Тәрбиеші: Әбдірахым Ұ. М. 2022-2023ж Жоспар



бет1/3
Дата18.04.2023
өлшемі25,34 Kb.
#83811
  1   2   3

Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «Күншуақ» бала бақшасы» КМҚК


Баяндама

Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар арқылы ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің қызығушылығын арттыру»


Тәрбиеші: Әбдірахым Ұ.М.


2022-2023ж


Жоспар:


І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім



  1. Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді дидактикалық ойындар арқылы ықпал жасау.



2. Дидактикалық ойындарының негізгі түрлері


ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті дидактикалық ойындарды дамыту болып табылатындығы атап айтылған. Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы зор. Дидактикалық ойындар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінші жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділікке пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.
Ойын - күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеу, мектепке дейінгі мекемелерде бастау алады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру баланың ғана емес еліміздің болашағын қалайтын естен шығармауымыз керек осы балаларға саналарына ойынның маңызы өте қажет.
Баланың жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі дидактикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру.
«Дидактикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Дидактиканың тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді.
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар ісәрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Барлық дидактикалық ойындарды үш негізгі топқа бөлуге болады:
1. Заттық дидактикалық ойындар (ойыншықтармен, табиғи заттармен);
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар;
3. Сөздік дидактикалық ойындар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет