Тіл және ойлау.
Тілдің қызметі. Тіл мен oйлау орысязык и мышление— қоғамдық қызметтің өзара тығыз байланысты, мәні және арнайы белгілері жағынан ерекшеленетін екі түрі. Ойлау шындық болмысты бейнелеудің жоғарғы формасы, ол заттар мен құбылыстардың арақатынасың, байланыстарын жинақтап танып білуге багытталған. Адам заттың танымдық және әлеуметтік-тарихи тәжірибесі жинақталып, ойлаудың әр түрлі формаларында (ұғым, категория, теория түрінде) берілген. Ойлау процестері өзара күрделі қатынастағы үш негізгі түрден тұрады: практикалық-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөйлеу-логикалык. Ойлаудын күралы — тіл, оған баска танбалар жүйесі де жатады. Танбалык кызмет аркылы тіл ойдын материалдык күйін білдіреді. Практикалык-әрекеттік кызметтен баска ойлау түрлерінін психикалык, нағыз табиғи сипаты бар, ал тіл болса ол өзінін бастапкы жаратылысында-ак физикалык-материалдык күбылыс. Тіл мен oйлаудың байланысы қандай дәрежеде екенін және онын нақты сипатын анықтау — теориялық тіл білімі мен философияда ежелден-ақ әр түрлі пікірлер туғызған. Тіл мен oйлауды бірдей құбылыс (Ф. Э. Шлейермахер,И. Г. Гаман) немесе тілге ерекше мән беріп, оймен өте жакын құбылыс (В. Гумбольдт, Л. Леви-Брюль) деумен бірге, ол екеуінін арасындағы тікелей байланысты жокка шығарған (Ф. Э. Бенеке) пікірлер орын алған. Диалектикалык материализм Тіл мен oйлаудын өзара карым- катынасын диалектикалык бірлікте алып карастырады. Тіл сөйлеу-логикалык кызметі аркылы ойдың тікелей материалдык тірегі болып табылады. Қоғам мүшелерінін қарым-қатынас процесі ретінде тіл практикалық-әрекеттік немесе корнекі- бейнелік қызметтің нәтижесі ретінде қалыптаскан "ойдың тікелей шындығы" (К. Маркс) тұрінде қызмет етеді. Коп ғасырлар бойы тілдің көмегімен калыптаскан ойлау процесі тілдің грамматикалык кұрылысында біркатар формалды үксас категориялардың дамуына жағдай жасаған. Мысалы: бастауыш,баяндауыш, толыктауыш,аныктауыш — мағыналык категориялардың субъект, предикат, объект, атрибут сиякты түрленуіне сәйкес келеді. Тіл мен oйлаудың тарихи дамуы нәтижесінде олардын карым- катынасы езгеріске үшырап отырады. Коғам дамуының алғаш¬кы кезеңдерінде карым-катынас кұралы ретінде дамыган тіл өзі де ойлау процесіне эсер етіп отырған. Жазудың шығуы тіл¬дің ойлауға ыкпалын онан сайын күшейтті. Жалпы алғанда, ойдын жан-жакты дамуы оның тілге ықпалын арттырған. Бұл әсіресе сөз мағынасының кеңеюінен, тілдің лексикалық, фразеологиялык құрамының жетіліп отыруынан айқын байқалады.
1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
СӨЖ тапсырмасы: Тіл және ойлау. Эссе жаса