Сабақ мақсатына сай қалыптастырушы бағалау тапсырмасын дайындау



бет1/2
Дата31.12.2021
өлшемі23,89 Kb.
#23868
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Токбенбетова Э


«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНДЕ САБАҚ МАҚСАТЫНА САЙ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАСЫН ДАЙЫНДАУ
Токбенбетова Эльмира Ордабаевна

Қ.Баймағамбетов ат. №42 мектеп-лицейінің тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімі

Қызылорда облысы Сырдария ауданы
Мұғалім оқушылардың дағдысының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды жүргізеді.

Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, олардың өз дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, сабақ кезеңдерін белгілеген кезде қалыптастырушы бағалаудың әр сабақта қолданылуын ескеру керек.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына түзету енгізуіне, ал оқушыларға өз оқу жетістіктерін өздері бақылауына және одан әрі өзінің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша бағалау ынталандырушы, қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады. Мұндай бағалау түрінде оқудың жақсаруын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланыстың болуы шарт.

«Құқық негіздері» пәнінде сабақ мақсатына сай қалыптастырушы бағалау тапсырмасын дайындау тәжірибемді 9-сыныптағы «Неке және отбасы құқығы түсінігі» бөліміндегі «Заңнамада отбасы қалай қорғалған?» тақырыбы мысалында тарқатсам.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын әзірлеуде мен тиісті алгоритмді басшылыққа аламын, соған сәйкес мен 1-ші оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сай оқу мақсатын нақтылап алдым. Келесі қадам: кодталған оқу мақсатынан бағалау критериі мен Блум таксономиясына сай оқушылардың ойлау деңгейін нақтылаймын. Осы екі әрекетті басшылыққа ала отырып, қалыптастырушы тапсырманы әзірлеп, оған дескрипторлар белгілеймін.

Алдарыңызға ұсынылып отырған қалыптастырушы бағалау тапсырмасын мен жаңа сабақты пысықтап, бекіту мақсатында жеке жұмыс ретінде алмақпын. Назар аударыңыз, жоғарыда аталған алгоритмге сай жоспарлау әрекетім мына қалыптастырушы бағалау парағында берілген,


Қалыптастырушы бағалау парағы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет