БөЖ 2апта «Шешендік өнер» Дайындаған: Құрманбай Дастан Факультет



Дата23.10.2023
өлшемі13,73 Kb.
#120763
Байланысты:
шешендик 2 апта


БӨЖ 2апта
«Шешендік өнер»

Дайындаған: Құрманбай Дастан


Факультет:Филология Қазақ филологиясы 301 топ


Тақырып: Шешендік шеберлікті қалыптастыруға қойылатын талаптар.
Шешендік өнер қай қоғамда болса да, халыққа, қалың көпшілікке әсер ететін, оның санасын, сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген және күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ. Демек, әрбір білімді,мәдениетті адам үшін шешендік өнердің тарихымен танысып, теориясымен қарулану әсте артық емес.
Шешендік өнер үш нәрсеге негізделеді:
1) табиғи дарын, тума талант;
2) жан-жақты білім;
3) тынымсыз еңбек, жүйелі жаттығу.
Қазақтың ғұлама ғалымы А.Байтұрсынұлы: «Шешендік сөз дегеніміз – белгілі бір мәселені баяндау, сипаттау, белгілі бір ойдың ақиқаттығын түсіндіру, сөйтіп, ақылға ақыл қосу жағын көздеу. Одан әрі адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру», – дейді. Орыс шешендік өнерінің негізін салушы М.Ломоносов шешен болу үшін бес қасиет қажет екендігін айтады:
1) табиғи дарын;
2) білім;
3) шешендерден үйрену;
4) сөйлеп жаттығу;
5) басқа ғылымдардан хабардар болу.
М.Ломоносов табиғи дарындылықты жан дарыны және тән дарыны деп екіге бөледі,жан дарынына – ақыл мен ес, тән дарынына күшті әрі сүйкімді дауыс пен үн жататынын айтады.Сонымен, шешендіктің екі басты мәселесі ақылға ақыл қосу менжүректі тербеу.Сонда шешендік өнер үш мақсатты көздейді:
1) ояту;
2) түсіндіру;
3) толқытып, тебіренту.
Шешеннің бойында мына қасиеттер болу керек:
тіл байлығы, сөз қорының молдығы;
• білімділік және сөйлейтін мәселесін анық білу;
• шыншылдық, адамгершілік, турашылдық;
• жинақылық, тапқырлық, жылдамдық.
Шешенге қойылатын қосымша талаптар: Шешендік сөздің әсемдігін арттыратын факторларға тек тілдік қасиеті мен сөз мәнері ғана емес, шешеннің көпшілік алдында өзін-өзі ұстау әдебі мен сыртқы келбеті де жатады.Көпшілік алдына шығатын адамның киім киісі, тазалығы, жинақылығы, өзін ұстауы, бет-жүз, дене қимылдарының сөз мазмұнымен үйлесімді болуы да шешен сөзінің
мәнін арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет