Тілді функционалдық ТҰРҒыда зерттеудің Қазіргі ұстанымдары



бет1/3
Дата15.04.2023
өлшемі85,25 Kb.
#82748
  1   2   3

ТІЛДІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ ҰСТАНЫМДАРЫ

Тіл коммуникативтік, когнитивтік және кумулятивтік қызметін атқарғанда, өзінің түрлі деңгейлерінің бірліктерін бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып, белгілі бір жүйеге ұйымдастырып, болмыстың сан алуан қырларын бейнелеп, ғасырлар бойы халықтың жинаған танымдық тұжырымдарын, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін тұтас жалпы сигнификативтік-мағыналық жүйеге түзеді.


Қазіргі тіл білімінде, бір жағынан, тіл мен ақиқат болмыстың арақатынасын, екінші жағынан, тіл мен ойлаудың өзара байланысын тереңінен ашу жолында тілдің когнитивтік қызметін айқындауға бағытталған саласы қарқын алуда. Сол тұрғыдан келгенде, анторопоцентрлік ұстаным лингвистикалық зерттеудің маңызды әдіснамалық негізі болып танылып отыр. Адам – дүние, әлемді, болмысты танушы белсенді субъект ретінде сол дүниенің тілдік бейнесін жасаушы басты тұлға. Тіл – жалпы алғанда, адамның өз болмысы.
Тіл қызметі, ең алдымен қоғамдағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы және адам ойының материалдық көрінісі, «ойдың тікелей шындығы» (К.Маркс) деп анықталады. «Тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы» [76, 44]. «Тіл – қоғамдық қатынас мүддесіне қызмет ететін құрал» деген негізгі қағидадан жалпы тіл білімінің, соның ішінде грамматиканың ұстанымы функционалдылық болуы керек деген тұжырым туындайды», – дейді В. Шмидт [77, 222]. Тілдің коммуникативтік қызметіне басты назар аудару өткен ғасырдағы тіл біліміне тән болды. Сол себепті де тіл деңгейлерінің жеке бірліктерінің қызметін ашу мақсатында семасиологиялық бағыт кеңінен өріс алды.
Қазіргі тіл білімінің теориялық зерттеу парадигмасының антропоцентрлік басты ұстанымы тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметінің, атап айтқанда, танымдық (когнитивтік) және қарым-қатынастық (коммуникативтік) қызметтерін тереңінен ашып, айқындап, тіл білімін заман талаптарына сай жаңа сапалы деңгейге көтеруге негіз болып отыр. Тілдің осы екі қызметі оның концептуалды жүйе ретіндегі табиғатын, қасиетін айқындайды. Олар бірінсіз-бірі болмайтындай ажырамас бірлікте 79, 2 тіл болмысының екі қыры ретінде танылып, адам тіл болмысының екі қыры ретінде танылып, адам санасында пайымдалады. «Мышление начинается в лоне коммуникации; коммуникация невозможна без элементов мышления» 80, 11. Адам санасында дүние-болмыс танылмаса, адамдар арақатынасында түсіністікке не негіз болар еді, адамдар қауымдастығының негізін не құрамақ? Сондай-ақ пайымдалған, түйсінілген ой тіл болмысында көрініс таппаса, адамдар арасындағы дәнекер не болмақ? Негізінде адам өміріндегі басты әрекеттері – айнала қоршаған дүниені тану; танылған заттар мен құбылыстарды бағамдап, бағалап, сараптау; ортасында танымына орай әртүрлі қарым-қатынасқа түсу; өз ортасын өміріне лайықты игеру мен меңгеруде тілдің орасан маңызы көрінеді. «Олай болса, тілдің коммуникативтік, қатынас құралы болу қызметімен – ой-пікірді қалыптастырушы қызметімен, яғни гносеологиялық функциясымен тыѓыз байланыста, бірлікте іске асады» 81, 33. Міне, осы орайда тіл мен ойлаудың ара жігі, ара байланысы, арақатынасы туралы тіл білімінде көптен айтылып келе жатқан екі ұдай пікірге тоқталуға тура келеді. Тілдің когнитивтік қызметі тіл мен ойлаудың арақатынасын айқындағанда, көрініс табады.
Тіл мен ойлау арасындағы тығыз байланыстың кандай деңгейде екендігі туралы ғалымдар арасында қарама-қайшылықты көзқарас бар. Бір көзқарас бойынша, тіл мен ой бірегей ойдың танымдық нәтижесі ретіндегі сана мазмұны тек тіл арқылы, тілдің негізінде ғана көрінеді. Шын мәнінде тіл мен ойлауды бірдей, «ой әрдайым сөздік мәні бар бейнелеу – сөздік таңба жоқ жерде ой жоқ» деп 81, 56, осы екеуі бір құбылыстың екі жағы деген пікір екеуінің мәнін кеңінен таратуды қажет ететін сияқты. Тіл мен ойлау диалектикалық байланыста бірлікте болғанымен, олардың өздеріне тән қасиеттері бар, оларды бір құбылыс деп қарау шындық болмысқа сай келе бермейді деген де пікір бар.
Б.А.Серебренников 82 тіл мен ойдың ажырамас бірлігін ұстанатын ғалымдардың, атап айтқанда, И.Д.Андреевтің: «тілден бөлек таза ой болмайды» 83,69, К.К.Кошевойдың: «тіл мен ой ажырамас бірлікте: тіл ойсыз, керісінше, ой тілсіз болмайды» 84, 14, В.З.Панфиловтың: «адам ойы тек тілдің негізінде ғана тілде ғана көрініс табады» 85, 19 К.Маркстің: «Язык есть непосредственная действительность мысли» деген пікіріне сүйенгендерін ескертеді. К. Маркс бұл тұжырымын философтардың тіліне қатысты айтқанын келтіріп, оның тілді ойдың негізгі элементі және де ойдың басқа да элементтерінің бар екенін жоққа шығармайтынын айтады. В. фон Гумбольдттің: «Никакое мышление, даже чистейшее, не может осуществиться иначе, чем в общепринятых формах нашей чувственности; только в них мы можем воспринимать и запечатлевать его. Чувственное обозначение единств, с которыми связаны определенные фрагменты мышления для противопоставления их как частей другим частям большего целого, как объектов субъектам, называется в широчайшем смысле слова языком»,- деген анықтамасы бойынша қандай да болмасын ойдың негізінде «кең мағынада» айтылған тіл жатады 86, 301.
Б.А.Серебренников тіл мен ой арақатынасы жөнінде ойын былайша қорытады: «Мышление без слов так же возможно, как и мышление на базе слов. Словесное мышление – это только один из типов мышления» 82, 85. В.А.Панфилов тіл мен ойдың диалектикалық бірлікте екенін, ойдың ықпалында болғанмен, тіл өз алдына жеке құбылыс екенін және оның да ойға өз ықпалы болатынын айтады 87, 3.
В. Гумбольдт тілді ойды құрайтын «орган» (Dіe Sprache іst das bіldende Organ des Gedanken) дей келіп: «Интеллектуальная деятельность и язык представляют собой ... единое целое», «Хотя мы разграничиваем интеллектуальную деятельность и язык, в действительности такого разделения не сушествует», – деп тұжырымдайды 86, 68-75. Ғалым тіл мен ойдың біртұтас құбылыс екенін айта отырып, екеуінің арасында шектеуліктің болатынын жоққа шығармайды. Ғалым халық рухы мен тілінің іштей астасып жататынын айта келіп, тілді халық рухы сомдайтын күш, дүние болмыстың рухқа айналуы, тілдің ішкі формасы арқылы жүзеге асатының айтады. Ол өз ойын былайша түйіндейді: «... язык – это мир, лежащий между миром внешних явлений и внутренним миром человека»  88, 304.
В. фон Гумбольдттың осы қағидасын әрі қарай зерделеген ғалымдардың ішінде Л.Вайсгербер жеке тілдік категориялар халықтың өзіне ғана тән рухтық «космос», өзіне ғана тән болмыстың бейнесін жасайды, әр тіл өз алдына «аралық дүние» («промежуточный мир» – «Zwіschenwelt») болып танылады деп тұжырымдайды 89, 100. Бұл арада болмыс, ойлау мен тіл арақатынасына байланысты тағы бір көңіл аударарлық бір жағдай бар. Л.Вайсгербердің қағидасы бойынша, ойды қалыптастыратын, оны бағдарлайтын күш тілдік формалар – тілдік формалар ойлаудың алдын орайды, «dіe gestaltende Kraft der Sprache « - тілдің қалыптастырушы (сомдаушы) күш әр тілдік қауымның дүние танымын біржола алдын ала қалыптастырып қояды 89, 11-18. Л.Вейсгербер В.Гумбольдттің тіл мен ойлаудың ара қатынасына байланысты теориялық тұжырымдарына сүйене отырып, оны біржақты түсініп, тіл ойды қалыптастырады, түрлі тілдік құрылым түрлі ойлау құрылымын қалыптастырады деп пайымдайды 89, 20.
Шындық дүние мен ойлау арақатынасында тіл олардың аралығында тұратын өз алдына жеке құбылыс деп тұжырымдау бірыңғай қабылдана бермейді. Г.В.Колшанский былай дейді: «Язык ... не может рассматриваться в качестве барьера между человеком и миром или самостоятельным познавательным механизмом, наделенным такими качествами, которые дают ему возможность представлять по-своему этот мир и доносить его до человеческого сознания. В принципе остается действительным лишь двуединство «мышление-мир», в котором формой существования мышления выступает язык, сохраняющий все существенные свойства мышления, а следовательно, в итоге и все свойства предметного мира» 78, 19. Адам санасында таным негізінде объективті дүниенің бейнесі қалыптасады, ол – адам санасындағы идеалды болмыс, оның материалдық тұлғасы – тіл. Қоршаған дүниенің бір бөлігі ретіндегі адам мен шындық болмыстың арасындағы диалектикалық байланыс осы екеуінің арақатынасында көрінеді, ал тіл – сана болмысының тұлғасы дәрежесінде объективті шындықпен астасып жатады, басқаша болуы мүмкін де емес 78, 15. Тіл өз алдына жеке-дара дүние емес, дүние-болмысты игерудің түрі («форма овладения миром») деген Г.В.Колшанскийдің ойы түсінікті 78, 25. «Ойлау мен тілдің арақатынасы қатар өмір сүретін екі құбылыстың жай бір-біріне әсер ету қатынасы емес, мазмұн мен форманың диалектикалық бірлігі болып табылады. Бұл бірлікте алғашқылық, айқындаушылық қызмет ой-санада болады, өйткені ол шындық дүниенің идеялық бейнеленуі болғандықтан, өзінің тілдік формасын жасайды» 81, 56 дегенде, ойлау мен тілдің арақатынасы, табиғаты айқындала түседі. Мазмұн мен форманың арасындағы байланысты ашқан кезде, екеуінің диалектикалық бірлікте екенін анықтаған жөн. Тілдік форма жай ғана дыбысталу емес, ол осы құбылыстың материалдық жағы ретінде оның идеалдық жағы – мазмұнмен қарама-қарсы, екінші жағы болғанмен, олар ажырамас бірлікте болатыны тілдік форманың идеалды мазмұнның ықпалымен қалыптасқанынан, сомдалғандығынан көрінеді. Осы заңдылықты А.П.Комаров былайша сипаттайды: « Языковое звучание есть не просто звучание, но звучание, тщательно обработанное, строго оформленное, изваянное идеальным, одухотворенное и, следовательно, несущее в себе идеальный момент в виде следов, отпечатков мыслительной деятельности. Форма ... есть проявление идеального, его материальное воплощение, «его иное», его переход в свою противоположность – в материальное» 90, 20. Ал Б.А.Серебренников ойлау тілдің қатысынсыз болады деген тұжырымын адам санасында жалпылау (ойлау) дыбыстық комплекстерден көп бұрын пайда болады деп тұжырымдайды 82, 71. Г.В.Колшанский адам санасындағы болмыстың белсенді түрдегі бейнеленуі сөз тудыру процесімен бір уақытта өріледі десе де, танылған объективті дүние табиғи дыбыстық тілде адам санасында, ойында қалыптасқан дүниеге айналатынын айта келіп, ойлаудың тілдің алдын алатыны (ашығын айтқанда, ойлаудың тілден бұрын болатыны) ойлау мен тілдің бірлігін бұзбайтынын айта келіп «тілдің объективті дүниеге тікелей қатысы жоқ, ол ойлаудың, ойдың бейнелеуші әрекетін берудің тәсілі»,- дейді 78, 11. «В формировании картины мира язык, как мы уже говорили, выступает не демиургом этой картины, а лишь формой выражения понятийного (мыслительно-абстрактного) содержания, добытого человеком в процессе своей деятельности (теории и практики) 78, 25. Дүние-болмыс – ой – тіл құбылыстарының арақатынасына байланысты жоғарыда айтылған ойларын қорыта келіп, ғалым тіл мен ойды бірлікке тоғыстыра отырып, оларды «языковая мысль – мир» байланысында қарастырады 78, 24.
А.П.Комаровтың ой мазмұны мен тіл семантикасының арақатынасы туралы пікірі ерекше, атап айтқанда, ой бейнесінің мазмұны мен тілдік семантиканың арасында онтологиялық жаѓынан болсын, функциялық жағынан болсын, ауқым жағынан болсын, ешқандай айырмашылық жоқ; ойлау әрекеті мен сөйлеу әрекеті – екі әрекет емес, екеуі де – әрекеттің бір түрі; тіл мен ойлау арақатынасы, түптеп келгенде, тілдің материалдық (дыбыстық), идеалдық (мағыналық) жақтарының бірлігіне саяды; болмыстың екі түрі: объективтік шындық – тілде екіаралық қатынас бар, объективтік шындық – ойлау – тіл тұрғысындағы үшаралық қатынас болмайды; дүниенің екі бейнесі жоқ, концептуалдық (ойлық) және лингвистикалық (тілдік) деп ажырату методологиялық қасаңдыққа апарып, тілдік және тілдік емес сананы мойындап, «тіл – ойдың тікелей болмысы» деген негізгі тезиске қайшы келеді 91, 130.
Белгілі лингвист Э.Бенвенист тіл мен ойлаудың тығыз байланыста екенін айта келіп, екеуінің ара қатынасын тереңірек пайымдап, екеуін жалғастырар категорияларды мұқият зерделеген жағдайда олардың ара салмағы айқындалатынын айтады 92, 104-114. Дүниетану, тілде бейнелеу үдерісінде, жалпылау-абстракциялау негізінде қалыптасқан ұғымдар 93, 192 семантикалық категориялар ретінде дүние бейнесінің тілдік көрінісі болып танылады
Болмысты тану үдерісінде адам санасында қалыптасқан ұғымдық категориялар қалыптасады, олар адамзатқа ортақ (универсалды). Ол ұғымдық категориялар тілдік категориялардың негізін қалайды. Ұғымдық категориялар адам санасында жеке концептілерден тұрады, олардың тұтастық жүйесі танылған дүниенің тілдік бейнесін құрайды. Болмысты концептуалдандыру үрдісін, болмыстың тілдік категорияларға жүйеленуін – категоризациялануын, олардың әр тілде өзіндік сипат алу жағдайларының заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының саласын жаңа тұрғыдан «концептивтік лингвистика» деп атау да ұсынылып отыр 94.
Тіл білімінің тарихында тілдік мағына теориясы әрдайым зерттеуші ғалымдардың назарында болды және де осы теория ауқымында тілдік мазмұн (языковое содержание) мен ұғымдық мазмұн (понятийное содержание) ара қатынасын айқындау мәселесі маңызын жоғалтпады. Өйткені тілдік семантиканың жалпы теориялық сипаты осы тұрғыдан ғылыми негізделе алатыны айқын болды да, жалпы грамматикалық семантиканың қыр-сырын аша түсу қазіргі тіл білімі теориясының ең өзекті мәселесіне айналды. Осы бағыттағы ғылыми зерттеудің бастауында В.Гумбольдт, А.А.Потебня теориялары жатты. Тілдік семантика мен ұғымдық мазмұнның байланысы мен ара-жігін айқындау, түптеп келгенде, тіл ғылымы мен философияға ортақ мәселе, ол тіл мен ойлаудың ара қатынасын ғылыми негізде пайымдауға негіз болады.
В.Гумбольдттің тіл табиғатын, оның болмысқа, ойлауға қатысын пайымдауы қазіргі тіл білімі теориясын дамытуда ерекше маңызды. Тілдің ішкі формасы туралы ғалымның тұжырымдары тіл табиғатын зерттеуде жаңа қырларынан айқындала түсуде. Тілдің ішкі формасы туралы ұғым сол кезеңдегі тіл туралы ілімнің негізгі мәселесіне айналып, В.Порцигтің 95, 150 айтуынша, В.Гумбольдттің осы теориялық тұжырымынан тіл ғылымы өз бастауын алады, тіл білімінің өз алдына жеке-дара ғылым болып қалыптасу кезеңі болып есептеледі. В.Гумбольдт дүние болмысының халық санасында қалыптасқан танымдық бейнесі халық рухының негізі ретінде сол халықтың тілімен іштей кірігіп кеткенін, олардың бірінен-бірінің туындайтынын баса айта отырып, « тіл – халық рухының тікелей сыртқы көрінісі; оның тілі – оның рухы, ал оның рухы – оның тілі, осылардан өзгеше соншалықты ұқсастық-үйлесімділікті толығынан пайымдаудың өзі оңай емес», – дейді 96, 42. Ғалым халық рухы мен тілінің іштей астасып жататынын тереңдете келіп, тілді халық рухын сомдайтын күш, дүние- болмыстың рухқа айналуы тілдің ішкі формасы арқылы жүзеге асады дейді.
Шын мәнісінде тіл таным құралы бола тұра, танушы субъектінің таным шеңберін біржола құрсаулап шектей алмайды, өйткені тілдің өзі де –Гумбольдтша айтқанда, рухтың тынбас әрекеті, ол да әрқашан қозғалыста, даму үдерісінде 86, 70. Тіл адам қоғамы дамуының жемісі ретінде онымен, оның дамуымен үндес, өзектес бола отырып, диалектикалық бірлікте болады 97, 6. Әр ұрпақ өзінен бұрын қалыптасқан дүниетанымды бойына жинаған ана тілін үйреніп, сол арқылы дүние-болмысты игеріп өседі, бірақ ол танушы субъектінің шындық болмысты әрі қарай тануын шектемейді, ойлау процесі өз заңдылықтарымен әрі қарай дами береді, оның нақты көрінісі болатын тіл де өзіндік заңдылықтарымен болмыстың тілдік суретін қалыптастыра береді. Ойлау мен тіл диалектикалық бірлікте бола отырып, біріне-бірі әсер етіп, үнемі даму үстінде болады. Дүние-болмыс – объективтік шындық ретінде адамзатқа ортақ, оның адам санасындағы тану үрдісі де ерекше. Таным нәтижесінде қалыптасқан жалпы ұғымдық категориялар әр тілде өз жүйелік-құрылымдық сипаттарына, заңдылықтарына сай тұлғаланады. Адам болмысы мен таным әлемін тұтастай қамтитын адам рухының әрекеті тіл арқылы көрінеді, сол әрекет нәтижесінде дүниенің тілдік бейнесі түзіледі. Тілді осы тұрғыдан зерттеуге бағыт алған тіл теориясының қазіргі парадигмасы – когнитивті лингвистика қарқынды даму үстінде. Оны болашақтың лингвистикасы деген де пікір бар 98, 4. Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы аталатын адам санасында қалыптасқан мазмұндық бірлік концептілер жүйесі дүниенің концептуалданған бейнесін құрайды. Дүниенің бейнесі – образдар жүйесі, ол фотографиялық суреттер жиынтығы емес 98, 63. М.Хайдеггер осы тұрғыдан келіп: «...при слове «картина» мы думаем прежде всего об отображении чего-либо, картина мира, сущностно понятая, означает не картину, изображающую мир, а мир, понятый как картина 99, 103. Б.А.Серебренников ойлау мен тілді бір деп қарайтын зерттеушілерге ќарсы шығып, тіл – шындық болмыстың сәулесі («не отражает») емес, ол болмысты бейнелейді («а отображает») дейді 82, 6. Жоғарыда аталған ғалымдардың пікірімен келісуге болады, себебі тіл болмыстың айнадағыдай суреті емес, тіл де – болмыстың жиынтық образы, бейнесі, оныњ адам дүниетанымы ретінде қабылдау керек. Адам өз таным үдерісінде дүние-болмыстың идеалды бейнесін жасайды, ол – адам ойының, адам рухының белсенді таным әрекетінің жемісі, демек, дүниенің бейнесі, – түптеп келгенде, объективті шындық болмыстың адам санасындағы субъективтік образы 100, 21. Осыған байланысты «дүниенің тілдік бейнесі» деген атаумен қатар «дүниенің тілдік суреті» деген де қолданыс бар 101. «Дүниенің тілдік бейнесі» мен «дүниенің тілдік суреті» мәндес болып келгенімен, кейінгісінің дүниенің фотографиялық суреті емес екенін пайымдасақ, дүниенің тілдік суретінің осы бір тылсым құбылыстың мәнін аша түсетіні анық. Абай былайша айтқан екен: «Ақыл, ғылым – бұлар кәсіби. Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек» 102, 219. Дүние-болмыстың адам санасындағы «жайғастырып» бейнеленген суреті – адам ойында сарапталған, ой сүзгісінен өткен, түйсінілген тұлғасы. Осыған орай М.Хайдеггердің мына сөзі Абай ойын аша түседі: «Чем шире и радикальнее человек распоряжается покоренным миром, чем обективнее становится объект, тем субъективнее, т.е. выпуклее, выдвигает себя субъект, тем неудержимее наблюдение мира и наука о мире превращается в науку о человеке, в атропологию» 103, 227-228. Адамның дүниені тануы шексіз, адамның өзі сол объективті дүниенің бір бөлігі, бір тұлғасы, сондықтан да субъективті образдың өзі объективті дүниеден алшақ кетпек емес, өйткені бұл жерде адам қоғамдастығы мен табиғат жеке-дара емес, астасқан бірегейлікте; адамның өзі – сол табиғаттың бір құрандас бөлшегі. Дүние бейнесі, суреті – жеке бір тұлғалық пайымдау емес, адамдар қауымдастығында адамға тән барша ғылымның нәтижесінде жүйеленген ғылыми тұжырымы. Жоғарыда айтқан шексіздік шындық болмыстың сол дүниенің ғылыми бейнесінен әрқашан да кең, ауқымды болып қала беретіндігінен 69, 12. Оның абсолютті болмысын тану мүмкін емес те, әр ашылған қыры болмысты айқындай түседі, сол шындыққа жақындата түседі.
А.П.Комаров айтқандай, дүниенің екі бөлек бейнесі: концептуалды және тілдік бейнесі жоқ. Шындығында дүние бейнесін екіге жіктеп, екі түрлі атаумен атап отырғанда, сөз екі бөлек құбылыс туралы болуы керек деген ой тумауы керек. Түптеп келгенде, дүниенің концептуалды бейнесі мен дүниенің тілдік бейнесінің негізі – біреу-ақ. Өйткені дүние-болмыс – біреу, онда өмір сүретін, оны танитын, игеретін де – адам. Адамзаттың даму тарихында өзін қоршаған дүниені тануы, игеруі ортақ болмыстың жалпы концептуалды бейнесі болып қалыптасқан. Ол қаншама халықтардың тілдерінде дүниенің тілдік жиынтық бейнесі ретінде көрініс табады. Дүниенің концептуалдық бейнесі тұрақты да әмбебап 104, 273, оны болмыстың тұтас ауқымды образы ретінде бір жүйеге тоғыстырылған жеке тілдік бейнелер бірін-бірі толықтыра отырып қалыптастырады. «Тот или иной язык и создаваемая им картина мира составляют неразрывное единство, а все языковые картины мира вместе взятые наиболее полно и всесторонне отражают объективный мир. Но в силу единства языки и картины мира последние объединимы на основе дополнительной связи» 105, 10. Сондықтан да дүниенің концептуалды бейнесі тілдік бейнесінен ауқымды да әлдеқайда күрделі болып келеді 106, 57. Дүниенің концептуалдық бейнесі бүкіл адамзаттың белгілі бір даму сатысында, өркендеу үдерісінде адам қоғамында әр салалы нақты ғылыми зерделеу нәтижесінде қалыптасады, сол себепті ол – дүниенің сан-салалы қырларын мейлінше толық қамтуға тырысады, ол бүкіл адамзаттың рухани құндылығы. Ал дүниенің тілдік суретін белгілі бір этнос, ұлт дүниені пайымдауы, түсінуі, түйсінуі, тануы негізінде өз тілінде қалыптастырады. Екеуінің бірлікке тоғысатын жері – біреу, ол – шындық болмыс, соңғысының мазмұнында объективті жақтармен қабат субъективті қырларының болуы ажырата қарауға негіз болады. Сонымен бірге дүниенің тілдік суретінің ауқымы тіл иесі ұлттың, этностың тарихи-әлеуметтік даму деңгейімен тығыз байланыста болады 69, 21.
Дүниенің тілдік суретінің көрінісі – сол тілдің тұтастық жүйесі, оның негізін адамның дүние-болмысты тану әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан семантикалық жүйе – тілдің мазмұндық тұлғасы құрайды. Тілдік жүйе дүниенің суретін жасағанда, тек семантикалық-мазмұндық деңгеймен шектеліп қалмайды, әйпесе дүние бейнесі толық болмаған болар еді. Толыққанды сурет тілдік жүйенің барлығы дерлік деңгейлерінің бірлігіндегі категориялдық ұғымдық тұтастықта ғана көрініс табады 107, 170. Тілдің танымдық (когнитивтік), қарым-қатынастық (коммуникативтік) қызметтерін, тілдің болмысын зерделегенде, лингвистердің алдында тілдің ішкі формасын – тілдің категориялдық ұғымдық тұлғасын пайымдау мәселесі тұрады.
Тілдік жүйені, оның бірліктері мен категорияларын зерттегенде, тіл білімі тарихында қалыптасқан екі бағдар бар: олар семасиологиялық және ономасиологиялық. Тіл жүйелілігін айқындайтын семасиологиялық бағыт тілді тілдік таңбалар жүйесі (система знаков) тұрғысынан сипаттайды, яғни ол болмыс туралы ақпараттарды қалыптастырып, оны хабарлауға бейімделген код ретінде анықталады 108, 43. Тілдік таңбалардың – тілдік бірліктердің «мағыналық жақтарын, семантикалық заңдылықтарын» семасиология зерттейді 76, 79. Екінші сөзбен айтқанда, «тілдік бірліктен» (форма) «тілдік мазмұнға, мағынаға» (содержание, значение) бағытталған тілдік тұлғалардың мазмұнын, мағынасын, функциясын ашуды көздейтін, тіл жүйесін тұтастай осы тұрғыдан зерттейтін сала. Семасиология қағидасын кең тұрғыдан: сөз/сөйлеу (речь) → тіл жүйесі/тілдік форма → мазмұн (внеязыковое содержание) бағытында зерделеу деуге болады 50, 4. Тілдік форманың қандай мағына беретінін айқындау адамдар арасындағы тыңдаушы мен сөйлеушінің қатынасында тыңдаушыға тән болады, яғни тыңдаушы сөзді естіп, оның қандай мағына, мазмұн беретінін пайымдайды. Ал осы арақатынаста сөйлеуші тұрғысынан келгенде, оған жоғарыдағыға қарама-қарсы бағыт тән, яғни айтушының ойында дүниені тану процесінде қалыптасқан ұғым, мазмұн, мағынадан тілдік формаға бағытталып, адам санасында түзілген ой мазмұнын тыңдаушыға жеткізетін тілдік тұлғаларды айқындайды. Тілді осы тұрғыдан зерделеуді «ономасиологиялық бағдар» дейді. Оны В.П.Даниленко былайша айқындайды: мазмұн (внеязыковое содержание) → тілдік форма/тілдік жүйе → сөз/сөйлеу (речь) 50, 3. Тілді, тілдік жүйені зерттегенде, осы екі бағытты өз орнында жеке-дара және де оларды үйлестіре ұстанудың маңызын белгілі лингвистер О.Есперсен [ 109], В.Матезиус 110, А.В.Бондарко 111 баса айтып, тіл білімі теориясын дамытуда олардың өзектілігін көрсеткен. Тілдің жүйелік-құрылымдық сипатын ашуда семасиологиялық бағыт басым болса, тіл білімінің кейінгі кезеңіндегі өзекті мәселесі - тілдің когнитивтік-функционалдық сипатын айқындауында ономасиологиялық бағыттағы зерттеудің маңызы ерекше. Оған дүние-болмыстың тілдік бейнесін жасайтын ауқымды ұғымдық категориялардан бастау алатын семантикалық категориялар табиғатын ашу қажеттілігі негіз болады.
Тілдің негізгі қызметтерінің маңыздысы – ой көрінісі десек, онда оның өзін тұтастай бір когнитивтік (дүниетанымдық) процесс деп түсінген жөн. Тіл – адамның болмысты пайымдауы, түйсініп, меңгеріп, түйген тұжырымы, бүкіл бір халықтың рухы, даму тарихы болып табылады. Тілдің мазмұндық негізін түрлі категориялардан түзілген болмыстың тілдік бейнесі құрайды. Сол тілдің ішкі терең құрылымында жатқан, дүние тану барысында қалыптасқан семантикалық категорияларды толық ашу, олардың қыр-сырына терең бойлау – қазіргі тіл білімінің ең өзекті мәселесі .
Тілдің мазмұндық тұлғасын тереңірек зерттеуге А.А.Потебня 112;113, И.А. Бодуэн де Куртенэ 114, О.Есперсен 109, И.И.Мещанинов 64, В.В.Виноградовтар 115 ғылыми негіз жасады. Тіл білімінің мазмұндық тұлғадан тілдік тұлға бағыты – ономасиологиялық теориялық бағыт тілдің функционалдық негізін ашуға бағытталған. Әлемдік тіл білімінде функционалдық зерттеулердің әр кезеңде түрлі бағыттары болды.
Сондай бағыттардың бірі ретінде тілдік бірліктердің сан алуан функционалды-семантикалық қырларын ашып, олардың сөйлеу әрекеттеріндегі түрлі қызметтерін айқындайтын функционалды грамматиканың профессор А.В.Бондарко іргесін қалап, теориясын дамытып келе жатқан моделі кеңінен танымал болып отыр 66. Бұл бағыт И.И.Мещанинов, О.Есперсен, И.А.Бодуэн де Куртенэ, В.В.Виноградовтардың еңбектерінен бастау алды.
Тіл білімі аумағында грамматика әр кезде де функционалды болған. Тілдік тұлғалар әрқашанда да екі жақты: материалдық пен идеалдықтардың диалектикалық ажыратылмас бірліктері. Материалдық жағы дыбыстық көрініс тапса, идеалдық жағы белгілі бір мағыналық сипат алады, оны көпшілік жағдайда қызметі (функциясы) тұрғысынан айқындаған. Сондықтан да кез келген тілдік бірлік форма (түр) мен функциядан (мағынадан) қалыптасады да, ол тұлғалық жағынан да, оның қызметі жағынан да сипатталады. Тіл білімінде тілдің ішкі жүйесін өзіне тән бірліктері негізінде әр алуан деңгейге жіктей отырып зерделейді. Соның ішінде ұзақ зерттелген деңгейі – грамматика. Грамматика шектеулі тар мағынасында морфология мен синтаксис деңгейлерін қамтып, тұлғаларының қызметтері мен мағыналарын ашу мақсатын алға қойды.
Дәстүр бойынша, тіл білімінің назарында көбіне тілдің жеке деңгейлік бірліктерінің тұлғасы мен қызметі болды да, олар түбегейлі зерттеліп, деңгейлік дәрежедегі ішкі категориялар сараланды, нәтижесінде қай тілдің болмасын фонологиясы, морфологиясы, синтаксисі, лексикологиясы мен фразеологиясы тереңінен зерттелді. Атап айтқанда, дәстүрлі грамматикада негізінен сөздердің түрлену заңдылықтарын, олардың сөз таптарына топтасуын және негізгі атауыш сөз таптарының категорияларын морфологиялық деңгей зерттесе, сол сөздердің бір-бірімен байланысу, сөйлем құру заңдылықтарын, олардың категорияларын синтаксистік деңгейде синтаксистік категориялар ауқымында атқаратын қызметтері сипатталған. Бұл мақсат көпшілік тілдер тұрғысынан түбегейлі түрде орындалған деуге болады.
Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы ғылыми негізде жиырмасыншы ғасырдың басынан бастап тереңірек зерттеле бастады. Осы уақытқа шейін орыс тілінде практикалық мақсатта жазылып, қолданыста болған қазақ тілінің грамматикаларынан «мақсаты, міндеті жағынан да, құрылымы мен мазмұн бүтіндігі, жүйе-желісі жөнінен де бөлек, түбірімен мүлде жаңа сапалы...» 1, 4 «Тіл – құрал» атты еңбегі арқылы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ грамматикасының ғылыми негізін қалады. 1913-1915 жылдарда жазылған «Тіл – құрал» 70 қазақ тілі грамматикасының терминологиялық аппаратын теориялық тұрғыдан ана тілінің төл сөздері негізінде қалыптастырған, аз уақыт ішінде өзінен көп ғасыр бұрын бастау алып дамыған, ғылыми тұрғыдан кемелденген еуропа тілдері грамматикаларының деңгейіне жеткен еңбек болды. Ол қазақ тілінің негізгі үш жүйесін: «Дыбыс жүйесі мен түрлерін», «Сөз жүйесі мен түрлерін» және «Сөйлем жүйесі мен түрлерін» зерттеп, тыңнан түрен тартқан «қазақ грамматикасының шын мәніндегі «төл басы» болды 70. Айтса, айтқандай, Қазақ грамматикасы сол кезеңнен бері академиялық грамматика деңгейінде жазылған 1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі», 1967 жылғы екі бөлімді «Қазақ тілі грамматикасы», 2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасы» – «Тіл - құралдың» заңды мұрагері ретінде сол бастаудың алтын арқауында қазақ грамматикасын жаңа ғылыми деңгейлерге көтерген жалғасы. Бәріне ортақ ұстаным «Қазіргі қазақ тілі» дегенде, тілдің құрылысындағы негізгі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлерін жеке-жеке алып семасиологиялық бағытта сипаттауы, ал осы үрдіс өткен ғасырдың 60-70-інші жылдарында жазылған еңбектерде жалғасын тапқан. Атап айтқанда, 1969 жылғы М. Балақаев, Т. Қордабаевтардың «Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис» 116, 1974 жылғы А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі. Морфологиясы» жеке-жеке жарық көрді. Ал 1967 жылы жарық көрген «Қазақ тілі грамматикасы» морфология мен синтаксисті қамтыды. Бұл грамматика негізінде қазақ тілінің морфологиялық тұлғасы – сөз формасының өзгеру заңдылықтары мен оның парадигматикалық, синтагматикалық қызметтерін айқындау, соның негізінде негізгі атауыш сөз таптарының морфологиялық категорияларын толығынан сипаттауға арналса, екінші бөлімі – синтаксисте сол кезеңде өзекті болған, сол деңгейде зерделенген сөз тіркесінің, сөйлем мүшелерінің, жай сөйлемдердің, құрмалас сөйлемдердің тұлғалық құрылымы мүмкіндігінше толық сипатталып, түрлі қызметтері айқындалған.
2002 жылы осы өткен уақыттар аралығындағы көптеген соны зерттеулер нәтижелерін теориялық тұжырым ретінде қамтыған «сипаттамалы нормативті (академиялық)» «Қазақ грамматикасы» тілдің төрт деңгейін: фонетикасын, сөзжасамын, морфологиясын, синтаксисін зерделейді. Бұл грамматика да семасиологиялық, яғни «формадан функцияға» бағытталған осы тұрғыдағы бұрынғы грамматикалардан оның басты ерекшелігі - сөзжасамның қазақ тіл білімінде жеке тілдік деңгей ретінде сипатталуы және синтаксистің сөз тіркесінен, сөйлемнен басқа жоғары деңгейдегі синтаксистік бірлік ретінде күрделі синтаксистік тұтастықты, сонымен бірге синтаксистік синонимияны зерделеуі 1. Қазіргі қазақ тілінің грамматикаларына ортақ сипат – семасиологиялық бағыт және де тіл деңгейлерін жеке-дара өз алдына сипаттау, сонымен бірге грамматиканың тар ұғымында бірде тек морфологиялық және синтаксистік деңгейлермен шектеу (Қазақ тілінің грамматикасы, 1967), бірде грамматика ауқымына олардан басқа деңгейлерді қоса қарастыру (Қазақ грамматикасы, 2002).
Неміс тілінің грамматикасының даму үрдісінде де осындай жағдай айқындалады. Неміс тілінің алғашқы жазба түріндегі грамматикасын он алтыншы ғасырдың ортасында латын тілінде И.Клайус (Johann Clajus) жазған екен 117. Сол кезде латын тілінде қалыптасќан грамматикалық терминдер күні бүгінге шейін қолданыста. Әр кезеңде грамматикалық терминдерді төл неміс тілінде атауға талпыныс болғанмен, кең қолданыс таппады. Мысалы, сөз таптарының атауларын ғана салғастырып қарасақ, жоғарыда айтылған ойды дәйектейді. Неміс тілдері грамматикаларында зат есім – das Substantіv, сын есім – das Adjektіv, есімдік – das Pronomen , етістік – das Verb деп аталып келеді, белгілі тіл маманы И.Ербен  118 зат есімді das Nennwort, яғни атауыш сөз, етістікті das zustand – oder vorgangschіldernde Aussagewort – қалып немесе уақиғаны (суреттеуші) баяндауыш сөз, сын есім мен үстеуді бірге таптастырып das chrakterіsіerende Beіwort – сипаттаушы қосалқы сөз, есімдікті größenbezüglіche Formwörter – есімдер үшін қолданылатын түрлі сөздер деп атайды да, өзінің алпысыншы жылдардан бері Германияның жоғары оқу орындарында кең қолданыс тапқан грамматикасында ғалым өзі ұсынған негізгі зат есімді das Nennwort, етістікті das Aussagewort, сын есім мен үстеуді das Beіwort, есімдіктерді dіe Formwörter деп қолдана отырып, негізінен бұрыннан қалыптасып қалған латын терминдерін қолдана береді. Оның себебін біз былайша пайымдаймыз. И.Ербен қолданған терминдер мағыналық жағынан сөз таптарының бір қырын ғана ана тілі сөзінің мағынасында ашады да, латын терминінің ауқымды жалпылауыш шамасынан тарлау тұрғыдан атайды. Зат есімді Nennwort – атауыш сөз деп, оның тек қызметін меңзесе, латын термині осындай сөздердің болмыста заттарды атайтынын көрсетеді, етістікті Aussagewort деп атағанда, етістіктің негізгі семантикалық мағынасынан алшақтап, оның сөйлемдегі атқаратын қызметін ѓана көрсетеді. Сонымен бірге бұл термин латын тіліне грек тілінің «сөз, ой» атауынан енгендігіне меңзеп, немісше қолданылған. Неміс грамматикаларында етістіктен жасалған сөйлем мүшесін Prädіkat / Satzaussage – баяндауыш деп атайды. Ал осы сөз табын көпшілік жағдайда Tätіgkeіtswort (іс-әрекетті білдіретін сөз), Zeіtwort (уақытты білдіретін сөз) деп те атау жиі кездеседі [77, 196]. Кейінгі немісше терминдер етістік сөз табының мағыналық сипатын аша түседі, бірақ бір ғана қырына назар аударылады да, өте ауқымды етістік сөз табының о бастан қалыптасып қалған латын терминіне қайта оралуына мәжбүр етеді. Осы себепті де қазіргі неміс тілінің кең тараған грамматикаларында 119; 120; 121; 122; 123, академиялық Дуден грамматикасында да латын тектес грамматикалық терминдер кеңінен қолданылып келеді 124.
Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ тілі грамматикалық терминдерінің тағдыры о бастан ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының кемеңгерлігі арқасында біржола және түбегейлі ана тілінің төл терминдері болып шешілген, сол арқылы қазақ тіл білімі ұлттық ғылым болып қалыптасты 70, 51. Қазақ тілі грамматикалық терминдерінің ерекшеліктерін Ахмет Байтұрсынұлының тілдік атауларға о бастан қазақтың байырғы сөздік қорынан лайықты сөздерді дәл тауып, грамматикалық категориялардың мағыналары мен қызметін терең түйсіне отырып қолданғанынан көреміз. Сонымен бірге ғалымның сол байырғы сөздерді жаңа да тың ауқымда қолданып, оларды ғылыми терминдік дәрежеге жеткізгені үлкен жаңашылдығымен қатар қазақ тілінің ғылым тілі бола алатын кең де терең мүмкіншілігі бар бай, әлеуетті тіл екендігін нақты түрде дәлелдеді. Ол қолданған грамматикалық терминдердің өздері атап тұрған грамматикалық құбылыстардың негізгі қасиетін дөп басып атауы дәрежесінен оның әлем тіл білімі ғасырлар бойы адымдап жеткен деңгейге қазақ тіл білімін ғарыштық жеделдікпен жеткізкізгенін көруге болады 125.
А.Байтұрсынұлының грамматикалық терминдері өздерінің мотивациялық негізделуі тұрғысынан екі тұрғыда қалыптасқан деуге болады. Бірінші жағдайда атаулар сол грамматикалық құбылыстың негізгі семантикалық категориялды сипатына сай дөп басып айтылған, мысалы,

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет