Тәуекел - менеджменті негізінде мақсатты бағыттас іздеу мен тәуекел деңгейін төмендету бойынша жұмысты ұйымдастыру, белгісіз шаруашылық жағдайындағы табысты (ұтыс, түсім) алу және жоғарлату өнері жатыр. Тәуекелдерді басқару немесе тәуекел - менеджменті – бұл тәуекел жағдайларын пайда болған оң салдарын максимизациялайтын және теріс салдарын минимизациялайтын, шешімдерді қабылдау және тәуекелдер талдауымен теңестіруімен байланысты бизнес үрдістері. Сонымен, тәуекел-менджементі тәуекелді басқару стратегиясы мен тактикасын қоса осы басқарудың үрдісіндегі пайда болған субъектілер аралығындағы қатынастар мен қаржылық тәуекелдерді басқару және тәуекел-менеджментін көрсетеді.
Сандық тәуекел табыс немесе табыстылық вариабельділігін өлшейтін көрсеткіш ретінде сипатталуы мүмкін. Өз кезегінде олар: вариация өсімі, дисперсия, кейде стандартты деп аталатын орташа квадраттық ауытқу және вариация коэффициенті.
Вариация өрісімен осы қатардың максималды және минималды белгілерімен мәндерінің арасындағы айырмашылығы деп аталады:
R = x max – xmin
Дисперсия оның орташадан белгінің мәнді орташа квадраттық ауытқуы болып табылады және келесі формула бойынша есептеледі:
Var = σ2 = 1/n * ∑ (xj – x )
Орташа квадраттық ауытқу топтаудың орталығына қатысты түрлендірілген белгі мәнісінің орташа ауытқуын көрсетеді, бұл жағдайда орташа арифметикалық.
σ = √ Var
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер ортақ бір кемшілігі бар – бұл шығатын белгілердің қатарындағы абсолюттік мәнінен тәуелді мәні бар абсолюттік көрсеткіштер. Сондықтан көбінде вариация коэффициенті қолданылады, ол келесі формула бойынша есептеледі: