Тілші-ғалым Ә.Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі – көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне тікелей байланысты. Ал тілдің үшінші бір қызметі, ғылыми терминмен айтқанда аккумулятивті қызметі деп аталады. Ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сөйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын қасиеті…тіл фактілері мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз керек» дейді.
Тілдің табиғаты - дегеніміз тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. Неміс ғалымы Франс Рок тіл биологиялық құбылыс, оны құдай жаратқан деп есептеді. Бұл пікірді ғылым ғалым Авгутсь Шмихер де қолдады. Олар тілді биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі дейді. Ал егер бұлай болған болса тіл атадан балаға тұқым қуалау арқылы беріліп отырады. әрине бұл пікір дұрыс емес. Тіл атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс та емес. Ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын кейінгі ұрпақтың алдыңғы ұрпаққа үйреніп отыратын нәрсе. Себебі жаңа туған бала өз ата – анасының тілінде сөйлеуі де, сөйлемеуі де, мүмкін. Жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата – анасынан басқа болса ол бала сол тілде сөйлеп отыратын даусыз. Яғни бұл тілдің биологиялық құбылыс емес екендігінің дәлелі. Ал екіншісі бір топ ғалымдар Г. Штейнталь А. Патебния тілді психологиялық құбылыс деп білді. Бұл пікір бойынша тілді Құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адамның өзі туғызды дейді. Жаңағы пікір сияқты , бұл пікір де қате еді. Егер тіл рухтың туындысы болса онда әр адамның жеке өз тілі болған болар еді. Тұтас халықтардң ұлттық тілі болмас еді. Жеке адамның тілі ұжымда ғана дамиды. Олай болса тіл психологиялықта құбылыс емес биологиялық та құбылыс емес. Тіл - қоғамдық құбылыс себебі қоғам үшін , қоғам мүшелері бір – бірімен пікір алысу үшін қызмет етеді. Тіл - қоғам бар жерде ғана болады. Адам жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде пайда болса, тілде сол заманда пайда болады. Қоғамсыз тіл , тілсіз қоғам болмайды.