Терінің тауарлық қасиеттерінің қалыптасуына әсер ететін факторлар



Дата06.01.2022
өлшемі14,66 Kb.
#12728
Байланысты:
13 Дәріс.тауарт


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетті

Аграрлық факультеті

СӨЖ


Орындаған:Дүйембаева.Ш.Б

Тобы:ТЖ-703

Семей 2019

Терінің тауарлық қасиеттерінің қалыптасуына әсер ететін факторлар.


  1. Жастық өзгергіштік.

  2. Мезгілдік өзгергіштік,түлеу.

  3. Күтіп-бағу,азықтандыру.

  4. Жыныс белгілерінің әсері.

Аңдардың көпшілігінің туғанда тері ткані өте жұқа және терідегі шаштары (мамық) аз болады. бұл мамық шаштары бірәз күннен кейін,нәзік шаш жабыны сирек,жұқа біріншілік өсі бар,мамықтан онша айырмашылығы жоқ,шаш жабынымн ауысады. Бұл шаш жабыны анасының сүтімен азықтануы тоқтаған уақытқа дейін сақталады. Жас жануарлардың шаш жабыны көбінесе жұқа нәзік және ересектерінікіне қарағанда әлсіз болады. Аңдардың төлдерінде нашар,әліз мех болтыны белгілі, сондықтан,оларды дайындауға жіберуге тиым салынад,онымен қоса,жыртқыш аңдарға да (қасқыр,қорқау,және т.б). Кейбір тері түрлерінде (құлын,бұзау) жас өзгергіштігі қылшық ұзындығына әсер етеді, яғни,сортына да, жас өзгергіштігі қаракуль мен елтірі құндылығына әсер етеді. Қаракуль терісі тек қозы туғаннан кейін үш күннің ішінде алынса ғана бағалы болады.

Терідегі шаш жабынының (қылшық) мезгілдік түлеуі жыл мезгіліндегі өзгерістерге байланысты. Жыл мезгілдік тері өзгергіштігі барлық жануарларда кездеседі,, яғни ол шаш жабыны мен тері тканінің қасиеттерінен көрінеді. Шаш жабыны тулеу процесі кезінде ауысады. Сондықтан, түлеу- қоршаған ортадағы климат өзгерістеріне бейімделіу қызыметтін атқарады. Жабайы аңдар,ұйқыға кетпейтін, екі рет-көктемде және күзде түлейді,ал ұйқыға кететіндер жылына бір рет түлейді. Түлеу мезгілі және өтуі климатқа,азықтандыруына,эндоериндік бездердің жұмысына және тағы басқа факторларға байланысты. Аналықтар түрлері көбінесе көктемде аталықтандан бұрын түлейді. Ал жас,кеш туған особтар ересектерден кейін түлейді. Биязы жүнді қойлар мүлдем түлемейді,ол ұзақ қолдан сұрыптау нәтижесінде,күтіп-бағу мен азықтандыруға бағытталып,қол жеткізілді. Ең бірінші болып,буаз аналықар түлейді, ал сақа,ауырған, арық аңдарда кеш байқалады.

Түлеудің уақытына күн сәулесінің ұзақтығы зор әсер етеді,яғни,оның ұзақ болуы-көктемгі түлеу,ал қыстағы-күздік.

Түлеу кезіндегі тері тканінің және шаш жабынының әлсіздігі тері сапасына белгілі бір дәрежеде төмендетеді. Сонымен қатар түлеу кезіндегі тері әдемілігі төмендеп,ол арзан бағаланады. Түлеудің негізгі белгілеріне: теріде ескі және жаңа шаш жабындарының болуы,кейбір бөліктерінде шаш жабынының ұйысуы,тері ткані болбыр және тұтастай немесе әр жерінде қалыңдаған. Жеткілікті және толық азықтандыру-жануардың жоғары өнімділігінің ғана емес тері сапасының да негізі. Сондықтан дұрыс азықтандыру мал терісінің тығыз,қалыпты қалындықта,созылғыш,тері асты торшасында, біраз май жиналуын қамтамасыз етеді.



Ірі қара ал терісі жылтыр,тегіс,ал қой терісі мықты,созылғыш жеткілікті мөлшерде май болады. Егер жеткіліксіз азақтандырса немесе азық жетіспесе,мал терісі жұқа,құрғақ және дөрекі (ірі), жылтырлығы жоғалып,талшықтың барлық ұзындығында немесе жеке аймақтарынды жіңішкерген,теріден тез ажыратылғыш келеді. Тері шикізаттын жасартудағы ең маңызды іс-жануарды дұрыс күтіп-бағу. Жарық және қолайлы ғимарат,құрғақ төсеніш, жазғы уақытта жақсы жайылыммен қамтамасыз ету және қысқы күнделікті рацион ,мүмкін болған жағдайда,жыл бойы жайылымда ұстау, ғимаратты уақыттылы тазалау,олардың денсаулығын жақсарту,өнімділігін жоғарлату және тері жабынының жағдайын жақсарту мақсатында арнайы су ванналарына түсіру жұмыстары жүргізіледі. Теріге жыныс белгілерінің әсерін жаңа туған бұзаулардан да байқауға болады.

Еркек бұзаулардың мойын терісі арқасынан қарағанда қалың,ал шаш жабыны ірі және ұзын. Арқа бөлігімен салыстарғанда мойын бөлігінде ол біршама қалыңдаған және эпидермистің және тері асты клечаткасының өсуінен ірі болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет