Тест спецификациясы



бет1/2
Дата05.06.2023
өлшемі60 Kb.
#98703
  1   2

«Арнайы педагогика» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М021 – Арнайы педагогика кадрларын даярлау
шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Арнайы педагогика» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған



Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсыр
ма саны

1

Арнайы педагогиканың теориялық негіздері

А

2

2

Арнайы педагогикадағы негізгі ұғымдар мен түсініктер

А

2

3

Арнайы педагогиканың ғылым ретінде шетелдерде дамуы

А

2

4

Қазақстан Республикасында арнайы педагогиканың ғылым ретінде дамуы

А

3

5

Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері.

В

2

6

Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесі

В

2

7

ҚР мүмкіншілігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық- ­педагогикалық түзете қолдау көрсету жүйесі.

В

2

8

Ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды тәрбиелеу ерекшеліктері

В

2

9

Арнайы педагогиканың дидактикасы

В

2

10

Арнайы білім беру жүйесіндегі арнайы педагог

В

1

11

Психикалық дамуы тежелген тұлғалардың арнайы білім алуы.

В

1

12

Зияты зақымдалған тұлғалардың арнайы білім алуы.

С

2

13

Тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесі.

С

1

14

Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.

С

2

15

Көру қабілеті зақымдалған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.

С

1

16

Аутизм жағдайдағы тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі

С

1

17

Тірек-қимыл қозғалыс аппараты зақымдалған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі

С

1

18

Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі

С

1

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

30

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі болып табылады; мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға ерекше білім беруді қарастыратын арнайы білім берудің теориясы мен практикасы.
«Арнайы педагогика» пәні бойынша тестілік тапсырмалардың құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын қамтып, магистранттардың білімді меңгеруі түсінікті формада бағалауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет