САБАҚ: 1-бөлім: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас
Тақырыбы: Тіл және сөйлеу
|
Мектеп: №72 мектеп-лицейі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Адилбекова Ж.С.
|
СЫНЫП: 5
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Оқу мақсаты
|
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (Т/А1).
Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату (5.О3.).
|
Сабақ мақсаттары
|
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы мәтін тақырыбын болжайды;
Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыратады.
|
Бағалау критерийі
|
Тірек сөздерді анықтап, мәтіннің тақырыбын болжайды;
Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыратады.
|
Оқыту деңгейі
|
Тану, түсіну, талдау
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
|
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты талдайды, жанрлық ерекшелігін талдайды
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
Тіл ұстарту, сөйлеу құралы, лебіз, туған тіл, тіл кеңдігі, тіл тарихы, ана тілі
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Неге адам баласы өз тілін «ана тілі» демей, «туған тіл» деп атайды?
«Ана тілін білмейтін адам, мәдениетті адам санатына қосылмайды» деген екен Мұхтар Әуезов. Осы оймен келісесіздер ме?
|
Құндылықтарға баулу
|
Мәңгілік ел, Туған тілді құрметтеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиет, тарих
|
Алдыңғы оқу:
|
Ана тілі, маңызы
|
Сабақтың барысы
|
Кезеңдер
уақыты
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
|
Қызығушылық ояту
7 минут
|
Амандасу, сыныптың сабаққа
дайындығын қадағалау, санау арқылы топ құру, сабақ мақсатымен таныстырады
Берілген суреттер арқылы сабақ тақырыбына болжам жасап көрелік.
Ана тілі туралы ойларыңды ассоциациялаңдар.
ДЕСКРИПТОР:
- сабақ тақырыбына болжам жасайды;
-суреттерді бір-бірімен байланыстырып, өз пікірлерін білдіреді.
Кіріспе бөлімді бекіту.
Берілген бейнебаян арқылы ойларын жинақтайды, толықтырады.
|
Оқу құралдарын дайындайды, сабақ тақырыбын, мақсатын дәптерлеріне жазады
|
https://www.youtube.com/watch?v=W6lfYCpsuBo
|
Мағынаны тану кезеңі
33 минут
|
ДАМЫТУ ТАПСЫРМАСЫ
Тыңдалым тапсырмасы.
№1 тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, тірек сөздерді анықтаңдар және тақырыпты болжаңдар.
1-қадам: «АНЫҚТАМА БҰРЫШЫНДА» берілген жаңа ұғыммен танысады;
Тірек сөз дегеніміз – мәтіндегі ойды мағыналық тұрғыдан ұйыстырып, ашып тұратын сөз.
Болжау, бұл – мәтінде көтерілген тақырыпты немесе мәселенің жай-күйін болжамдап пікір білдіру
2-қадам. «БАЛЫҚ ҚАҢҚАСЫ» әдісін негізге ала отырып, мәтіннен тірек сөздерін табады, мәтіннің тақырыбынанықтайды.
ТІРЕК СӨЗДЕР:
Сөйлеу тілі, тіл, қарым-қатынас, тілдік амалдар, дауысталу, тіл құралы.
|
Дескриптор:
- мәтіннен тірек сөздерді анықтайды;
- тірек сөздер негізінде мәтін тақырыбын болжайды.
|
|
Оқылым тапсырмасы.
№2 тапсырма. Мәтінді оқып, жанрлық ерекшелігін ажыратыңдар.
«АНЫҚТАМА БҰРЫШЫ» әдісі арқылы жанр, оның түрлері, мақала, туралы түсінік беріледі.
Мәтін – бір тақырып төңірегінде біріккен сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды, мәнді сөйлемдер тізбегі
МӘТІННІҢ ЖАНРЛАРЫ:
Мақала, репортаж, очерк, рецензия, интервью, комментарий
Әңгіме, повесть, роман, өлең, драма, ертегі, трагедия, комедия
Лекция, монография, оқулық
Ғылыми журнал, диссертация
Бұйрық, арыз, қызметтік хат
Хат, имейл, блог-пост, үндеу мәтіні
Өмірбаян, күнделік, жол жазбалары
Жарнама, хабарландыру, нұсқаулық
Дау тудыру, әңгімелесу, хабарлама, баяндама, мінберсөз
Сәлемдесу, үндеу тастау, сұхбат
Мақаланың жанрлық ерекшелігі қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
1-тапсырма. Мәтінде берілген ақпараттардың дұрысын белгілеңіз.
№
|
Сөйлемдер
|
Дұрыс
|
Бұрыс
|
1
|
Сәбидің алғашқы тіл ұстартушы ұстазы – анасы.
|
|
|
2
|
Кез келген тілдің тарихы, жүріп өткен жолы, даму сатылары болмайды.
|
|
|
3
|
Баланың ана тілін толық меңгеруі отбасынан басталады.
|
|
|
2-тапсырма. Мәтінді оқып, қай жанрда жазылғанын анықтаңыз
А) мақала
В) әңгіме
С) жарнама
3-тапсырма. Мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтаңыз
А) қолданыс аясы тар лексика, жаргондар қолданады
В) терминдер басым және белгілі бір академиктер жазады
С) қоғамдық-әлеуметтік мәселе көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды
4-тапсырма. Мәтінде қандай қоғамдық-әлеуметтік мәселе көтерілгенін анықтаңыз
А) ана тілді даму кезеңдері
В) тіл тарихы
С) сәбидің ана тілін меңгеруі
5-тапсырма. «Публицистикалық мақала» анықтамасын табыңыз
А) қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғаларды, дәуір тынысын көрсету мақсатында жазылады
В) ғылыми жаңалықтар мен құбылыстарды түсіндіру мақсатында жазылады
С) жекелеген адам ғұмырына арналып жазылады
«Өзіңді тексер»
1-тапсырма жауабы: 1 – дұрыс , 2 – бұрыс , 3 – дұрыс
2-тапсырма жауабы: А
3-тапсырма жауабы: С
4-тапсырма жауабы: С
5-тапсырма жауабы: А
|
Дескриптор:
жанрын анықтайды;
жанрлық ерекшелігін мысалдармен дәлелдейді.
|
https://ppt-online.org/375617
|
Соңы 5 минут
|
Кері байланыс.
Егер бүгінгі сабағымызда төмендегі іс-әрекеттерді толық жасаған болсақ, онда алдымыздағы білім есігінің кілтін дәл тауып, аша алдық деп ойлаңыздар.
тірек сөздерді анықтап, мәтіннің тақырыбын болжадық;
мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыраттық.
|
|
|
Қосымша тапсырма
|
Берілген сұраққа жауабын ойланып толықтырыңдар.
Сұрақ:
Адам өзінің ана тілін өмір бойы үйренумен болады. Неге?
Жауап үлгісі:
1. Ана тілін ұмытпас үшін;
2. Ел болып қалыптасу үшін
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |