Тәспі мен дұға парыз намаздан кейін дереу жасалу керек пе? Қайрат Жолдыбайұлы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата25.04.2023
өлшемі1,25 Mb.
#86512
  1   2
Байланысты:
Тәспі мен дұға парыз намаздан кейін дереу жасалу керек пе Қайрат Жолдыбайұлы



Категория:
Facebook
ВКонтакте
Google
Mail.ru
Читать @islamkz0
Подписаться 38 тыс.
Мақалалар › Көкейкесті
Тәспі мен дұға парыз
намаздан кейін дереу
жасалу керек пе?
7 жыл бұрын 100456 109
Қайрат Жолдыбайұлы
Мешітте парыз намаз біткеннен кейін жалпы жамағат
намаздың соңғы сүннетін оқиды. Сосын ғана зікір
тартып (33 рет Cубханалла, 33 Әлхамдулиллә, 33 рет
Аллаһу әкбар), дұға жасайды. Ал бірен-саран кісілер
парыз намаздан кейін бірден зікір, дұғаларын жасап
жатады. Содан кейін ғана сүннет намазды оқыса
оқиды, әйтпесе тұрып кетеді. Олардың ойынша
парыздан кейін бірден зікір айтып, дұға жасау сүннет.
Ал оны ханафи мәзһабындағыдай сүннет намазынан
кейінгі уақытқа қалдыру Алла елшісінің сүннетіне
теріс амал көрінеді. Сізден сұрайын дегенім, олардың
айтқан осы уәждерінің шариғи негізі бар ма? Ал
біздің жасап жүргеніміз шынымен сүннетке қайшы
ма?
Жалпы парыз намаздардан кейін зікір айтып, дұға
жасау – сүннет. Алла елшісінің (с.а.у.) бұған қатысты
сахих хадистері жеткілікті. Мысалы, Әбу Һурайрадан
(р.а.) жеткен Мүслимдегі риуаятта Алла елшісі былай
дейді: «Кімде-кім әрбір намаздан кейін 33 рет
«Субханалла», 33 рет «Әлхамдулиллә», 33 рет «Аллаһу
әкбар» десе, бәрін қосқанда тоқсан тоғыз болады, ал
жүзіншісінде «Лә иләәһа иллаллаһу уахдаһу лә
шариика ләһ, ләһулмулку уә ләһул-хамду уа һуа алаа
кулли шаийн қадиир» деп айтса, теңіз толқынының
көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі»[1].
Басқа бір риуаятта: «Кімде-кім парыз намаздарының
артынан аятул-курсиді оқитын болса, келесі намазға
дейін Алланың қорғауында болады»[2] делінген.
Сондай-ақ, басқа бір хадисте Ъуқба ибн Амр былай
дейді: «Алла елшіcі әрбір намаздан кейін «Фәлақ»
пен «Нас» сүрелерін оқуымды бұйырды»[3].
Жоғарыдағы 
риуаяттардан 
байқағанымыздай,
намаздан кейін зікір тартып, дұға тілеу Алла елшісінің
(с.а.у.) маңызды сүннеті. Ал оның дәл намаздың
парызынан кейін немесе соңғы сүннеттен соң
жасалатындығына байланысты мәзһаб ғұламалары
арасында екі түрлі көзқарас бар. Алла елшісінің (с.а.у.)
зікір мен дұға жасауды білдірген кейбір
хадистеріндегі «парыз намаздан кейін» деген сөзді
негізге алған ханафиден өзге мәзһабтарда зікір мен
дұға парыз намаздан кейін дереу жасалады. Ал
ханафи мәзһабының ғұламалары «Мүслимдегі» Айша
(р.а.) анамыздан риуаят етілген: «Алла елшісі (с.а.у.)
намазда сәлем бергеннен кейін (шамамен) тек
«Аллаһумма 
әнтас-салаам 
уа 
минкәс-сәлаам,
тәбааракта иа зәлжәлаали уал-икраам» дейтіндей
уақыт қана отыратын» деген хадисті, сондай-ақ
сахихул-Бұхариде Умму Сәлама (р.а.) анамыздан
жеткен: «Алла елшісі (с.а.у.) намазда сәлем бергеннен
кейін әйелдер тұрып кететін. Ал өзі аз ғана кідірістен
кейін ғана орнынан тұратын»[4] сынды хадистерге
қайшы келмеу жағын ескеріп, зікір мен дұғаны дереу
парыздан кейін емес, ақырғы сүннеттен кейін жасау
қажет деген тұжырымға тоқтаған. Себебі зікір мен
дұға егер парыздан кейін дереу жасалатын болса,
жоғарыда Айша анамыздан риуаят етілген хадиске
қайшы болмақ. Яғни, намаздан кейін жасалуы сүннет
«Аятул-курсиді» немесе «Фәлақ» пен «Нас» сүрелерін
оқу, 33 рет «Субханалла», 33 рет «Әлхамдулиллә», 33
рет «Аллаһу әкбар» және «Лә иләәһа иллаллаһу
уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду
уа һуа алаа кулли шаийн қадиир» сынды дұғаларды
айту «Аллаһумма антас-салаам уа минкас-салаам,
тәбааракта иа зәл-жәлаали уал-икраам» дейтіндей
мезгілден көп уақытты алатындығы сөзсіз. Ал Алла
елшісі (с.а.у.) Айша анамыз жеткізгендей парыз
намазынан кейін шамамен тек «Аллаһумма әнтас-
салаам уа минкәс-сәлаам, тәбааракта иа зәл-жәлаали
уал-икраам» дейтіндей уақыт қана отыратын. Ендеше,
Алла елшісі (с.а.у.) соңғы сүннеті бар парыз
намаздарынан кейін «Аллаһумма әнтас-салаам уа
минкәс-сәлаам, тәбааракта иа зәл-жәлаали уал-
икраам» дұғаларына шамалас қысқа зікірлерді
айтқаннан кейін орнынан тұратын да, мешіттің
шетінде орналасқан бөлмесіне барып, намаздың
соңғы сүннетін сонда оқитын. Артынан жоғарыда
келтірілген ұзағырақ зікір, дұғаларды жасайтын. Ал
соңғы сүннеті жоқ «таң» мен «екінті» намаздарында
Алла елшісі (с.а.у.) зікір мен дұғаны дереу парыз
намаздан кейін жасайтын. Алла елшісінің (с.а.у.):
«Кімде-кім таң намазын жамағатпен оқығаннан кейін
күн шыққанша Алланы зікір етіп отыратын болса,
содан кейін екі рәкат намаз оқыса, толық қажылық
пен ұмраның сауабын алады. Толық, толық, толық»[5]
деген хадисі осы айтқанымызды нақтылай түспек.
Тарқатып түсіндірер болсақ, «Алла елшісі (с.а.у.)
намазда сәлем бергеннен кейін тек «Аллаһумма
әнтассалаам уа минкәс-сәлаам, тәбааракта иа зәл-
жәлаали уал-икраам» дейтіндей уақыт қана
отыратын» делінген хадис ақырғы сүннеті бар парыз
намаздарына байланысты болады да, ал парыздан
кейін сүннеті жоқ «таң» мен «екінді» намазы бұдан
тыс қалмақ. Яғни, «Аятул-курсиді» және 33 рет
«Субханалла», 33 рет «Әлхамдулилла», 33 рет «Аллаһу
әкбар», «Лә иләәһа иллаллаһу уахдаһу лә шариика
ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа алаа кулли
шаийн қадиир» сынды ұзағырақ зікір, дұғалардың
«парыз намазынан» кейін айтылатындығын білдіріп
келген кейбір риуаяттарды ханафи ғұламалары
сүннеті жоқ парыз намаздардан кейін деп түсінген.
Сондай-ақ, хадистердегі «парыз намазынан кейін»
деген анықтаушы сөз – зікір мен дұғаның соңғы
сүннеттен кейін айтылуына мүлдем қайшы емес.
Себебі парыз намаздардың бекітілген сүннеттері сол
намаздардың маңызды бөлігіне жатады. Себебі бұл
сүннет намаздар «тәһажжүд», «сәске» намаздары
секілді жеке басына бөлек намаз емес, парыздардың
алдында немесе артында бірге орындалады. Мысалы,
«бес уақыт намазымды оқыдым» деген кезде, әдетте
парыз намазбен қатар сүннеттерін де оқығандығы
білдіріледі. Міне, сондықтан хадистердегі ұзағырақ
дұғалардың «парыз намазынан кейін» оқылады
дегенін ханафи ғалымдары сүннетімен бірге парыз
намазынан кейін деп түсінген. Бұл жайлы ханафи
ғалымы ибн Ъабидин «Раддул-мұхтарда» былай
дейді: «Зікірлердің парыз намаздың артынан
жасалатындығына байланысты жеткен хадистер
олардың сүннет намазынан бұрын жасалатындығын
емес, 
керісінше 
соңғы 
сүннеттен 
кейін
орындалатындығын білдіреді. Себебі сүннет намаздар
парыз намаздан бөтен емес, оның ажырамас бір
бөлігі һәм толықтырушысы. Сондықтан парыз
намаздың соңғы сүннетінен кейін орындалған зікір,
дұғаларға да парыз намаздан кейін жасалды деп
айтылады»[6]. Сонымен қатар ханафи ғалымдары ізгі
амалдардың артынан жасалатын дұға-тілектердің
қабыл болуға жақынырақтығын ескере отырып, парыз
намазды соңғы сүннетімен бірге орындағаннан кейін
барып қана дұға, тілектің жасалғанын құп көрген.
Себебі парыз бен соңғы сүннет қоса атқарылғанда
олардың ізгі амалдығы арта түседі.
Байқағанымыздай, зікір мен дұғаны намаздың соңғы
сүннетінен кейін жасаудың ханафи мәзһабында
қуатты дәлелі бар. Сондықтан оған бидғат деп немесе
сүннетте дәлелі жоқ деп асығыс «пәтуа» беру әсте
дұрыс емес. Төрт мәзһабтың бірін ұстанатындар
әдетте бір-біріне әрдайым құрметпен қараған. Әр
мәзһабтың өзіндік шариғи көзқарасы мен дәлелі
болғандықтан бір-біріне түсінікпен қараған. Алайда
бүгінгі таңда «мәзһаб ұстанбаймын» деп, өздерін
салафи атап жүрген мәзһабсыздар осындай ұсақ
мәселелерді қайта-қайта қазбалап, жамағат арасына
іріткі салып жүр. Олар өздерінің анадан-мынадан
шала оқыған немесе жарым естіген жарты ойын
түгелдей ислам деп пайымдайды. Өздері ұнатқан діни
көзқарасты басқаша түсінуге болмайтын Құранның
анық аяты немесе Алла елшісінің нақты сүннеті деп
біледі. Міне, сондықтан олар өздерінен өзгеше
ойлайтындардың бәрін бидғатшы деп шала бүлінеді.
Шын мәнінде, олар діннің тармақ мәселелерінде түрлі
көзқарастың болатындығын қабылдамау арқылы
өздерінің нағыз бидғатшыға айналғандарын біле
бермейді. 
Бүгінде 
мешіттерімізде 
имамның
жетекшілігінде намаз соңында тәспі тартылып,
жамағатпен бірге дұға жасалады. Мұндағы мақсат
намаздан кейінгі зікір-дұғаларды оларды әлі дұрыс
біле бермейтін кейбір жандарға үйрету. Сондай-ақ
көп адамдар Алла елшісінің (с.а.у.) намаз соңындағы
зікір, дұғаларға қатысты маңызды сүннетін орындауға
аса мән бермей, көбіне тәрк қылып жатады.
Сондықтан имам дауыстап тәспі тартуды бастап
бергенде, жамағат та өздері әрі қарай ілесіп тартып,
маңызды сүннетті орындап жүр. Кейбір кісілер
жамағатпен зікір тартып, дұға жасауды «бидғат» деп
ойлауы мүмкін. Алайда дінімізде бұған ешқандай
тыйым жоқ. Себебі белгілі бір істі бидғатқа шығару
үшін жасалатын ол істің дінде ешбір негізі болмауы
шарт. Ал намаздан кейін зікір айтудың және
жамағатпен дұға жасаудың шариғатта қуатты негізі
бар. Яғни, жалпы алғанда намаздан кейін зікір
(тәсбих) тарту шариғатта бар. Белгілі бір істі
жамағатпен істеудің сауаптылығының да дінімізде
орны ерекше. Ендеше, жамағатпен тәспі тартып, дұға
жасау «дұға жасаңдар», «зікір айтыңдар» деп көпше
түрде келген көптеген аят, хадистердың аясына
кіргендіктен, шариғатқа қайшы емес. Тіпті бұл жерде
жамағатпен тәспі тартылмайды, тек имамның бастап
беруімен әркім өзі тартады. Тағы бір ескере кететін
жайт, мешітте парыз намазды оқығаннан кейін үйге
барып намаздың соңғы сүннетін оқу, әрине,
шариғатқа қайшы емес. Алайда үйлеріміз Алла
елшісінің (с.а.у.) бөлмелері тәрізді мешіттің шетінде
немесе оған жақын болмағандықтан, бұған қоса
көшедегі жұмысымыздың көптігін ескерсек, сүннет
намаздарды үйге барып оқу бүгінгі мына қауырт
заманда қиын іске айналып отыр. Сондықтан
мүмкіндігінше, мешітте намаздың соңғы сүннетін қоса
оқып, артынан зікір, дұғаларымызды жасап, бір-ақ
шыққанымыз абзал.
[1] Сахих Муслим, 1-том, 418-бет. «Дәру Ихиа`ит-
турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
[2] Сүлейман ибн Ахмад ибн Айюб Әбул-Қасым
әт-Табарани, әл-Мұъжамул-кабир, 3-том, 83-бет.
«Мәктабутуз-заһраа» баспасы, 1983 ж.
[3] Ахмад ибн Ханбал Әбу Абдиллаһ әш-Шайбани,
Муснаду Ахад ибн Ханбал, 4-том, 155-бет.
«Муссисату Қуртуба» баспасы, Мысыр.
[4] Сахихул-Бұхари. 1-том, 296-бет. «Дәру Ибни
Кәсир баспасы», Бәйрут, 1987 ж.
[5] Мухаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи,
Сунанут-тирмиз, 2-том, 481-бет. «Дарул-ихиаайт-
турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
[6] Ибн Ъабидин Мұхаммед Амин ибн Омар,
Хашияту ибн Ъабидин раддул-мұхтар ъала
дуррул-мұхтар, 3-том, 424-бет. «Дарус-сақафати
уат-турас» баспасы, Сирия, Дамаск, 2000 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет