Тіл біліміне кіріспе



Pdf көрінісі
Дата01.04.2023
өлшемі228,93 Kb.
#78193


9-дәріс
ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ
4-тарау. Фонология
Фонология: тілдегі дыбыс үлгілері. 
1-бөлім
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
4. Фонология
9. Фонология: тілдегі дыбыс үлгілері. 1-бөлім
2
Әлемде мыңдаған тіл және жүздеген дыбыс түрлері бар. Әр тілдегі дыбыстың түрлерін 
сипаттау үшін ондаған қасиет жеткілікті, мысалы, қатаң, еріндік деген сияқты. Олай болса, 
тілдер неге әртүрлі дыбысталады деп сұрауыңыз мүмкін. Оның себебі – әр тілдегі дыбыстардың 
үлгісі әртүрлі. Ағылшын тілінде мұрынжолды дауыстылар бар, бірақ, олар тек мұрынжолды 
дауыссыз дыбыстар бар буындарда ғана кездеседі. Португал тілінде мұрынжолды дауыстылар 
кез келген жерде, мұрынжолды дауыссыз дыбыс болмаса да кездесе береді. Ағылшын тілінде 
song сөзінің соңғы велярлы мұрынжолды [ŋ] дыбысы сөздің басында кездеспейді, бірақ, 
вьетнам тілінде сөздің басында кездеседі.
Вьетнамда кең тараған Nguyen есімі [ŋ] дыбысынан басталады, бірақ, бұл сөзді барлығы 
дұрыс айта алмайды. Өйткені ол ағылшындық дыбыстау үлгісіне сәйкес келмейді. Спикердің 
белгілі бір дыбыстарды айту мүмкіндігі өзінің тіліндегі немесе тілдеріндегі дыбыс үлгілерін 
меңгеруіне байланысты. Сөйлеу дыбыстарының сөйлеу үлгілерін құрауын зерттейтін ғылым 
фонология деп аталады. Бұл дыбыс үлгілері қарапайым болуы мүмкін, мысалы, ағылшын 
тілінде буындар велярлы мұрынжолды дауыссыздардан басталмайды немесе g әрпі sign 
сөзінде айтылмайды да, signature біріккен сөзінде айтылады. Бұлардың кездейсоқтық емес, 
шын мәнінде дыбыстау үлгісі екеніне көз жеткізу үшін autumn және autumnal сөздеріндегі n 
әрпіне немесе bomb және bombard сөздеріндегі b әрпіне назар аударыңыз.
Фонология сөзі адамдардың өз тіліндегі дыбыс үлгілеріне байланысты білімі мен тіл 
мамандарының сол білімді сипаттауына қатысты. Фонология қай дыбыстың өз тіліңіздікі 
екенін, қайсысы өзге тілдің дыбыстары екенін және дыбыстардың қандай тіркесі сөз 
мағынасын құрайтынын көрсетеді, мысалы, ағылшын тілінде бар black сөзі немесе тілде 
жоқ, бірақ, фонетикалық ережелерге сай blick сөзі. Сондай-ақ ол сөз құрауы мүмкін емес 
дыбыстар тіркесін де көрсетеді, мысалы, *mbick. Одан бөлек фонология әртүрлі фонетикалық 
қасиеттердің сөзді анықтаудағы маңыздылығын көрсетеді, мысалы, ағылшын тіліндегі 
қатаңдық маңызды болса, мұрынжолды дауыстылар сөзді анықтауда маңызды емес. Алайда 
португал тілінде мұрынжолды дауыстымен айтылатын pão сөзі «нан» мағынасын білдірсе, a 
дауыстысы мұрынжолды емес pao сөзі «таяқ» мағынасын білдіреді. Олай болса, фонология 
морфемаларды дыбыстауды дұрыстауға мүмкіндік береді, мысалы, өткен шақ және көпше түр 
морфемалары кездесетін әртүрлі фонологиялық мәнмәтінді дұрыс айтуға көмектеседі.
Сөздер мен морфемаларды дыбыстауымыз біздің фонологиялық білімімізді айқындайды. 
Морфемалар контекске байланысты әртүрлі дыбысталады және біз оларды фонологиялық 
ережелер арқылы сипаттап көрсетеміз.
Ағылшын тіліндегі зат есімдердің басым көпшілігінің көпше түр формасы бар: cat/cats, dog /
dogs, fox/foxes. Бірақ осы көпше түр формаларының дыбысталуына көңіл аударып көрдіңіз бе?
Көпше түр морфемаларын қалай дыбыстау керектігін қайдан білеміз? -s және – es 
жұрнақтарын жалғау шатастырады. Мұндай мәселеге тап болғанда, морфеманың әр нұсқасы 
жазылған фонологиялық ортадан тұратын диаграмма жасау пайдалы. Морфеманың нұсқасы 
термин ретінде алломорф деп аталады. Ол үшін сөздер қатарынан минималды жұптарды 
іздейміз. Минималды жұп дегеніміз – бір ғана дыбыс сегменті өзгеше, қалған дыбыстарының 
барлығы бірдей, әртүрлі мағыналы екі сөз. Мысалы, cab [kæb] және cad [kæd] сөздері минималды 
жұп, тек соңғы дыбыстарында айырмашылық бар немесе cat [kæt] және mat [mæt] сөздері де 
минималды жұп, айырмашылық тек алғашқы дыбыстарында.
Тілдегі көпше түр морфемаларын және басқа да морфемаларды анықтайтын белгілі бір 
ережелер морфофонемалық ережелер деп аталады. Бұл ережелер белгілі бір морфемалардың 
айтылуына қатысты.
Horse [hɔrs] сөзінің соңғы дыбысы [s] болып айтылады, себебі, ол көпше түрдегі сөз емес. 
Демек, /s/ пен ұяң /r/ дыбысының арасында шегара жоқ. Ағылшын тіліндегі дұрыс етістіктердің 
өткен шақ формасының жасалуы дұрыс көптік жалғауларының жасалуына ұқсас. Бұрыс көптік 
жалғаулары сияқты ережеге бағынбайтын, арнайы жаттауды қажет ететін бұрыс етістіктер бар, 
мысалы: go/went, sing/sang, hit/hit және т.б. және көптік жалғаулары сияқты өткен шақтағы 
дұрыс етістіктерді анықтайтын үш фонетикалық морфема бар, олар: [d], [t] және [әd].
Фонетикалық транскрипцияда бірнеше мысал берілген. A, B және C топтарын оқыған соң, 
әрі қарай жалғастырмай тұрып заңдылықты көруге тырысыңыз.


3
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
4. Фонология
9. Фонология: тілдегі дыбыс үлгілері. 1-бөлім
A тобы gloat [glot], gloated [glotəd]; raid [red], raided [redəd].
B тобы grab [gr.b], grabbed [græbd]; hug [hʌg], hugged [hʌgd]; faze [fez], fazed [fezd]; plan [pl.n], 
planned [pl.nd].
C тобы reap [rip], reaped [ript]; poke [pok], poked [pokt]; kiss [kɪs], kissed [kɪst]; fish [fɪʃ], fished [fɪʃt]; 
patch [pæʧ], patched [pæʧt].
A тобында көрсетілгендей, етістік [t] немесе [d] дыбыстарына аяқталса, өткен шақ формасын 
жасау үшін [әd] жалғанады. Бұл сибилянттарға аяқталатын зат есімнің көпше түрін жасау үшін 
[әz] жалғануына ұқсас. B тобындағы заңдылық бойынша, етістік [d]-дан басқа ұяң дауыссызға 
аяқталса, өткен шақ формасын жасау үшін [d] жалғанады. Ал C тобына келсек, етістік [t]-дан 
басқа қатаң дауыссызға аяқталса, өткен шақ формасы үшін t жалғанады.
Көпше түр морфемасының базалық формасы /z/ болғаны сияқты, өткен шақ морфемасы-
ның базалық формасы – /d/ және екі морфеманың жасалу ережелері ұқсас. Бұл ереже де 
морфофонемалық ережеге жатады, себебі, ол өткен шақ морфемасының (/d/) жасалуын 
қадағалайды.
Аталмыш ережелерді көпше түр ережелері секілді бірінші ережеден бастап қолдану қажет.
1. Егер дұрыс етістік мұрынжолды емес альвеолярлы үзілмелі дауыссызға аяқталса, 
өткен шақ етістігінің базалық формасына [ә] жалғаңыз, нәтижесі: [әd].
2. Егер дұрыс етістік қатаң дауыссызбен аяқталса, базалық форманы [t]-ге өзгертіңіз.
Ағылшын тіліндегі өзге екі алломорф: тәуелдік морфемасы мен үшінші жақтағы жекеше 
тұлға морфемасы, s немесе es жалғану арқылы жазылады. Бұл морфемалар да көпше түр 
морфемаларының жасалу ережелеріне бағына отырып, бірдей форма қабылдайды. Ship сөзіне 
[s] дыбысын жалғасаңыз, ship’s болады; woman сөзіне [z] жалғасаңыз woman’s болады және 
judge сөзіне [әz] жалғанса, judge’s болады. Сол сияқты eat, need және rush етістіктерінің үшінші 
жақ жекеше формалары: eats (соңғы дыбысы [s]), needs (соңғы дыбысы [z]) және rushes (соңғы 
дыбысы [әz]).
Фонологиялық ережелер жеке сөздерге емес, сегменттердің қасиеттеріне негізделген және 
ол кішкентай балаларға ана тілін аз уақытта игеруге мүмкіндік береді. Кішкентай балалар әр зат 
есімнің көпше түрін, әр етістіктің өткен шақ формасын, әр тәуелдік формаларын жаттауы қажет 
емес. Ережені бір жаттап алса, мыңдаған сөздің формалары автоматы түрде белгілі болады. 
Балалар осы морфофонемалық ережелерді үйреніп алып, оларды барлық бұрыс етістіктерге, 
зат есімдерге қолдана береді, мысалы, mouses, mans және т.б., бұл грамматикалық қателікке 
жатады.
Ағылшын тілі әртүрлі фонологиялық ортада әртүрлі дыбысталатын морфемалары бар жал-
ғыз тіл емес. Көптеген тілде ағылшын тіліндегі ережелерге ұқсас ережелер арқылы сипатта-
латын әртүрлі морфемалар бар. Мысалы, батыс африкалық акан тілінде болымсыздықты 
білдіретін үш мұрынжолды алломорф бар: p-дың алдында – [m], t-ның алдында – [n] және k-нің 
алдында [ŋ] дыбысы. Мысалы:
mɪ pɛ ‘I like’ mɪmpɛ‘I don’t like’
mɪtɪ‘I speak’ mɪntɪ‘I don’t speak’
mɪkɔ‘I go’ mɪŋɔ‘I don’t go’
Жоғарыда көрсетілгендей, мұрынжолды дауыссыздардың дыбысталуын өзгертетін ереже 
гоморгандық мұрынжолды ереже деп аталады. Гоморгандық дегеніміз – «бір жер, бірдей орын» 
деген мағынаны білдіреді, олай аталу себебі, мұрынжолды дауыссыз дыбыстың артикуляция 
орны өзінен кейінгі дауыссыздың артикуляция орнымен бірдей болады. Гоморгандық мұрын-
жолды ереже – әлем тілдеріне ортақ ереже.
Алдында талданған фонологиялық ережелер белгілі бір морфемаларға ғана қолданылады. 
Алайда басқа фонологиялық ережелер дыбыстарға қолданылады, себебі, олар кез келген 
морфеманың құрамында болады. Бұл ережелер біздің жалпы тілдегі дыбыс үлгілеріне қатысты 
білімімізді көрсетеді. Бұл мысалда сондай-ақ, фонема және аллофон ұғымдары талданады. 
Фонемалар – дыбыстың негізгі формалары және айтуға немесе естуге қарағанда сезінуге жақын 
формалар. Фонемалар бір немесе одан да көп аллофондар деп аталатын дыбыстар арқылы 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
4. Фонология
9. Фонология: тілдегі дыбыс үлгілері. 1-бөлім
4
көрінеді. Мысалы, /p/ фонемасы pit сөзінде қарқынды /ph/ аллофонымен бірге дыбысталады, 
ал spit сөзінде қарқынсыз [p] дыбысы айтылады. Фонологиялық ережелер қандай ортада қай 
аллофондар айтылатынын көрсету үшін фонемаларға қолданылады.
Ағылшын тілінде дауыстылар мұрынжолды болып келетін жағдайларды анықтайтын жал-
пы фонологиялық ереже бар. Ағылшын тілінде фонетикалық түрде ауызжолды дауыстылар да, 
мұрынжолды дауыстылар да кездеседі.
Төмендегі мысалдар осыны көрсетеді:
bean [bĩn] bead [bid]
roam [rom] robe [rob]
Ауызжолды дауыстыларды яғни, фонемаларды негізгі деп ала отырып, біз мынадай ере-
жені пайымдаймыз:
Бір буында мұрынжолды дауыссыздың алдында тұрған дауысты дыбыс та мұрынжолды 
болады. Бұл ереже ағылшын тілінің дыбысталуына қатысты білімді арттыра түседі: мұрын-
жолды дауыстылар тек қана мұрынжолды дауыссыздардың алдында кездеседі, басқа еш 
жерде кездеспейді.
Мысалдарда көрсетілгендей, ауызжолды дауыстылар соңғы дыбыс ретінде және 
мұрынжолды емес дауыссыздардың алдында кездеседі; мұрынжолды дауыстылар тек 
қана мұрынжолды дауыссыздың алдында тұрады. Олардың соңында не мұрынжолды 
емес дауыссыздардың алдында кездесетін немесе ауызжолды дауыстылар мұрынжолды 
дауыссыздардың алдында кездесетін сөздер жұлдызшамен көрсетілген, демек, олар мүмкін 
емес сөздер.
Дауысты дыбыстарды шығарудағы мұндай фактілерді білмеуіңіз мүмкін, бірақ, бұл шындық.
Bean сөзіндегі дауысты дыбысты мұрынжолды етіп немесе керісінше естісек те, айтсақ та оның 
мағынасы өзгермейді. Дауысты дыбысты мұрынжолды етпей айтсақ, сөз біртүрлі естіледі, шет 
тілдік акцентпен айтылғандай болады, бірақ, bean сөзін қалай дыбыстасаңыз да ([bĩn] немесе 
[bin]) сөзі бір мағынаны білдіреді. Дәл сол сияқты, bead сөзін [bĩd] деп дауыстыны мұрынжолды 
етіп айтсаңыз, кейбіреулер сізді тұмаумен ауырып жүр деп ойлауы мүмкін, бірақ, сөз bead болып 
қала береді, мағынасы өзгермейді. Себебі дауысты дыбыстың мұрынжолды немесе керісінше 
айтылуы сөзге елеулі өзгеріс әкелмейді. Бұл жағдайды дауысты дыбыстың ұзаруымен 
салыстырыңыз. Егер bead сөзін айтамын деп bed сөзін дыбыстасаңыз, олардың айырмашылығы 
бар. Bead сөзіндегі [i] дыбысы мен bed сөзіндегі [ɛ] дыбысы – әртүрлі фонемадағы дыбыстар. 
Екеуінің орнын ауыстырып айтсаңыз, басқаша сөз шығады (немесе мүмкін емес сөз). Bead 
сөзіндегі [i] дыбысы арқылы және bead сөзін мұрын [ĩ] арқылы айтсақ, оның мағынасы 
өзгермейді. Себебі бұл екі дыбыс бір фонемаға жатады, алдыңғы жоғары дауысты дыбыс, оны 
/i/ деп белгілейміз. Сол сияқты, ағылшын тілінде қатаң үзілмелі дауыссыздардың қарқынын 
анықтайтын ереже бар: қатаң үзілмелі дауыссыздар екпін түсетін буынның алғашқы дыбысы 
ретінде кездессе, қарқынды болады.
Төмендегі кестеде қарқынды үзілмелі дауыссыздар мен қарқынсыз үзілмелі дауыс-
сыздардың айырмашылығы көрсетілген. Қарқынсыз үзілмелі дауыссыз кездесетін жерде 
қарқынды үзілмелі кездеспейді. Қаласаңыз, spit сөзін қарқынды [pʰ] дыбысы арқылы [spʰit] 
деп айта аласыз, бірақ, сөздің мағынасы өзгермейді. Алайда тыңдаушыға ерсі естілуі мүмкін. 
Себебі қарқындылық сөзге елеулі өзгеріс енгізбейді және қарқындылықты байқамай да 
қаламыз. Осылайша бұл жерде бір ғана /p/ фонемасы – қатаң қос еріндік үзілмелі дауыссыз, 
фонетикалық мәнмәтінге байланысты [pʰ] немесе [p] болып дыбыстала береді.
Аллофондардың үшінші мысалы ретінде қатаң альвеолярлы үзілмелі /t/ дыбысын тал-
дайық:
Жазылуы Фонемалық көрінісі Фонетикалық көрінісі
tick /tɪk/ [thɪk]
stick /stɪk/ [stɪk]
blitz /blɪts/ [blɪts]
bitter /bɪtǝr/ [bɪtər]


5
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
4. Фонология
9. Фонология: тілдегі дыбыс үлгілері. 1-бөлім
Tick сөзінде қарқынды [tʰ] дыбысы кездеседі, ал stick және blitz сөздерінде қарқынсыз 
[t] bitter сөзінде [ɾ] флэп дыбысы кездеседі. Бұл дыбыстардың орындарын ауыстырсақ та, 
сөздердің мағынасы өзгермейді. Bitter сөзін қарқынды [tʰ] арқылы айтсақ та, сөз өзгермейді; 
тек акцентпен айтылғандай естіледі. Осылайша, t дыбысының дыбысталуын /t/ фонемасын 
үш аллофон ретінде айтылуы арқылы көрсетеміз, олар: [tʰ], [t] және [ɾ]. Сондай-ақ бұл жерде 
фонологиялық ережені байқадық, ол бойынша қарқынды [tʰ] дыбысы екпінді буынның алғашқы 
дыбысы ретінде, қарқынсыз [t] тікелей /s/ дыбысының алдында немесе одан кейін және флэп 
[ɾ] екпінді және екпінсіз дауыстылардың ортасында кездеседі.
Фонемалар – фонологиядағы «қараңғы» тақырып; олар физикалық дыбыстар емес және 
тікелей байқалмайды. Олар – тілдің фонологиялық бірліктерінің менталды көрінісі. Сөздердің 
дыбысталуын анықтау үшін фонемаларға арналған фонологиялық ережелер болады. Сөздегі 
дыбыстар мағынасының өзгеретін немесе өзгермейтінін көру үшін басқа дыбыспен алмастыру 
– фонемаларды анықтайтын қолайлы жол.
Төменде тек дауыстыларында айырмашылық бар он екі сөз берілген:
beat [bit] [i] boot [but] [u]
bit [bɪt] [ɪ] but [bʌt] [ʌ]
bait [bet] [e] boat [bot] [o]
bet [bɛt] [ɛ] bought [bɔt] [ɔ]
bat [bæt] [æ] bout [baʊt] [aʊ]
bite [baɪt] [aɪ] bot [bat] [a]
Бұл сөздердің барлығы бір-бірімен минималды жұп құрай алады: олар тек бір дыбысы 
арқылы ерекшеленетін екі сөз. Сөздерді ажыратып тұратын екі дыбыс екі түрлі фонемаға 
жатады.
[bid] және [bĩd] жұбы әртүрлі сөздер емес; олар – бір сөздің екі түрлі нұсқасы. Себебі [i] және 
[ĩ] әртүрлі фонемаға жатпайды. Олар – бір фонеманың екі түрі.
[b_t] сөздер қатарына қарап, ағылшын тілінде он екі фонема бар деп тұжырымдай аламыз. 
Ол тізімге book [bʊk] және beak [bik] минималды жұбына тиісті [ʊ] фонемасын қоса аламыз; 
немесе boy [bɔɪ] және buy [baɪ] минималды жұбына тиісті [ɔɪ] фонемасын қоса аламыз.
Минималды жұптарды талдау барысында, он бір монофтонгты және үш дифтонгты дауысты 
дыбыс фонемалары шықты, олар мысалдарда көрсетілген: /i/, /ɪ/, /e/, /ɛ/, /æ/, /u/, /ʊ/, /o/, /ɔ/, 
/a/, /ʌ/ және /aɪ/, /aʊ/ және /ɔɪ/. Бұл тізім ағылшын тілінің басқа нұсқаларында өзгеруі мүмкін. 
Маңыздысы, әр фонеманың кем дегенде екі аллофоны бар.
Фонеманың нақты айтылатын дыбысы фон деп аталады. Бір фонеманы құрайтын 
фондардың жиынтығы фонеманың аллофондары деп аталады. Ағылшын тілінде әр дауысты 
дыбыс фонемасының ауызжолды және мұрынжолды аллофондары бар. Аллофонды таңдау 
кездейсоқ емес, оның нақты ережесі бар. Фонема мен оның аллофондарын графикалық 
түрде ажырату үшін фонемаларға / / қиғаш жақшасын, ал аллофондарға тік жақшаларды 
[ ] қолданамыз. Мысалы, [i] және [ɪ] – /i/ фонемасының аллофондары және т.б. Сондықтан 
біз bead және bean сөздерін фонемалық түрде /bid/ және /bin/ деп қарастырамыз. Олар 
сөздердің фонемалық транскрипциясы деп аталады. Дауыстылардың мұрынжолды немесе 
ауызжолды екенін анықтайтын ереже бойынша бұл сөздер фонетикалық түрде [bid] және [bɪ̃n] 
деп дыбысталады. Дыбысталу фонетикалық транскрипцияда көрсетіледі және тік жақшаға 
алынып жазылады.
Минималды жұптар арқылы тілдегі кейбір дыбыстардың кереғар болып келетінін, big 
және dig сияқты әртүрлі сөздерді білдіру үшін қолданылатынын көреміз. Бұл кері дыбыстар 
тілдің фонемаларына жатады. Кейбір дыбыстар кереғар емес және әртүрлі сөздер құрамайды.
Мысалы, [th] және [ɾ] дыбыстары кереғар дыбыстар емес, сондықтан, [raɪtʰər] және [raɪɾər] 
сөздері минималды жұп емес, ол – жай ғана writer сөзінің әртүрлі айтылу нұсқалары.
Ағылшын тіліндегі ауызжолды және мұрынжолды дауыстылар да кереғар дыбыстар емес.
Одан бөлек, әр дауысты дыбыс фонемасының ауызжолды және мұрынжолды аллофондары 
ешқашан бір фонологиялық мән-мәтінде кездеспейді оны кестеден көруге болады. Ауызжолды 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
4. Фонология
9. Фонология: тілдегі дыбыс үлгілері. 1-бөлім
6
дауыстылар кездесетін жерде мұрынжолды дауыстылар кездеспейді. Мұндай жағдайда 
фондар бірін-бірі алмастырады, яки алмастыру дистрибуциясы орын алады. Жалпы айтқанда, 
бірін-бірі алмастырушы аллофондар ешқашан бір фонологиялық ортада кездеспейді.
Дистрибуция – фонологиядағы негізгі және қызықты түсініктердің бірі, ол күнделікті өмірде 
де кездеседі. Бірінші мысал ретінде осы дәрісті атауға болады, мұнда жазу баспа әріптеріне 
негізделген. Ағылшын тіліндегі әр баспа әрпінің екі нұсқасы болады: кіші әріп және бас әріп. 
Егер жалқы есімдерді немесе акронимдерді қарастырмасақ, әріптердің жазылу ережесін құрай 
аламыз: Сөйлемнің басында кездесетін әріп бас әріппен жазылады, қалған жағдайларда кіші 
әріппен жазылады. Жалқы есімдер мен акронимдерді айтпағанның өзінде, бұл ережені толықтай 
дұрыс деп айта алмаймыз. Дегенмен осы ережеге бағынамыз. Ол төмендегі сөйлемдердің неге 
ерсі көрінетінін түсінуге көмектеседі:
phonology is the study of the sound patterns of human languageS.
pHONOLOGY iS tHE sTUDY oF tHE sOUND pATTERNS oF Human
lANGUAGES.
Бұл «сөйлемдер» ережеге бағынбайды. Соған қарамастан, сөйлемдер түсінікті, сол сияқты 
beast сөзін мұрынжолды [ĩ] дыбысы арқылы айтсақ, ол қызық естілгенімен, түсінікті болады.
Ереже дұрыс болған жағдайда, ағылшын тіліндегі кіші және бас әріптер алмастыру 
дистрибуциясында деп айта аламыз. Бас әріп тек бір контексте кездеседі, яғни сөйлемнің 
басында, ал кіші әріп қалған барлық мәнмәтіндерде кездеседі. Осылайша ағылшын тіліндегі 
әр дауысты дыбыс фонемасының әртүрлі контексте кездесетін ауызжолды және мұрынжолды 
аллофондары сияқты, әр әріптің әртүрлі жерде кездесетін екі нұсқасы немесе аллографтары 
болады. Екі жағдайда да фонеманың және әріптің екі нұсқасы алмастыру дистрибуциясында, 
себебі, олар бір ортада ешқашан кездеспейді. Олардың орындарын ауыстырғанмен яғни, 
ауызжолды дауыстының орнына мұрынжолды дауыстыны не кіші әріптің орнына бас әріпті 
қойғанмен, мағыналары өзгермейді.
Келесі мысал көлбеу жазбаға байланысты, оны бастауыш сыныптарда үйренген боларсыз. 
Көлбеу жазу баспа жазуына қарағанда сөйлеуге көбірек ұқсас. Себебі мұндай жазуда әріптер 
бір-біріне қосылып жазылады, сөйлеуде де дәл солай, дыбыстар қосылып айтылады. L әрпінің 
g әрпінен кейін (glue сөзінде) және b әрпінен кейін (blue сөзінде) жазылуын салыстырыңыз. 
Бірінші жағдайда l әрпі сызықтың астынан басталады, ал екінші жағдайда ортасынан басталады. 
Кез келген сөзде l әрпінің екі түрлі жазылу нұсқасы бар. L әрпінің жазылуы сөздің мағынасына 
әсер етпейді, қалай жазылса да l болып қала береді. Сол сияқты ағылшын тілінде дауыстының 
мұрынжолды немесе ауызжолды болып айтылуы сөздің мағынасына әсер етпейді. Әріптің 
қандай да бір нұсқасының жазылуы оның алдындағы әріпке байланысты.
Сызықтың астынан басталатын нұсқасында, әріптің алдында g сияқты сызықтың астымен 
аяқталатын әріптер болады. Ал сызықтың ортасынан басталатын нұсқасында, алдында b 
сияқты сызықтың ортасымен аяқталатын әріптер болады. L дыбысының екі түрлі нұсқасы 
алмастыру дистрибуциясына жатады.
Алмастыру дистрибуциясының бұл үлгісі тек l әрпіне ғана емес, ағылшын тіліндегі басқа 
дұрыс көлбеу әріптерге қатысты. Мысалы, sat және vat, mill және will, rock және rack жұпта-
рын талдау арқылы a, i және c әріптерінің нұсқаларындағы алмастыру дистрибуциясын көре 
аласыз. Әр жағдайда әріптің қай нұсқасы жазылатыны алдындағы әріпке байланысты.
Алмастыру дистрибуциясындағы дыбыстар бір-біріне кереғар бола алмайды. Дыбыстар орнын 
ауыстырғанымен, сөздің мағынасы өзгермейді, бірақ, ол дыбысталғанда әдеттегі ағылшындық 
дыбысталуға ұқсамауы мүмкін.
Егер фонемада бірден көп аллофон болса, оларды анықтау үшін алмастыру дистрибуциясы 
жеткіліксіз. Фондар фонетикалық түрде ұқсас болуы керек, яғни олардың көптеген фонетикалық 
қасиеті ортақ болуы тиіс. Ағылшын тіліндегі велярлы мұрынжолды [ŋ] және глоталды фрикативті 
[h] дыбыстары алмастыру дистрибуциясындағы дыбыстар; [ŋ] дыбысы сөздің басында және [h] 
дыбысы сөздің соңында кездеспейді. Бірақ оларға ортақ фонетикалық қасиеттер өте аз; [ŋ] – 
ұяң велярлы мұрынжолды үзілмелі дауыссыз; [h] – ұяң глоталды фрикативті дауыссыз. Әдетте 
өз тіліміздегі фонемаларды ерекшелейтін фонетикалық қасиеттерді білмейміз. Фонетика тілдегі 


7
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
4. Фонология
9. Фонология: тілдегі дыбыс үлгілері. 1-бөлім
дыбыстарды сипаттайды және олардың өзгеруін көрсетеді. Фонология әртүрлі фонемалар мен 
олардың аллофондарын жасаудағы дыбыс үлгілерінің қалыптасуын зерттейді.
Мағынаны өзгерту үшін дыбыстардың арасында фонетикалық өзгеріс болуы керек.
Seal [sil] және zeal [zil] минималды жұбы [s] және [z] дыбыстары әртүрлі фонемаға жататынын 
көрсетеді. Олар бір фонеманың аллофондары бола алмайды, себебі, олардың орнын 
ауыстыратын болсақ, сөздердің мағынасы өзгереді және олар алмастыру дистрибуциясында 
бола алмайды. Өйткені екеуі де [i] дыбысының алдында сөздің басында кездесіп тұр. Олар екі 
түрлі фонеманың аллофондары.
[s] және [z] әртүрлі дауыссыздар екенін білеміз: [s] – қатаң дауыссыз және [z] – ұяң дауыссыз.
Дауыссыздың екі түрлі фонетикалық қасиеті екі сөзді ажыратып тұр.
Feal және veal [f] / [v] және cap және cab [p] / [b] сөздері де осы мысалға жатады. Осындай 
фонетикалық қасиеттер екі фонеманы, сәйкесінше екі сөзді ажырататын болса, ол маңызды 
немесе фонемалық қасиет деп аталады. Фонемалық қасиетті көрсету үшін фонетикалық 
және фонемалық таңбаларды қолданамыз. Олар – сегменттердің фонетикалық қасиеттерін 
анықтайтын қысқа тәсіл. Фонемалар мен фондар бөлінбейтін бірліктер емес, олар 
молекулалардың атомдарға бөлінетіні секілді фонетикалық қасиеттерден құралған.
Тілдегі фонемаларды бір-бірінен кем дегенде бір фонетикалық қасиет ажыратып тұруы 
керек. Мысалы, /b/, /d/ және /g/ фонемалары ағылшын тілінде артикуляция орны арқылы 
ажыратылады: еріндік, альвеолярлы және тіларты дауыссыздар, бұлар – ағылшын тіліндегі 
дыбыстарға тән ерекше қасиеттер. Ағылшын тіліндегі ұяң үзілмелі дауыссыздарға тән маңызды 
қасиеттер төмендегі кестеде көрсетілген:
b m d n g ŋ
Ұяң + + + + + +
Еріндік + + – – – –
Альвеолярлы – – + + – –
Тіларты – – – – + +
Мұрынжолды – + – + – +
Кестедегі әр фонема басқаларынан кем дегенде бір фонетикалық қасиетімен ерекшеленеді.
Өзіміз көргендей, қарқындылық ағылшын тіліндегі дауыссыздың ерекше қасиеті емес. Ол – 
аса маңызды емес болжамды қасиет. Кейбір қасиеттер бір дыбыстар тобы үшін ерекше, ал 
маңызды дыбыстар тобы үшін онша маңызды болмауы мүмкін. Мысалы, ағылшын тіліндегі 
дауыссыздардың мұрынжолды болуы маңызды қасиет болса, дауыстылардың мұрынжолды 
болуы маңызды емес. Себебі ағылшын тіліндегі сөздерде /m/ мен /n/ қай жерде кездесетінін 
болжап айта алмаймыз. Ол сөздерді жаттау арқылы қалыптасады. Ал дауыстылардың bean, 
mean, comb және sing сөздерінде мұрынжолды болып келуін болжап айта аламыз, себебі 
олар тек мұрынжолды дауыссыздардың алдында кездеседі. Сондықтан мұрынжолды қасиет 
дауыстылар үшін маңызды емес. Бұл жағдай барлық тілде кездеспейді. Жоғарыда айтып 
өткендей, португал тілінде дауыстылардың мұрынжолды болуы – фонемалық қасиет.
Ағылшын тіліндегі тағы да бір маңызы төмен қасиеттердің бірі – қатаң үзілмелі 
дауыссыздардың қарқындылығы. Қатаң қарқынды дауыссыздар [pʰ], [tʰ] және [kʰ] және 
қатаң қарқынсыз дауыссыздар [p], [t] және [k] – алмастыру дистрибуциясында, демек оларды 
алмастырып қолданғанмен, сөздің мағынасы өзгермейді. Бұл қасиеттің сөзде кездесуін ереже 
арқылы болжап айтуға болады.
Қатаң дыбыста аспирацияның болуы түрлі тілдердің фонологиялық жүйесіндегі асси-
метрияны көрсетеді. Ағылшын тілінде де, тай тілінде де аспирациямен және аспирациясыз 
айтылатын қатаң дыбыстар бар, бірақ, олар екі тілде түрліше қызмет атқарады. Ағылшын 
тілінде аспирация маңызды қасиет емес, себебі, оның сөзде бар-жоқтығын болжап айтуға 
болады, ал тай тілінде болжау қиын, мысалы:
Аспирациясыз қатаң Аспирациялы қатаң
[paa] орман [pʰaa] бөлу
[tam] соғу [tʰam] істеу
[kat] тістеу [kʰat] бөлу (сөзді)


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
4. Фонология
9. Фонология: тілдегі дыбыс үлгілері. 1-бөлім
8
Дыбыстың фонемалық және нақты екенін тек фонетикалық факті арқылы ғана біле 
алмаймыз. Сөздердің фонетикалық көрінісі сөйлеушінің дыбыстың айтылуы туралы не білетінін 
көрсетеді. Сөйлемдердің фонемалық көрінісі дыбыс үлгілері туралы не білетінін көрсетеді.
Америкалық ым тілінде фонологиялық белгілер кішірек бөліктерге бөлінуі мүмкін, ол 
сөйлеу тілдеріндегі фонемаларға және маңызды қасиеттерге ұқсас. Айтылып кеткендей, олар 
қол формасы, қозғалуы және орналасуы бойынша жіктеледі. Ым тілінде де осы қасиеттердің 
бірі бойынша ажыратылатын минималды жұптар бар. Мысалы, «кәмпит», «алма» және 
«қызғаншақ» сөздері бір орында және бірдей қол қозғалыстары арқылы таңбаланады. 
Дегенмен қол конфигурациясы бойынша аздаған айырмашылық бар. «Жаз», «ұсқынсыз» және 
«құрғақ» сөздерінің таңбалануында тек артикуляция орны бойынша айырмашылық бар және 
«таспа», «орындық», «пойыз» сөздері тек қолдың қимылы арқылы ерекшеленеді. Осылайша, 
таңбалар мағынаны өзгерте алатын кішкене бөліктерге жіктеледі. Кейбір қасиеттері маңызды 
емес. Мысалы, таңбаның оң қол немесе сол қол арқылы көрсетілуі маңызды емес, ол мағынаға 
әсер етпейді.
Біз фонологиялық ережелер арқылы тілдегі алдын ала болжауға болатын аспектілерді 
көрсеттік. Ағылшын тілінде бұл ережелер дауыстылар мұрынжолды болатын немесе қатаң 
үзілмелі дауыссыздар қарқынды болатын ортаны анықтайды. Бұл ережелер барлық сөздерге 
қатысты, ойдан құрастырылған сөздерге де қатысы бар. Мысалы, sint, peeg және sparg, 
фонемалық көріністері: /sɪnt/, /pig/ және /sparg/ фонетикалық көріністері: [sĩnt], [pʰig] және 
[sparg].


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет