Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай күйге түсер еді?! Осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді. Тіл деп сөз алсақ, сөзсіз жазу еске түсері ақиқат. Бүгінгі күні жазу мәселесі қандай деңгейде? Қаншалықты көркем жазуға, сауатты жазуға оқушыларымызды дайындап жатырмыз? Міне, осы секілді сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мектеп десек, барлық істің бастауы баспалдақта. Мектеп табалдырығын жаңа ашқан бүлдіршіндерге оқу мен жазу дағдысын үйрететін, әрине, ол бастауыш сынып. Ал, мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны анық. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны ерекше. Сауатты жазуға үйрету жұмысы грамматикаға сүйенеді. Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы керек.
Дұрыс сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға, бірсыпыра көмектеседі. Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Сондықтан да баланың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі керек. «Әдемі жазу – әдеміліктің белгісі» демекші біз ұстаздар қауымы көбіне оқушының оқуына, сөйлеу дағдысына жіті мән береміз де, каллиграфиялық дағдысына көңіл бөле бермейміз. Осы ретте Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемге жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», - деген сөзі еске түседі.
Мектептегі оқыту үрдісін сауат ашу пәнінен бастап жүргізу аса маңызды да күрделі жұмыс. Өйткені, сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылану тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап
Достарыңызбен бөлісу: |