Тест 11-сынып Халықаралық жіктеуге сәйкес антиденелерге тән қасиет көрсететін плазма нәруыздарының жиынтығы



Дата09.05.2022
өлшемі17,07 Kb.
#33312

Тест 11-сынып

1.Халықаралық жіктеуге сәйкес антиденелерге тән қасиет көрсететін плазма нәруыздарының жиынтығы:

А.Иммунофибриноген

В.Иммуноальбумин

С.Иммунопепсин

Д.Иммунопротеин

Е. Иммуноглобулин



2. Антиген мен антидене қосылуының бірінші кезеңі:

А. Жұқпалы ауруларды биологиялық сұйықтықтарда немесе ұлпаларда патогенді микробтардың антигендерін табуға негізделген

В. Арнайыланған емес, көзге көрінбейтін, антидененің антиген бетінде 370С температурада бірнеше минут бойы жүретін абсорбциялануымен сипатталады

С. Жұқпалы ауруларды диагностикалаудың бактериологиялық әдісінде табылған белгісіз микробтарды серологиялық идентификациялау

Д. Арнайыланған, көзге көрінетін агглютинация, тұнбаға түсу немесе еру құбылысымен аяқталады.

Е. Иммуноферменттік және радиоиммунологиялық талдау



3. Қан өндіретін ұлпалардың ісігі:

А.Метастаз

В.Лимфома

С.Карцинома

Д.Миелома

Е.Семинома



4. Антиген-байланыстырушы және эффекторлық:

А.Антидененің екі түрлі қызметі

В.Серологиялық әдістің екі қызметі

С.Антидене мен антигеннің әрекеттесуінің екі сипатвсипаты

Д.Антиденелердің синтезіне қатысты екі гипотеза

Е.Иммуноглобулиннің екі тізбегінің аты



5.Антиденелер синтезіне қатысты бірнеше гипотезалар бар, ең танымалы:

А.Э.Фишердің «Кілт-құлып» моделі

В.Д.Кошландтың «Қол-қолғап» моделі

С.Харди-Вайнберг заңы

Д.Мюллер мен Гекеельдің биогенетикалық заңы

Е.Ф.Бернеттің клонды-селекциялық гипотезасы



6. Субстратты және катализдік орталықтардан алыста орналасады:

А. Катализдік белсенді орталық

В. Субстратты белсенді орталық

С. Аллостериялық белсенді орталық

Д. Белсендіру энергиясы

Е. Бастапқы субстрат



7. Ферменттерді қайтымсыз ингибирлеуге негізделген дәрілік препаратқа жатады:

А.Цитромон

В.Анальгин

С.Интерферон

Д.Аспирин

Е.Тетрациклин



8. Субстраттың концентрациясы артқанда:

А. Реакция жылдамдығы да артады

В.Өзгеріс болмайды

С.Реакция тоқтайды

Д.Жылдамдық баяулайды

Е.Температура түседі



9. Ингибитор молекуласы мен фермент арасында ковалентті тұрақты байланыстар пайда болғанда байқалады:

А.Деформация

В.Субординация

С.Белсенділік

Д. Қайтымсыз ингибирлену

Е.Төмендеу



10. Субстартты байланыстырғаннан кейін конформацияны өзгерте алады:

А.Метал иондары

В.Глюкооксидаза

С. Ферменттің белсенді орталығы

Д.Ковалентті байланыс

Е.Бір циклдік тоа



11. Ферменттер медицинада қолданылады:

А.Шіріту бактерияларын өлтіруде

В. Диагностика

С. Терапия

Д. Бірқатар заттарды анықтауда арнайы реактивтер ретінде

Е.Пластикалық заттар алуда

Ғ.Капрон, нейлон алуда

G.Көмір өндіруде

H.Тыңайтқыштар өндіруде

12. Белсенді орталықтың түрлері:

А.Анабиоздық

В. Субстратты

С. Катализдік

Д.Синтездік

Е. Аллостериялық

Ғ.Элонгация

G.Афференттік

H.Эфференттік

13. Тасымалдаушы болуы мүмкін:

А.Нәруыздар

В. Майлар

С. Көмірсулар

Д. Бейорганикалық материалдар

Е. Аминқышқылдары

Ғ.Майқышқылдары

G. Табиғи полимерлер

H. Синтетикалық полимерлер

14. Аминқышқылдарынан нәруызды ақпараттық РНҚ матрицасында рибосомалар көмегімен синтездеу процесі :

А.Транскрипция

В.Трансляция

С.Инициация

Д.Транзиция

Е.Элонгация



15. РНҚ биосинтезі жүретін ДНҚ бөлігі:

А.РНҚ-полимераза

В.Рибонуклеотид

С.Транзиция

Д.Транскриптон

Е.Экзон


16. мРНҚ кодондары мен нәруыздағы аминқышқылдарының сызықтық реттілігінің сәйкестігі:

А.Арнайылық

В.Бірбағыттылық

С.Артықтық

Д.Әмбебаптық

Е.Коллинеарлық



17. 1979 жылы адам митохондриясында кодтың артықтығы ережесіне келетін мінсіз код ашты:

А. Б.Г.Берелл

В. Д.Эрелл

С. Э.Мишер

Д.Я.Пуркинье

Е. Т.Шванн



18. Әр аминқышқылыны нуклеотидтердің үштігі сәйкес келеді,ол:

А.Коллинеарлық

В.Арнайылық

С.Бірбағыттылық

Д.Артықтық

Е.Әмбебаптық

Ғ.Үшөрімділік

G. Генаралық тыныс белгілердің болуы

H.Үздіксіздік

19. Генішілік тыныс белгілерінің болмауы: ген ішінде әр нуклеотид белгіленетін кодоннның құрамына кіреді:

А.Коллинеарлық

В.Арнайылық

С.Бірбағыттылық

Д.Артықтық

Е.Әмбебаптық

Ғ.Үшөрімділік

G. Генаралық тыныс белгілердің болуы

H.Үздіксіздік

20. Генетикалық кодтың қасиеттерінің барлығы тірі организмдерге тән болып келеді:

А.Коллинеарлық

В.Арнайылық

С.Бірбағыттылық

Д.Артықтық

Е.Әмбебаптық

Ғ.Үшөрімділік

G. Генаралық тыныс белгілердің болуы



H.Үздіксіздік


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет