ӨСӨЖ 7-апта Тақырыбы:Қ. Жұбанов және қазақ тілі синтаксисі Орындаған



бет1/3
Дата04.04.2023
өлшемі19,98 Kb.
#79389
  1   2   3

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті





ӨСӨЖ
7-апта
Тақырыбы:Қ.Жұбанов және қазақ тілі синтаксисі

Орындаған:Жангерей А,КИЛ-103


Тексерген:Миров М.O.

Ақтөбе,2023ж.

КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімі ғылымының алғашқы қалыптасу дәуірінде Қ.Қ.Жұбанов «қазақ тілін ғылым тезіне түсіруге» ат салысып, теориялық негізінің қалануында өзіндік ғылыми тұжырымдарын қалдырды. Ғалымның ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық тұрғыдан қалыптасуына негіз болды. Қазақ тілінің жеке мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеу профессор Қ.Жұбановтан басталады. Қ.Жұбановтың ғылыми зерттеулерінде маңызды ғылыми мәселелер көтеріліп, көбі өз шешімін тапты, ал бірсыпыра ғылыми жаңа идеялары ғылымның кейінгі дамуына әсер етті. Тілші ғалымның арнайы сөз етіп, айналысқан тілдік мәселелері әр саланы қамтиды: қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, терминологиясы, ұлттық әдеби тілдің тарихы мен дамуы, жалпы тіл білімі мәселелері .
Сонымен қатар XX ғ. 60-жылдарында ғана пайда болған «Статистикалық лингвистика», «Лингвистикадағы модельдеу» бағыттарының кейбір бастамаларын Құдайберген Жұбановтың сол кездегі зерттеулерінің өзінен-ақ молынан кездестіруге болады. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сондықтан ғалым Қ.Жұбановтың дәстүрлі қолданбалы тіл біліміне және оның қазіргі заманға сай жаңа салаларына қатысты ой-пікірлерін, тұжырымдарын саралап қарастыру дипломдық жұмыстың өзектілігін білдіреді.

Негізгі бөлім


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет