Тілдері негіздері



Дата04.05.2023
өлшемі40,09 Kb.
#89883
түріПрограмма

С/C++ ТІЛДЕРІ НЕГІЗДЕРІ
C тілі 1969 – 1973 жылдары арасында АҚШ-та Bell Tele phon Laboratories компаниясының программалаушылары Дэннис Ритчи мен Кен Томпсон бас тауы мен дүниеге келді. Бұл тілдің негізі Алголдан басталып, Паскаль жəне ПЛ/1 тілдерімен қатар пайда болды. C тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесінде программалау мен тығыз байланысты, өйткені бұл жүйе ассемлерде жəне осы С тілінде жазылып шыққан болатын. UNIX жұмыс істеу ортасы C тілін жүйелік программалау тілі ретінде елге таныстырды, ол компиля тор лар мен операциялық жүйелер жазу үшін қолайлы деп саналды, кейін нен С тілі кез келген салада програм малар жазуға да өте қолай лы тіл болып табыла тыны анықталды. Алғаш рет UNIX 1969 жылы Нью-Джерси штатындағы Bell фир ма сының лабораториясында PDP-7 компьютерінде жасалып шықты. UNIX жүйесі PDP-7 компьютерінің ассемблер тілінде жазылды.
Бұдан соң сол лаборато рияның жетекшісі Кен Томпсон 1970 жылы В деп аталған жаңа тілге арнап компи лятор жасап шықты. Осы тілді C (ағылшынша Си) тілінің негізі деп атауға болады. С тілінің алғашқы нұс қасы Б.Керниган мен Д.Ритчидің "С программалау тілі" деген кітабы арқылы бірнеше рет жарық көрді (1985-1991 жж.). Осы кітап тілдің стандарты сияқты болды, бірақ мұнда аздаған кемшіліктер бар екендігі анықталды. Сондықтан оны жетілдіру мақсатында Америка ұлттық стандарттар институтында (ANSI) Тех никалық комиссия құрылып, 1983 ж. ANSI С деп аталған тіл стандарты бекітілді. Мұнда тек программалау мəселелері ғана қарастырылмай, кең таралып келе жатқан IBM PC компьютерлеріне арналған компиляторлар жасау істеріде қамтылды. С тілін ары қарай жетілдіріп, сол Bell Tele phon Laboratories қызметкері Бьерн Страуструп "Кластары бар С" тілін жасап шығарды, ол 1983-жылы С++ тілі деген атқа ие болды. С++ тілі объектіге бағытталған программалау тілі болып саналады, ол бұрынғы С тіліне кластардың енгізілуімен ерекшеленеді.
1986 жылы Бьерн Страуструп "С++ программалау тілі" кітабын шығарды, сол кезден бері тілдің бірнеше нұсқалары пайда болып, ол қазіргі ең көп тараған тілдердің біріне айналды. Тілдің халықаралық стандарты 1998 ж. бекітілді, бұл стандарт бойынша С++ тілі C тілінің 1990 ж. бекітілген стандартына негізделеді. Бұл оқулықтағы мысалдар осы стандартты пайда ланады. Бірсыпыра фирмалар C++ тіліне арнап компиляторлар жазды, мыса лы, Borland International фирмасы 1989 ж. жасаған біріктірілген программалау ортасы TurboC++ жүйесін дүниеге келтірді. Ол DOS ортасында жақсы жұмыс істеді.
Ал 1992 ж. жасалған Borland C++ жүйесі Windows ортасында да жұмыс істейтін жақсы компилятор болып табылады. Сонымен С/С++ программалары дайындалып орындалатын біріктірілген (интег ралданған) орта DOS ортасында да жəне Windows жүйе сінде де жұмыс істей береді. Біз қарастырғалы отырған С/C++ тілдерінің негізгі ұғымдары мен опера тор лары кез келген мектептің немесе жоғары оқу орнының компьютерлерінде орнатылған ТурбоС біріктірілген ортасының редакторы арқылы немесе Visual C++ программалау ортасында теріліп орындалады. Оқулықтағы программалардың басым бөлігі С тілінде беріледі,
С++ тілінде берілген программалардың бірсыпыра өзгешеліктері бар, сондықтан олар туралы мысалдарды талдау кезінде қосымша ескертіліп айты лады. Қазіргі кең қолданылып жүрген програм маларды орындау ортасы С/С++ тілдерінің компиляторы болғандықтан, жалпы кітаптағы мысалдар кез келген трансля торда (ТурбоС, BorlandC, C++) орындала береді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет