меңгеру керек болды», - дейді. Көшпелі қазақтар уақытты кеңістіктен бөлген жоқ. Мысалы, «ұзақ» уақытқада, кеңістікке де қатысты айтылады.

Малдың төрт түрін өсіру үшін жақсы жайылым таңдау жеткіліксіз екенін сезген халық, оларды қай уақытта бағу керек екенін белгілеген. Халық түсінігінше: «Әрбір айдың өз мінезі бар. Олай болса, жайылымның қасиеті, сапасы уақытқа тәуелді. Осы байланыс орнап, бақылау өмір тәжірибесіне, өмір тәжірибесі ережеге, содан соң заңдылыққа айналу керек». Заңдылық өмірге келіп, құбылысқа айналды. Қазақтың халық педагогикасында асыл мұранарларының мұралардың бірі – табиғатқа деген сүйіспеншілі мен оын аямаушылық қасиеті. Халық ұғымында табиғат жер, өлке, өскен ел, атамекен, өзен, көл, асқар тау сияқты тұла бойыңа нұр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады.

Қазақта «Үш сауап» деп, шөлдесе құдық қазуды, өзенге көпір салуды, жол жиегіне ағаш егуді атаған. «Ағаш ексең аялап, басыңа болар сая бақ», «Сулы жер – нұрлы жер» деген сияқты мақал-мәтелдер өсімдіктер әлемінің ішсе тамақ, кисе киім, саялы баспана, малға өріс, өзіне қоныс болғандығын айтады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Б.Мұқанов, Р.Ильясова. Этнопедагогика.Астана 2014ж. 190-195беттер

2) 2) С.Қалиев, Ж. Молдабеков, Б.Иманбекова. Этнопедагогика Астана 2007ж.56-59б

Үйге тапсырма:

Практикаға бағытталған жобалар:



«Наурыз тойын тойлау дәстүрі» тақырыбына тәрбие сағатының жоспарын құрыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет