Бастауыш сыныпта шығарма жазу жұмысын қалаптастыру



бет1/3
Дата07.11.2022
өлшемі23,84 Kb.
#48262
  1   2   3

Бастауыш сыныпта шығарма жазу жұмысын қалаптастыру

Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім – барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» десек, біздің бүгінгі тербеткен бесігіміз – мектеп! Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі. Мектептің басты тұлғасы – мұғалім.


Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдар мен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды, тұлғаны дамытудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде қарастырады, өйткені шығармашылық іс-әректтің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.
Қазақ тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары – оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі.
Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол жеткізу – мұғалімінің де шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс.
Тілді оқытуда жүргізілетін жазба жұмыстары оқушылардың жазылым әрекетін қалыптастырады. Осы әрекетті орындау үшін жазба жұмыстарының бірнеше түрлері қолданылады. Жазба жұмыстарының түрлеріне жаттығулар, түрлі мәтіндер, диктант, мазмұндама, шығарма, т.б. жатады. Жазба жұмыстарының бұл түрлері өтілген әр тақырыптың ыңғайы мен мазмұнына сәйкес белгіленіп, оқушылардың теориялық білімдерін нығайту мақсатында жүргізіледі, жазба жұмыстары бұрын өтілген грамматикалық материалды оқушылардың санасына тұрақтандырып, ақыл-ой әрекеттері арқылы тиянақты меңгеруге бағытталады.
Жаттығулар мақсатына қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығулары деп, ал тапсырмалар сипатына қарай ізденімдік, проблемалық және шығармашылық болып бөлінеді. Тіл дамыту жаттығуларында оқушының ортологиялық дағдыларын дамыту көзделеді де, тіл ұстартуда оқушының өздігінен шешім жасауына бағытталған жаттығулар топтастырылады. Ізденімдік тапсырмалар дайын оқу материалдары негізінде оқушының шешім жасауын талап етсе, проблемалық және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарға мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құру, эссе, шағын шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар және т.б. әрекеттер қамтылады.
Шығарманы жазу көркем мәтінді терең түсіну, өз ойын қисынды, дәлелді, бейнелі түрде баяндау мен тұжырым жасау дағдысын талап етеді. Бұл-әсіресе, жоғары сынып оқушылары алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі. Дегенмен, білім негізгі бастауыш сыныптардан қалана бастайтын болса, шығарманың алғашқы нұсқалары да бірінші сыныпта-ақ жазыла бастайды.
Шығарма-оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой - пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.
Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі - мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады.
Баяндауға әр түрлі оқиға, құбылыс, әрекеттерді жүйелі түрде тізбектей қысқаша немесе толық түрде әңгімелеу жатады.
Суреттеу - қандай да бір заттың өзіне тән белгілерін санамалау арқылы сөзбен бейнелеу, сипаттау. Суреттеудің мақсаты – оқушыға заттың немесе жеке адамның сипаттамасын анықтап белгілеу, талқылау ол туралы толық көрініс қалыптастыру.
Пайымдау (талдау, талқылау) қандай да бір ойды, жекелеген құбылыстарды салыстыра отырып, ұқсастығын не айырмашылығын анықтау, дәлеледеу, растау болып табылады. Осы жолмен ойдың даму барысын айғақтай отырып таратады және зат (нысан) туралы жаңа білім, түсінік қалыптастыру көзделеді.
Шығарма жұмысына дайындық кезінде жалпылама шашыраңқы сұрақтар емес, әрбір деталь ескеріле отырып, жүейлі қойылуы тиіс. Осы ізбен шығарманың кезең - кезеңі бойынша бірнеше қысқа мәтіндер құрастырылып, ең соңында бір мәтінді толық жүйелеп әңгімелеу жүргізіледі.
Оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекет қалыптастаруға болады.
Қорыта келгенде, қазақ тілі сабақтарында осындай жұмыс түрлері жүйелі ұйымдастырылып отырылса, оқушының өз ойын жаза, әрі дұрыс айта жеткізе білуі сөзсіз.
Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс. Материалдың тәртіппен өтіліп жазуға берілетінін алдын ала таңдылады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолы көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі.
Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі:
1. Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.
2. Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін, сөзді, фразаны тақтаға жазады,
оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайын қарап, бақылап отырады.
3. Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан-ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кіріседі.
4. Мұғалім партаны аралап жүріп, жазу процессін бақылайды.
5. Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателері айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.
Мазмұндама дегеніміз белгілі бір шығарманың, мәтіннің мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Мазмұндамамен шығарма жазуға қазақ тілі cабағынан арнайы сағаттар бөлінеді. Шамамен алғанда, әрбір он-он бес күнде 1 сағат бөлінеді.
Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманын мынадай түрлерін көрсетуге болады:
1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама.
2. Сурет бойьшша мазмұндама.
3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады
Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың өзін бірнеше түрге бөлуге болады:
1. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау;
2. Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту;
3. Қысқарта баяндау;
4. Толықтырып мазмұндау.
Шығарма дегеніміз оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырьш өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмысынын бірі. Әдебиеттік оқу пәндерінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындайды
Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығарма мынадай топқа жіктеуге болады:
1) Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;
2) Экскурсия бойьшша;
3) Өнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрының спектакльдері, т.б.) байланысты;
4) Оқушының іс-әрекетіне (ойын, еңбек, т.б.) байланысты тақырыптар,
Оқушылардың жазған шығармаларының көлемі шамамен:
1-сыныпта 20-30 сөз.
2-сыңьшта 30-60 сөз.
З-4-сыныпта 60-130 сөзге дейін барады.
Шығарма жұмысына байланысты мынадай кемшіліктерді атап өтуге болады:
l) шығарма белгілі бір жүйеге негізделмеген;
2) жұмыста көктемнің кейбір белгілері ғана сараланған;
3) шығарманың ойдағыдай шықпауы жүмыс жоспарының болмауынан;
4) шығарма мәтінінде бір сөздің әрі сөз тіркестерінің бірнеше рет қайталануы.

Жоспар:
1.Мазмұндама және оның түрлері
2.Мазмұндаманың ұйымдастырылуы
Мазмұндама дегеніміз – белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Мақсаты: оқушылардың алған білімін тиянақтап, тілін дамыту.
Мазмұндама оқушылардың айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады.
Бастауыш сыныпта жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келгенде мынандай түрлерін көрсетуге болады: дайын әңгіме бойынша, сурет бойынша, кино, диафильм бойынша мазмұндама.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет