ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
Кәсіпкерлік тәуекелдер - өнімді өндірумен, тауарларды шығарумен, қызметтерді көрсету мен тауарлық, ақшаның және қаржылық операцияларымен, коммерциямен, сонымен бірге ғылыми техникалық жобаларды жүргізуінен кәсіпкерлік қызметтінің кез-келген түрінде пайда болатын тәуекелдіктерді айтамыз.
Қаржылық тәуекелдік ақша құралдарын жоғалтып алу мүмкіндігімен байланысты болады. Сонымен қатар қаржылық тәуекелдік кәсіпорынның ұйымдаспаған қызмет нәтижесінен болуы мүмкін.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекелдер – қаржылық кәсіпкерлік тәуекелділігі немесе қаржылық келісімдердің тәуекелділігі. Онда тауар ретінде валюта, бағалы қағаздар ақша қаражаттарының орнын алады.
Қаржылық тәуекелдер екі түрге бөлінеді: ақшаның сатып алу қабілеттілігіне және капитал салумен (инвестициялық тәуекелдік) байланысты болатын тәуекелдер.
Инфляциялық тәуекелдік дегеніміз – инфляция өскен сайын, қаржылық табыстылық деңгейі, нақты сатып алу қабілеттілігі жағынан тез құнсызданады. Бұндай жағдайда кәсіпкер шығынға ұшырайды.
Дефляциялық тәуекел кезінде дефляция өскен сайын, баға мен кәсіпкерліктің экономикалық тиімсіз жағдайы төмендей тұседі. Соған байланысты табыс та өседі.
Валюталық тәуекелдік валюта түрлері бойынша қаржы компанияларының тартылған және орналасқан қаржыларының балансыздығынан туындайды.
Өтімділік тәуекелділігі – сатып алу бағасы мен сапалық бағаның өзгеруіне байланысты бағалы қағаздар мен басқа да тауарларды сатудан болатын шығындардың мүмкіндігі.
Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
Олар өз ішінде мынандай түрлерге бөлінеді:
1)Тиімділікті жоғалту мүмкіндігі – кәсіпорын тәуекелдердің біреуін немесе бірнеше түрлерін дұрыс емес басқарудың немесе қандай дабір шараның жасалынбау (мысалы, сақтандыру, хеджерлеу, инвестициялау) нәтижесінде қаржылық шығынға ұшыраумен сипатталады.
2)Пайданың төмендеу тәуекелі – инвестициялық қоржын, салымдар және несиелер бойынша пайыздар мен дивидендтер мөлшерінің төмендеу салдарынан пайда болады. Ол пайыздық тәуекелдік және несиелік тәуекелдік деп екіге бөлінеді:
Пайыздық тәуекел – активтер балансының және пайыздық ставканың өзгеруіне әсер еткіш компания міндеттерінің сәйкес болмауынан туындайды.
Несиелік тәуекелдік – несиелерді өтеу сәтінде борышкердің бөліп немесе толық төлеуге шамасы жоқтығына байланысты несиелік жиынтықтардың бағасын азайту нәтижесінде бірнеше уақыт кезеңінің ішінде нақты мүмкіндігімен орын алуы мүмкін барынша күтілетін шығынды танытатын несие болып табылады.
3)Тікелей қаржылық жоғалту тәуекелі биржалық тәуекел, селективті тәуекел, банкроттық тәуекел және несиелік тәуекелге бөлінеді.
Биржалық тәуекел – биржалық келісім – шарт жасасу кезінде шығынға ұшырау тәуекелі. Бұл тәуекел түріне коммерциялық келісімдер бойынша төлемеу тәуекелі мен брокерлік фирманың комиссиондық сыйақыны төлемеу тәуекелі т.б. жатады.
Селективті тәуекел – бұл инвестициялық қоржынды құрған кездегі бағалы қағаздар түрі мен капитал салымдарының түрін қате таңдаған кездегі тәуекел мүмкіндігі.
Банкроттықа ұшырау тәуекелі – дұрыс таңдалмағанкапитал салымдары негізінде кәсіпкердің меншікті капиталының толығымен жоғалтып алу мүмкіндігі мен міндеттемелері бойынша төлем қабілеттігінің болмауы.