Тест «Отбасылық тәрбиенің стратегиясы»



бет1/2
Дата29.09.2023
өлшемі43 Kb.
#111586
  1   2

Тест «Отбасылық тәрбиенің стратегиясы»
Осы қарапайым тест арқылы өздеріңіздің отбасыңыздағы тәрбие стратегиясын бағалап көріңіз.
Нұсқау: берілген төрт жауаптың ішінен өзіңіз қалайтынын белгілеңіз.

  1. Сіздің ойыңызша, адам мінезі немен анықталады: тұқым қуалаушылықпен бе, әлде тәрбиемен бе?

А. Әрине тәрбиемен.
Б. Туғанда берілген қабілеті және өмір сүру ортасының жағдайымен.
В. Тек қана туғанда берілген қабілетімен.
Г. Өмірлік тәжірибесімен.



  1. Балалар өз ата-анасын тәрбиелейді деген ойға қалай қарайсыз?

А. Бұл сөздер жиынтығы, шындыққа үйлеспейді.
Б. Осы оймен толығымен келісемін.
В. Ата-аналардың бала тәрбиелеуші дәстүрлі рөлін ұмытпаған жағдайда ғана осы оймен келісемін.
Г. Жауап беруге қиналамын, ол туралы ойлаған емеспін.



  1. Тәрбие туралы ойлардың қайсысы ұтымды деп ойлайсыз?

А. Егер балаға айтатын еш нәрсеңіз болмаса, оған барып, жуын деп айтыңыз. (Эдгар Хо).
Б. Тәрбие мақсаты – балаларды бізсіз өмір сүруге үйрету. (Эрнст Легуве).
В. Балаларға нұсқау емес, мысалдар керек. (Жозеф Жубер).
Г. Ұлыңды тыңдай білуге үйрет, сонда қалағаныңа да үйрете аласың. (Томас Фуллер).



  1. Ата-аналардың жыныс мәселелері туралы балаларына айту керек пе?

А. Мені ешкім үйреткен жоқ, оларды өмір үйретеді.
Б. Балалардың осы мәселе бойынша қызығушылық танытқандығын түсінікті түрде қанағаттандыру керек деп ойлаймын.
В. Балалар толық есейгенде, ол туралы әңгіме қозғау керек болады. Ал мектеп жасында, ең бастысы, азғындықтың түрлерінен оларды қорғауды қамтамасыз ету қажет.
Г. Әрине, мұны бірінші ата-аналар айту керек.



  1. Ата-анасы балаларының қалтасына ұсақ-түйек ақша берүі қажет пе?

А. Егер сұраса, беруге болады.
Б. Нақты мақсаттарға үнемі белгілі бір соманы беріп, шығындарын бақылап отыру керек.
В. Баланың ақшаны ұстап үйренуі үшін нақты бір мерзімге бір аптаға, айға, белгілі мөлшерде ақшаны беріп отыру керек.
Г. Кейбір соманы белгілі мерзімге береміз, сосын шығындарын әңгіме кезінде талқылаймыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет