«Тиімді оқыту мен оқудағы жаңа педагогикалық инновациялар» А. П. Қалпиева –физика-информатика пәндерінің мұғалімі



Дата10.04.2023
өлшемі20,66 Kb.
#80931


«Тиімді оқыту мен оқудағы жаңа педагогикалық инновациялар»
А. П. Қалпиева –физика-информатика пәндерінің мұғалімі
«№111 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Адам байлығының ең тамашасы - бiлiм. Барлығы соған ұмтылады, бiрақ ол өзi келмейді»
Әбу-Райхан әл-Бируни
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталғанын атап көрсете келіп, «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген [1]. Осыған орай, қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Себебі, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі ғылыми - техникалық үрдістің үздіксіз, қарқынды дамуына байланысты білім беру жүйесінің алдына жаңа талаптар қойылып отыр. Ең бірінші, әлемдегі алдыңғы қатарлы өркениетті, бәсекеге қабілетті елдермен терезе теңестірудегі тұлға – жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру.
Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Ғалым академик В.М.Монаховтың пікірінше «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі».Нәтижеге бағытталған білім бугінгі заман талабы,қажеттіліктің қайнар көзі болса,нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы.
«Инновация» жаңалық , жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнын, оқытушы мен студенттің бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім беру процесіне енгізілген инновация адамның кәсіптік қызметіне тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген оқытушы мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесінен туындайды. Бұл процесс өздігінен дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогикалық маңызы екі проблеманы құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы.
Инновациялық оқытудың тиімділігі оқушылардың өз бетінше жүргізілетін жұмыс деңгейімен анықталады, өз бетінше тиімді жұмыс істеуіне қажетті тапсырманы үш түрге бөлуге болады.

  1. Теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрететін тапсырмалар.

  2. Белгілі заттар мен құбылыстарға іс жүзінде әсер етуге дағдыландыратын тәжірибелік тапсырмалар.

3.Теориялық білімді тәжірибеде шығармашылықпен қолдануға дағдыландыратын тапсырмалар.
Бұл мұғалім мен оқушының арасында өзара ынтымақтастықты жетіліре отырып, өзін-өзі анықтау, басқару, өзін-өзі жүзеге асыру үдерісінің тиімділігін арттыруға, педагогикалық және әлеуметтік-мәдени қызметін тиімді ұйымдастыруға бағытталады.
Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:
-заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:
-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
-шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
Сабақ барысында топпен, жеке, деңгейлеп жұмыс жасау үшін келесі этаптар арқылы орындаймын: 
– бірігіп жұмыс істеу арқылы жаңа сабақты бекіту; 
– өзіндік жұмыстарды оқыту; 
– өз білімдерін бақылау арқылы тексеру; 
– әр деңгейлі тапсырмаларды, есептерді таңдау арқылы шығару. 
Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Осы ойды жадымда ұстап оқушылардың алған білімдерін болашақтарына керек екендігін ескеріп, оқушылардың жас ерекшелігі мен, деңгейлерін және сыныптың ахуалын негізге ала отырып, тапсырмаларды мағыналы таңдауға тырысамын. Мәселен, 7-сыныптағы «Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ» тақырыбындағы сабағымда «Кездейсоқ доңғалақ» әдісін қолдандым, Wordwall арқылы интернет желісінде жасалған,әр доңғалаққа сыныптағы барлық оқушының есімдері мен тапсырмалар жазылды, яғни сыныптағы барлық оқушы қамтылады. Бұл әдіс өткен сабақты пысықтауға қолданылады. Жаңа сабақ барысында Bilimland платформасындағы бейнероликтер көрсетілді. Топпен жұмыс жасалып, білімдеріне қарай «төмен» және «жақсы» оқитын оқушыларға бөлмей, әр оқушының бұл сабақта жақсы баға алғысы келетінін ескере отырып, олардың білім деңгейіне байланысты әр түрлі тапсырмалар дайындадым. Оқушылар өздеріне ұнаған тапсырмаларын таңдап алды және қанша тапсырма орындау керектігін өздері шешеді. Әдетінше білім деңгейі төмен оқушылар есепті бірінші тапсырмалардан бастап орындады, ал білім деңгейі жоғары оқушылар ең соңғы тапсырмадан бастады. Бұл тапсырманы тексеру барысында орындалған тапсырмалардың көлеміне, олардың деңгейіне, әр оқушының жеке тұлғасына назар аударамын. Мұндай өздік жұмысын орындау барысында әр оқушымен жеке жұмыс жүргізе отырып, дер уақытында олардың жіберген қателерін анықтап, білімдерін толтырып отыруға мүмкіндік берілді. Сабақты бекіту кезінде «Физикалық диктан» әдісін қолдандым. Үй жұмысын беру барысында да олардың әр түрлі деңгейлерін ескеріп отырамын, олардың қайсысын орындауда оқушылар өздері таңдап алады. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынды. «Алма ағашы» үш түсті “алма” берілді. Оны алма ағашына жапсырды. Жасыл түсті алма – «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл күйім көтеріңкі»,Сары түсті алма- «Маған сабақ ұнады, мәлімет аз болды», көңіл-күйім орташа»,Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл – күйім жоқ».
Қорыта келгенде жаңа оқыту технологияларымен ақпараттық технологиялар негізінде оқыту жүйесін ұйымдастырудың тиімділігін сипаттау қолайлы. Қазіргі заман талабына сай білім алушылардың сапалы да саналы білім алуына ықпал етуші құралдарды пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды орынды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп атап көрсеткеніндей, білімді, саналы, дарынды, іскер, ойшыл болашақ ұрпақты даярлауда ең алдымен білім қажет. Жас ұрпақтың рухын оятатын, елін, жерін құметтейтін, мәдени ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім. Әрбір ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр -сыры көп әлеуметтік ортаға оқушыны бейімдеп тәрбиелеу ұстаздар қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы, 2010ж
2. Республикалық ғылыми әдістемелік журнал «Физика және астрономия» №3,2016 ж
3. Республикалық ғылыми әдістемелік журнал «Физика және астрономия» №6,2018 ж
4. Интернет ресурстары

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет