Тьютордың педагогикалық қызметінің түрлері мен құралдары



Дата27.10.2023
өлшемі90,92 Kb.
#120934
түріСабақ

Тьютордың педагогикалық қызметінің түрлері мен құралдары

Орындаған: Кланова А.М.

ДОВ 23-114(2)-10


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты

Тьютор –

  • оқушымен немесе бірнеше оқушымен күнделікті, апта сайын немесе ай сайын оларға пән бойынша білім және дағдыларды беру мақсатында қосымша сабақтар өткізетін мұғалім.

Тьютор қызметінің мақсаты

  • инклюзивті тəжірибе жағдайында баланы жалпы білім беру ұйымының ортасына білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыны табысты араластыруы. Тьютор əр білім беру кезеңінде педагогтарды, арнаулы педагогтарды, психологтарды, басқа да бала үшін қажет мамандарды үйлестіруді қамтамасыз ететін байланыстырушы буын болуы мүмкін

Педагогикалық қызмет —

  •  педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін және шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет.
  • Педагогикалық қызмет-негізгі мәселе мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен, сәйкестігі; едагогикалық қызмет сәтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кәсіби санасынын деңгейімен байланысты. Педагогикалық қызмет үш моделі:
  • мәжбүрлеу педагогикасы (авторитарлық педагогикасы),
  • толық бостандық педагогикасы,
  • серіктестік педагогикасы

Педагогикалық қолдау

  • – оқушы əрекет ететін, ал педагог осы іс-əрекетті іске асыру жəне түсіну үшін жағдайлар жасау барысында туындайтын өзара байланыс. Қолдаудың негізгі нəтижелері – тек білімдер, жұмыс істеу тəсілдер, жекелей білім беру қызметі ғана емес, сонымен қатар оқушының өзінің білім беру нəтижелері, мағынасы мен мəнін санасына жеткізуі. Педагогикалық қолдау оқытушыдан оқушыға жауапкершілікті тапсыруды түсіндіреді. Қолдаудың негізгі нəтижелері – оқытушы жəне оқушы деп бағдарланатын өзара байланыс нормалары. Осыдан келіп, педагогикалық қолдаудың екі түрін айқындап алуға болады: ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №2 (54), 2019 ВЕСТНИК КГПИ №2 (54), 2019 ISSN 2310-3353 ISSN 2310-3353 126 – сырттай берілген нормаларға негізделген нормативтік қодау; – қолдауға қатысушылардың өздерімен анықталатын нормаларға негізделген гуманитарлық қолдау.

Инклюзивті білімде тьютор –

  • білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыны білім беру жəне əлеуметтік ортаға табысты араластыру үшін жағдайлар жасайтын жəне баланың қоғамда табысты болуына, мектеп ортасына бейімделуіне, өз мүмкіндіктерін көрсетуге көмек ететін маман.

Тьютордың құзыреттіліктері –

  • жеке оқу бағдарламаларын қолдауға мүмкіндік беретін заманауи педагогтардың құзыреттіліктері. Базалық немесе əмбебап құзыреттіліктер педагогикалық білім берудің жалпы мазмұнына жатады жəне келесі сапалардың қалыптасуын қамтамасыз етуге тартылған, олар: төзімділік, эмпатия мүмкіндігі, икемділік, көмекке келуге дайын болу, күрделі жəне стандартты емес кəсіби жағдайлардағы жеке тиімділігі, жауапкершілік, жеке шешімдер қабылдауға мүмкіндігі, алынған білімдерін тəжірибеде қолдана алу біліктілігі, коммуникативтілік, ынталылығы, өмір бойы кəсіби жетілуге тіленісі мен қабілеттілігі.

Педагогтардың қызметіндегі жаңа нормалардың пайда болуы үшін тьютор оларға өз жетістігін түсіну, проблемаларын ұғу, мақсаттары мен әрекеттерін жүйелеу мақсатында қызметін талдауға, рефлексиялауға көмектеседі. Педагогтардың өзінің жеке кәсіптік білім беруін қалыптастыру үшін тьютор оларға жеке білім беру бағдарламаларын құруға көмектеседі, кәсіби байқаулар мен тәжірибелер ұйымдастырады, педагогтарға олардың кәсіби жайғасуын қамтамасыз етеді.

  • Педагогтардың қызметіндегі жаңа нормалардың пайда болуы үшін тьютор оларға өз жетістігін түсіну, проблемаларын ұғу, мақсаттары мен әрекеттерін жүйелеу мақсатында қызметін талдауға, рефлексиялауға көмектеседі. Педагогтардың өзінің жеке кәсіптік білім беруін қалыптастыру үшін тьютор оларға жеке білім беру бағдарламаларын құруға көмектеседі, кәсіби байқаулар мен тәжірибелер ұйымдастырады, педагогтарға олардың кәсіби жайғасуын қамтамасыз етеді.

Тьютордың негізгі функциялары:

  • Жобалау
  • Ұйымдастырушылық-мотивациялық ақпараттық-консультациялық сараптамалық жәнерефлексивті.

Тьюторлық жетекшілікті ұйымдастыру келесі принциптерге сай болуы тиіс:

  • 1. Интерактивті (нақты білім аймағындағы тьюторлармен және эксперттермен байланыс, басқа да қатысушылармен қарым-қатынас).
  • 2. Білім беру формалары мен әдістерінің артықтылығы (білім беру үрдісін ұйымдастырудың сипаттамасы, белсенді әдістер, білімдік құбылыстар).
  • 3. Бірегей оқу-әдістемелік материалдардың әр түрлілігі.
  • 4. Оқытудың мазмұнын жоспарлау (жеке білім беру бағыттарын құру еркіндігі - оқу курстарыны жүйесінен модульдер, білімдік құбылыстар және т.б.)
  • 5.Өзін өзі ұйымдастыру және өзін өзі оқыту.
  • 6.Жоспарлау, байланыс, жетістіктерді көрсету, өзіндік рефлексия құралдарынан тұратын дамыған виртуалды инфраструктура.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет