Тыңдалым және айтылым 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында. Кітаптар мұңы



бет1/3
Дата02.01.2023
өлшемі66,16 Kb.
#60260
  1   2   3

4-сыныптың «әдебиеттік оқу» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Білім алушы_________________________________________________________


Тыңдалым және айтылым
1-тапсырма.
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Кітаптар мұңы
Жыл соңында барлық балалар кітаптарын мектеп кітапханасына өткізді. Солардың ішінде беттері жыртылған, мұқабасы жоқ, іші сия-сия болып сызылған кітаптар да бар еді. Кітапханашы кітаптарды сөреге жинап жатқанда оның көзі беті сызылған 4 сыныпқа арналған математика кітабына түсті. Ол сол кітапты қолына алып, бетіне ұзақ қарады. Кітап оған осындай жағдайға қалай жеткенін айтып, мұңын шаққандай болды. ...
1) Кітаптардың мұңаю себебі неде деп ойлайсың?
2) Мәтінге өз ойыңнан жаңа кейіпкерлер немесе жағдаяттар қосып, мpppазмұнын толықтырып айт. Әңгімелеу барысында мақал - мәтелдер/нақыл сөздерді қолдан.
[6]
Оқылым



  1. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.



«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» бұл мақалды біз алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтімізде апайымыз жаттатқызып еді. Уақыт өте бұл сөздің растығына көзімізді жеткізудеміз. Расыменде, кітап – біздің рухани досымыз. Ұзаққа сапарға шыққанда сенімді серігіміз, әркез қасымыздан табылып, көңілімізге қуаныш сыйлап, жанымызды жадырататын да өзіміздің жақсы көретін кітабымыз.
Кітап оқу ойымыздың дамуына, қиялымыздың ұшқыр болуына, сөздік қорымыздың артуына өзіндік зор ықпалын тигізері анық. Өмірдегі кез келген сұрақтардың жауабын кітаптан табамыз. Оқып, білген дүниелерімізді өмірде қолдана отырып мәселелерді шешуге тырысамыз. Бойына ақыл мен білімді сіңіре алған кітапты оқудың бізге көп пайдасы бар. Кітап оқып жатып біздің ойымыз бен қиялымыз дамып, сөздіқ қорымыз артып, сөйлеуіміз дұрыстала бастайды. Оқу арқылы біз табиғаттын сан алуан ерекшелігі мен құбылыстарын көре аламыз. Әлемді таңып, оның әсемдігіне тамсана аламыз.

1) Мәтіннен кітап оқудың қандай пайдасы барын байқадың? Тиісті жауапты белгіле ().



Адам ойының дамуына, қиялының ұшқыр болуына, сөздік қорының артуына өзіндік зор ықпалын тигізеді

Кітап- рухани дос.

2) Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын нақыл сөзді анықтап, белгіле ().


«Кітап-рухани дос» «Кітапты досыңды таңдағандай таңда»

3) Өмірдегі кез келген сұрақтардың жауабын қайдан табамыз?


___________________________________________________________________________
4) Өзіміздің жақсы көретін кітабымыз не істей алатынын білдіретін сөйлемді қоршап сыз..
___________________________________________________________________________
5) Мәтін бойынша түсінуге/бағалауға бағытталған бір сұрақ құрастыр және жауап бер.
Сұрақ: ___________________________________________________________________
Жауап:___________________________________________________________________ [6]


Жазылым
а) Оқылымға берілген мәтіннің басын білдіретін сөйлемдерді көшіріп жаз. ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
ә) Негізгі бөлімін тауып, қоршап сыз.
б) Мәтіннің әр бөлігіне сәйкес жоспар құр.
Жоспар:
1) __________________________________
2) __________________________________
3) __________________________________
[6]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет