Тіл білімі және Құдайберген Жұбанов



Дата06.01.2022
өлшемі15,66 Kb.
#16289

Тіл білімі және Құдайберген Жұбанов

Қазақ тіл білімі ұзақ мерзім бойы зерттеліп, дамып өсіп өркендеді. Аталмыш салада елеулі еңбектері бар Қ.Жұбановтың қосқан үлесі зор.Бұл сөзге «Буынның күші сөз екпіні», «Синтаксис тарихы», «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» сынды мақалалары, сонымен қатар «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығы, «Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе», «Буын жігін қалай табуға болады», «Қазақ тілінде бірікен сөздердің жазылуы» атты ғылыми жұмыстары дәлел бола алады. Тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры атанған Қ. Жұбановтың тілге қатысты мәселелермен шұғылдануы 1920 жылдан бастауын алады. Ол ғылыми тер­мин сөздерге қойылар талаптың басты-басты шарттарын анықтай отырып алғаш рет ғылыми анықтама берген. Термин сөздердің эволюциялық даму ерекшелігі жайында дұрыс болжам жасайды. Өзінің ғылыми методикалық жүйелеуі арқылы ғылым тілін бір ізге салуға жол аша білді.



Жалпы ғалымның ғылыми зерттеу еңбектері сан саланы қамтыған: ұлттық әдеби тілдің тарихы мен дамуы, қазақ тілінің терминологиясы, фонетикасы, грамматикасы т.б. Лингвистикадағы модельдеу,Статистикалық лингвистика бағыттарының бастамаларын зерттеу жұмыстарына кіріктіре отырып тілдің сапалық қасиеттерін зерттеуде пайдалануға болатындығын байқаған. Зерделеу жүргізу нәтижесінде фонетика объектісін анықтап, дыбыстау мүшелері, дыбыстың саны мен сапасы, сингармонизм, буын, алфавит, орфография, екпін туралы орынды пікірлер айта білді. «фонетика – дыбыс тiлi дыбыстаpының тiлдiк қасиеттеpiн тексеpетiн ғылым» деген тұжырымы әлі күнге дейін өз маңызын жоя қойған жоқ. Қ.Жұбанов еңбек еткен жылдары фонетика мен фонологияның ара жігі ажырай бастады. Ол фонема теориясын терең түсіне отырып тіл дыбыстарын фонологиялық негізде қарастыруынан «тілдік қызметі бар дыбыстарды ғана зерттеу керек» деген қағиданы байқауымызға болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет