БӨЖ-ОБӨЖ
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, А.Байтұрсынұлы
ЖОСПАР
1 Кіріспе
• Алаш қозғалысы
2 Алаш қозғалысындағы еңбектерді талдау
• Ахмет Байтұрсынов
• Әлихан Бекейханов
• Мұстафа Шоқай
•3. Қорытынды
КІРІСПЕ
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Алаш қозғалысы — XX ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының
отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден кешіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ғыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес ұтымды саяси жолмен курс жүргізу қажет еді. Осылайша бірінші орыс теңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларіннің әрекеттері кейінректегі Aлаш қозғалысының бастамасы болды. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшіrігімені чіттық зиялылар улт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын ме гере бастады Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға койды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Казақ»,артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы-қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолыдағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылы пайда болған бұл саяси қурылымдар большевиктер тарапынан кушпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуғын-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұл- азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Садуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты. Осы тоталитаризм қурбаны болған ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстандағы саяси процес лидерлері Ресей демократтарымен узеңгілес болып, иық тірестіріп, еңбек еткен Әлихан Бокейханов, Тұрар Рұскұлов, Халел Досмұхамедов, Смағұл Садуакасов, Султанбек Қожанов, Мухамеджан Тынышбаев, Мустафа Шокай т.б. болды. ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлері бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылдықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. XX ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік процес лидерлерінің кезқарастарын тұжырымдайтындай арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Көбінесе Алаш тарихына байланысты және сол кездегі саяси тұлғалардың шығармалар жинақтары шыққан. Ә Бекейханов М. Шоқай, Тынышпаев, С.Сәдуақасов, А.Байтурсынов, М. Дулатов, Т.Рұсқұлов т.б. шығармалар жинақтары мен еңбектерінің жарық көруі біздің тәуелсіздігіміздің жемісі болып табылады.
1991 жылы тауелсіздігіміз жариялап, Алаш қайраткерлері туралы зерттеулерге жол ашылғаннан кейін ұлттық мүдде тұрғысынан олардың өмірі мен қоғамдық саяси істерін қарастыра бастады.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
Ахмет Байтұрсынұлы XX гасырдынбасында -ақ халыққа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік,
ақындық, журналистік кызметімен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ондаған жылдар бойы ел игілігіне айналған және қазір де оған қызмет етіп келе жатқан асыл мұра қалдырды.
• 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы.
БІЛІМ АЛГАН ЖЕРЛЕРІ: Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс- қазақ мектептерінде сабақ берген.
1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылады және сонда 1917 жылға дейін болады. Өзінің сенімді достары Ә.Бекейханов, М.Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып оның жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салды, Большевиктерді мойындамады, оларға қарсы шықты 1921-1978 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабак береді. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік обылыстарына жер аударылады. Кейіннен босап шығып, бірақ 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған,
ӘЛИХАН БӘКЕЙХАНОВ
XIX F соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Алаш қозғалысын жетекшілерінің бірі.Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен, Міржақыт Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардын демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресми «Қазақ» газеті шыға бастады
Санкт- Петербургтегі орман техникалык институтының экономика факультетін бітірген.
Оқуын аяқтаған соң Омбы орман шаруашылығы училищесінде педагогикалык жане ғылыми кызметпен айналысты. 1904 жылы орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы жөніндегі материалдар дайындаған Ф. А Щербиннің экспедициясының курамьнда жұмыс істеді. Конституциялык -демократиялық партияның мүшесі, бірінші шақырылған Мемлекеттік Думаның депутаты болды.
1917 жылы Ә. Бөкейханов Қазақстан бойынша Уакытша укіметтің комиссары болып тағайындалды. Алаш» ұлттық саяси партиясын кұрды, 1917 жылы желтоксанда екінші бүкілқазақтық төтенше құрылтайда оның бастамасымен Қазақ автономиясы — Алашорда жарияланды. Бөкейханов Азамат соғысы жылдары Кеңес өкметінің ұлттық автономияны сақтау жөніндегі декларациялық уәдесіне байланысты басқа алашордашылармен бірге белсенді саяси және мемлекеттік қызметтен уакытша бас тартуға мәжбүр болды а Бекейхановтың басты мақсаты қазақтардың дербес мемлекетін құру еді. Өмірінің соңғы жылдарын Мәскеу қаласында өткізді. 1937 атылды. 1988 жылы ақталды
МҰСТАФА ШОҚАЙ
1890-1941
Аса көрнекті саяси, қоғам жөне мемлекет кайраткері, публицист, журналист, гуманист, демократ. XX ғасыр басындағы еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрескерлердің ірі өкілі. Бастауыш білімді отбасында алып, Ташкент гимназиясын орыс тілінде бітірді. Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірді.
1917 жылдың ақпанына дейін Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының Түркістан жөніндегі істері бойынша хатшысы болып істеді. Петербургтен Түркістанға кайтып оралған соң либерал-демократиялық азаттық қозғалыс басшыларының бірі болды.
27 жасында ол бүкіл Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың бас-шыларының біріне айналды. Түркістан (Қокан) Республикасының құрылуымен қорғаныс министрі, үкімет төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Қазан ре-волюциясына қарсы болды. Қоқан автономиясы қуып таратылған соң шетелге эмиграцияға кетті. Антикеңестік оппозицияның көрнекті өкілі болды. Шетелде журналдар шығарып тұрды. Өзінің көптеген мақалаларында, әсіресе «Кеңестердің билігіндегі Түркістан» атты кітабында большевиктер партиясы мен Кеңес өкіметінің Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы әлеуметтік- экономикалық және ұлт саясатын сынға алды.
Қоқан Республикасы талқандалған соң Грузия мен Түркия арқылы қашып, Германияга, Берлинге келіп орналасты. Ол мұнда Ресейлік мұсылман эмигранттардың ұйымын басқарды, ғылыми жұмыспен айналысып, «Еңи Түркістан» мен «Яш Түркістан» журналдарын басып шығарып түрды. 1940 жылы маусымда М.Мұстафа Шоқай Орта Азия мен Шоқайды фашистер тұтқындап, Қазақстан халықтарының ежелгі ірі бай Компьен лагеріне жабылды. 1941 мәдениеті мен тарихын насихаттаған ағартушы болды. Ол орыс әдебиетінің жылы желтоқсанда Берлинде білгірі саналып, ағылшын, француз, жұмбақ жағдайларда қайтыс неміс, түрік және араб тілдерін тамаша меңгерді. Ол бүкіл өмірін Орта Азия мен болды. А. Шульгин ол жөнінде:Қазақстан халықтарының ар-абыройы, «бұл түркістандық сонымен бірге шындығы жолындағы күреске арнады, оның жаны мен жүрегі өз туған жоғары білімді Еуропалық болды, халқымен әрдайым бірге болды. «жеке өзі» бүкіл елді көрсете алатын еді» деп жазды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ғасырлар бойы ата – бабаларымыз ұлан – байтақ қазақ жерін, елін тұлпардың үстінде жүріп, найзаның ұщымен,білектің күшімен қорғаса. Ал “Алаш” қозғалысының қайраткерлері саяси күресті ойлап тапты. Оларды да сүріндірді, бірақ құлата алмады. Қазақ халқының маңдайына азаттықтың ақ таңын көру 1986 жылы желтоқсан оқиғасынан кейін бұйырыпты. Еліміздің тұғыры биік тәуелсіздігін сақтап, мақтан тұтайық!
ПАЙДАЛАНЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
• ВИКИПЕДИЯ
• Қазақстан тарихы
• Егемен Қазақтан газеті
• Stud.kz сайты
Достарыңызбен бөлісу: |